Балаларының тіс зақымдануының қарқындылығының жасына және экоаудандарына байланысты жағдайы(шымкент қаласы)

Балалардың тіс зақымдануы қазіргі кездің өзекті мәселесі. Бұл жағдайды Беларусияда, Өзбекстанда,Таджикистанда және Қазақстан Республикасында орын алады.[1,2,3,4,5] Шымкент қаласында балалардың тіс зақымдануы экологиялық жағдайға байланысты толық зерттелмеген.

Жұмыстың мақсаты: балаларының тіс зақымдануының экоаудандарына байланысты жағдайын зертеу.

Зертеу материалдары мен әдістері:Балалардың тіс жағдайы немесе стоматологиялық статусын Оңтүстік Қазақстан облысының тіс аурулар емханасының стоматологиялық амбулаторлық есеп кітапшасынан және Дүниежүзлік Денсаулық Сақтау Ұйымының есеп-қысап құжатарына сәйкес алынған мәліметтерді ескере отырып жасалған.Балалардың тіс жағдайын анықтау үшін тісжегініңтаралуы мен қарқындылғын стоматоло-гиялық әдістермен зертелінді. ТЖП-тісжегі+пломбылау(біттемелеу), ТЖПАТ- тісжегі+пломбылау (біттемелеу) + алып тастау (жұлу) көрсеткіштері бір балалаға көрсетілген.

Зертеу нәтижелері: Балаларда тісжегінің таралуы мен қарқындылығы Шымкент қаласы бойынша 79,2-%-ға және 3,82 тең болды.

Шымкент қаласының солтүстік-шығыс аймағында 58,7-%-ға және 3,2 тең болды, яғни қаланың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 26,9 және 16,7%-ға төмендейді. Балаларда тісжегенің

таралуы оңтүстік- шығыс аймағында 68,5%-ға, қарқындылығы және 3,2тең болды, қаланың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 13,5 және 37,2%-ға төмендейді .

Шымкент қаласының солтүстік-батыс аймағында тісжегінің таралуы 78,6%-ға тең болды, оның қарқындылығы 3,6 құрайды, қаланың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 0,8 және 5,8%-ға төмендейді. Бұл көрсеткіштер 1-кестеде және 1,2 суреттерде көрсетілген.

49

Ескерту: СШ- солтүстік-шығыс: ОШ- оңтүстік- шығыс: СБ- солтүстік-батыс: ОрА- орталық аймақ: ОБ- оңтүстік –батыс.

Балаларда тісжегенің қарқындылығы.

Шымкент қаласының орталық аймағында 90,4%-ға тең болды, оның қарқындылығы 3,6 құ-райды, қаланың орташа көрсеткішімен салыстырғанда таралуы 14,1 -ға өссе, ал бұл топта қарқындылғының жоғарылауы 15,1%-ға тең болды.

Шымкент қаласының оңтүстік-батыс аймағында тісжегінің таралуы 99,7%-ға тең болды, оныңқарқындылығы 5,5 құрайды, қаланың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 25,8 және 43,9%- ғажоғарылайды.

Қорытынды:

  1. .Шымкент қаласының балаларының тіс зақымдануының таралуы мен оның қарқындылғы экоаудан- дарға байланысты жағдайы әртүрлі деңгейде өзгереді.
  2. .Шымкент қаласының балаларының тісжегінің таралуының ең кіші мәні солтүстік-шығыс аймақта орын алды.Оның денгейі 58,7%-ға тең болды, қаланың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 13,5 төмендейді.
  3. .Тісжегінің таралуы мен қарқындылғының ең үлкен жоғарылауы оңтүстік –батыс аймақта орын алды, оның өсу денгейі қаланың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 25,8%-ға және 43,9%-ға ға тең болды тең болды.

Әдебиеттер.

  1. .Рождественская, Н.В. Эффективность профилактики и лечения кариеса зубов у детей раннего возраста / Н.В. Рождественская. — Автореф. дисс. канд. мед. наук. Волгоград, 2002. - 22 с.
  2. .Терехова Т.Н., Шаковец Н.В., Кленовская М.И. Заболеваемость кариесом зубов детей 5-7 лет в Беларуси/ Medicina stomatologina: publicatie oficiala a asociatiei stomatologilor din republica Moldova (ASRM). – 2007, январь. – с.44-45.
  3. .Саидова Н.Б. Распространенность кариеса зубов у детей, проживающих в сельских районах республики узбекистан // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2015. – № 12-9. – С. 1617-1620;
  4. .Хамадеева А.М., Турдыев Б.З., Косимов М.М. Эпидемиология кариеса зубов у населения республики Таджикистан // Современные проблемы науки и образования. – 2016. – № 3.;
  5. . Орманов Е.К.Профилактика стоматологических заболеваний-основа деятельности детской стоматологической поликлиники.// «Актуальные вопросы организации стоматологической помощи населению. Инновационные техно-логии» - Алматы, 2008.-С.54-56.
Жыл: 2019
Қала: Шымкент
Категория: Медицина