Балалардың тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесіне байланысты антитотықтырғыш және майлардың үрдістерінің интегралды көрсеткішінің жағдайы

Кіріспе; Қорғасын айнымалы валенттілігі бар ауыр металдар тобына жатады. Химиялық элементтердің бұл тобына липидердің еркінрадикалды тотығу процестерін бастау қабілеттілігінде маңызды рөл атқарады. Қорғасын және оның тұздарының осы процестерге әсерін зерттеу бойынша кейбір нақты нәтижелер белгілі. Өз жұмыстарында Н.Ж.Орманов,У.А.Жумабаев [1] қорғасын эритроцитте, өкпеде, бүйректе және бауырда липидтердің асқын тотығуын белсендіре алатынын көрсетті. Эксперименталды және клиникалық зерттеулерде авторлар эритроциттердегі каталазаның, глутатионпе-роксидазаның, супероксидди-смутазаның және қалпына келтірілген глутатионның белсенділігінің және қорғасынның әсерінен бауыр тінінің бір жақты төмендегенін атап өтеді. Мыс, қорғасын, мырыш және кадмий тұздары эксперимент 15-ші күні жануарларға әсер еткенде қышқыл фосфатазаның белсенділігін арттырды .

Осылайша, қорғасынмен уыттануда әртүрлі клиникалық көріністерін тудырады деп айтуға болады. Қорғасынның уытты әсерінің патогенезінде ықтимал жолдардың бірі жасушалық мембраналардың тұрақсыздануы, еркінрадикалды реакциялардың күшеюі болып табылады, онда липидтердің тотығуының бастамашысы қорғасын болады. Липидтердің асқын тотығу процестерін ұзақ немесе қарқынды белсендіру антиоксидті ферменттердің қатты жұмсалуына алып келеді. Осыған байланысты антиоксиданттық фармакотерапияның жаңа препараттары жалпы патогенетикалық әсердің алдын алу және емдеу құралдары ретінде сәтті пайдаланылуы мүмкін[2,4].

Жұмыситың мақсаты: Балалардың тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесіне байланысты липидтердің және антитотықтырғыш үрдістерінің интегралды көрсеткішінің жағдайын зертеу.

Зертеу әдістері: Балалардың тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексін GreenVermillion және Ю. А. Федорова-В. В. Володкина әдістеріарқылы анықталды[2].Липидтердің асқын тотығу және антоксидантты жүйелердің интегральды көрсеткішін Н.Ж.Орманов әдісімен зертелінді[3]

Зертеу нәтижелері:Облыстық тұрғындарының ішінде балаларда ауыз қуысының гигиеналық жағдайының деңгейінің төмендегені анықталды (ГИ= 2,6 ± 0,05, индекс PMA = 34,0 ± 0,45%), тіс жиегісімен ауру көрсеткіштерінің жоғарылауы кезінде жұмсақ тіс қағының саны өскен (Шымкетте 6 жастағыларда - 96, 12 жастағыларда- 90, 15 жастағыларда-98) және тиісті қалыптағы көрсеткішке қарағанда стоматологиялық денсаулық деңгейі 33,2-ға төмендеген.

Тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесін Грин-Вермиллион және Ю.А.Федоров-В.В.Володкинаның әдістерімен аңықтағанда қандағы антитотықтырғыш және липидтердің асқын тотығының өнімдерінің топтасуының интегралды көрсеткіші 3 жасқа дейінгі балалардың ( 1-топ) бірінші сатысында 19-ға, екінші сатысында 31-ға, үшінші сатысында 43-ға, төртінші сатысында 51- ға, бесінші сатысында 71-ға төмендейді(Кесте-1).

Кесте 1 –Түркестан облысының Шымкент қаласында тұратын балалардың тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесіне байланысты АТЖ мен ЛАТ үрдістерінің интегралды көрсеткішінің жағдайы

Төрт пен алты жас аралығындағы балалардың ( 2-топ) тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесіне байланысты: бірінші сатысында 25-ға, екінші сатысында 34-ға, үшінші

сатысында 44-ға, төртінші сатысында 53-ға, бесінші сатысында 60-ға азайды.

Жеті мен 12 жас аралығындағы балаларда ( 3-топ) гигиеналық индексінің бірінші сатысында 19-ға, екінші сатысында 28-ға, үшінші сатысында 42-ға, төртінші сатысында 53-ға, 15 жасқа дейінгі балаларда бірінші сатысында 17-ға, екінші сатысында 28-ға, үшінші сатысында 39-ға, төртінші сатысында 49-ға төмендеді.

Он үш пен 12 жас аралығындағы балаларда ( 4-топ) гигиеналық индексінің бірінші сатысында 19-ға екінші сатысында 28-ға үшінші сатысында 42-ға төртінші сатысында 53-ға азайды

Тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесінің көрсеткіштері бесінші топтағы ( он үш пен он бес жас аралығында) балалардың бірінші сатысында 17-ға, екінші сатысында 28-ға, үшінші сатысында 39-ға, төртінші сатысында 49-ға төмендеді.

Ауыз қуысының гигиеналық индексінің төмендеу деңгейіне байланысты балалардың қан гемолизатын-да антитотықтырғыш жүйесінің және липидтердің еркін радикалды тотығу өнімдерінің интегралды көрсеткіші дәреметті , нақтылы түрінде төмендейді, бұл жағдай тіс жегісінің (шіріген) жағдайында организмде антитотоқтырғыш жүйенің әлсіреуіңің (депресиялық) және липидтердің асқын тотықтарының өнімдерінің шамадан тыс топтасуының нәтижесінде орын алғандығын дәлелдейді (Сурет - 1,2).

Топтар

3 жасқа дейін

6 жасқа дейін

12 жасқа дейін

15жасқа дейін

Орташа жалпы

Бт

1,00,05

1,00,06

1,00,05

1,00,05

1,00,05

1

0,810,07*

0,750,06*

0,810,07*

0,830,06*

0,800,05*

2

0,690,08*

0,660,07*

0,720,08*

0,720,07*

69,70,04*

3

0,570,09*

0,560,08*

0,580,07*

0,610,08*

0,580,03*

4

0,490,10*

0,470,10*

0,470,11*

0,510,10*

0,480,03*

5

0,290,17*

0,400,12*

-

-

0,340,02*

Ескерту: * - р0,05 бақылау тобымен салыстырғандағы дәреметтілік көрсеткіш;

1, 2, 3, 4 және 5 – Тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесі ( Грин-Вермиллион және Ю.А.Федорову-В.В.Володкина көрсеткіші);

Бт –бақылау тобы.

54

Қорытынды

1. Тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесін Грин-Вермиллион және

Ю.А.Федоров-В.В.Володкинаның әдістерімен аңықтағанда қандағы антитотықтырғыш және липидтердің асқын тотығының өнімдерінің топтасуының интегралды көрсеткіші 3 жасқа дейінгі балалардың ( 1-топ) бірінші сатысында 19-ға, екінші сатысында 31-ға, үшінші сатысында 43-ға, төртінші сатысында 51- ға, бесінші сатысында 71-ға төмендейді.

Әдебиеттер

1. Орманов Н.Ж. Қорғасын. Асқын тотығу гомеостазы және фитофармакология. Шымкент, 2011, 256 бет

2. Супиев Т.К., Улитовский С.Б., Мирзабеков О.М., Супиева Э.Т. Профилактика стоматологических заболеваний: учебник. – Алматы,2009. – 446с

3.Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Маханбетова Г.С., Досанова С.Н., Динамика интегрального коэффициента свободно-радикального окисления липидов и антиоксидантных систем в лимфоцитах у больных хронической интоксикацией соединениями фосфора под влиянием кобавита и иммуномодулина //Вестник ЮКГМА №4 (24) Шымкент, 2005. С. 220-223

4.ОрмановЕ.К. Состояние свободно-радикального окисления липидов в крови у детей в зависимости от гигиены полости рта.//Вестник ЮКГМА. г.Шымкент, 2010.-№4(49).- С.23-25.

Жыл: 2019
Қала: Шымкент
Категория: Медицина