Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңінің өнері мен идеологиясының ерекшеліктері

Мақалада Беғазы-Дәндібай мәдениеті кезеңінің өнері мен идеологиясының ерекшеліктері көрсетілген. Қазақстанның қола дәуірі тайпаларының мәдениетіне қатысты деректерді талдай отырып, аталмыш кезең тайпаларының дүниетанымдық аспектілеріне ғылыми тұжырым жасалған. Ғылыми мақалада Қазақстан археологиясына, соның ішінде қола дәуірінің Беғазы-Дәндібай мәдение-тінің тайпаларының дүниетанымының және өнерінің ерекшеліктеріне қысқаша талдау жасалынды. Сонымен қатар, аталмыш мәселені зерттеген ғалымдардың ғылыми ой-пікірлері келтірілген.

Кілт сөздер: Дәндібай-Беғазы,Орталық Қазақстан, археологиялық қазба жұмыстар, өнер ескерткіштері, археологиялық мәдениет, дәстүр, молалар, дүниетаным.

Дәндібай-Беғазы заманындағы (біздін заманымыздан бүрынғы X—VIII ғасырлар) тайпалар мәдениетінін дамуы тетелес үш дәуірге-өтпелі, кемелді және соңғы дәуірлерге бөлінеді. Атасу заманынан Дәндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі дәуір Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың катарына Ақсу-Аюлы II, Ортау II, Байбала II, Бесоба, Бұғылы III комплекстері жатады. Бүл ескерткіштерге тән сипат — бір жағынан, андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің: тұрпаты ерекше бейіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардьң пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктетілген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі, ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясында тұрған малшы тайпаларда кенінен тараған. [1]

Соңғы қола дәуірінің өтпелі кезеңін, яғни әуелгі Беғазы дәуірін Ақсу-Аюлы II (Қарағанды қаласының онтүстігіне таман) жерлеу комплексі бәрінен де гөрі толық сипаттайды. Бұл комплекс біріне- бірі ұқсас төбешік обалардан құралған, обалардың етегі қабырғасынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталармен айнала белдеуленген. Бұлар патриархаттық-семьялық қауымдардың рулық бейіттері емес, патриархаттық-рулық, коғамның неғұрлым көрнекті мүшелерінің қабірлері. Мол ішкі құрылыстары бар мұндай бейіттер тұрпатының пайда болуы соңғы андрон дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы ХШ— XI ғасырлар) мүлік теңсіздігінің шығуы нәтижесінде Орталық Казақстан тайпаларында бола бастаған өзгерістерді көрсетеді.

Ақсу-Аюлы II комплексіндегі ең үлкен обанын биіктігі 2 метр, диаметрі 30 метр. Үйіндінің астынан бір-біріне жалғасқан төрт тас құрылыс-үш қоршау және үлкен-үлкен төрт тақта тастан жасалған шомбал тас жәшік шықты. Бірінші, сыртқы қоршау, қабырғасынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталардан құ- ралыпты. Екінші қоршау әдейі іріктелген тік бұрышты тақталардан көлденең қалау техникасы арқылы салынған. Қалау сол кездегі жердің бетінен басталыпты. Дуалдардың төменгі жағы тіп-тік, ал жоғарғы жағы аздап ішке карай иілген. Бұл- соңғы қола дәуіріндегі құрылыс техникасына тән әдіс, мұнда артылта қалау арқылы жалған күмбез жасау шешімінің бастамасы көрінеді. Үшінші кіші қоршау екіншісіне жалғастырылған. Ол тік бұрышты түрде салыныпты, бірақ бұрыштары иілген. Екінші қоршау сияқты, бұл қоршау да эллипсоид бітімдес. Онын батыс және шығыс дуалдарының маңдайшасына қосымша бір-бір үлкен тақта орнатылған. Құрылыс төбесінін негізгі салмағы осы тақталарға түсірілген.

Сонымен, ішкі қоршау бейне бір екі дуалмен және айналма галереямен қоршалған үй сияқты. Бейіт тамның ортасында, аумағы 4 шаршы метрдей, терендігі 1,5 метрдей казылған шұңқырдан шомбал тас жәшік шықты. Оның үстіне екі үлкен тақта тас жабылыпты. Бір кезде тігінен орнатылған және там төбесінің орталық тірегі болған нақ осындай ірі тақталар жәшіктің қасында да жатыр.

Бүкіл құрылыс алаңын тығыздалып тапталған және калыңдығы жарты метрдей балшық, құм, қиыршық түйір тас араласқан қабат басып жатыр. Бұл қабат дуал тіректеріне дейін жеткізіліпті. Мұның өзі дуалдар мен баска тіректердің орнықтылығын қамтамасыз етіп, бүкіл құрылыстың астын нықтаған. Киыршық, түйір тас, саз балшық қабірдің астына да құйылған. Өтпелі дәуірдегі бірқатар басқа бейіттік тамдардың кұрылымы да осындай немесе осыған жақын [2].

Соңғы қола дәуірі тайпаларының шаруашылықтағы прогресі және бәрінен бұрын, жайлаулы, кейін көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты мал санының ұдайы көбеюі жерлеу ғұрпынан да аңғарылады, бұл ғұрып бойынша өлікпен қоса ол жейді деп ет салынатын болған. Қабірлерде үй жануарларының сүйектері көп. Құрбанға шалынатын малдар үшін тіпті арнаулы тас жәшіктер қойылатын болған.

Дәндібай-Беғазы мәдениетінің кемелді дәуіріне жататындар-Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау III, Саңғыру I, III зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы I—III қоныстары және басқалары. Бүл қорымдар мен қоныстар тұрғын үйлері мен ғұрыптық-табыну үйлерінің архитектуралық- құрылыстық формаларының дәйектілігімен, шар тәрізді керамиканың жаңа түрлерінің әр алуандығымен сипатталады. Әсіресе, Беғазы тауының сілемдерінде орналасқан Беғазы тақта тас-қоршаулары айта қаларлық.

Беғазыдағы ескерткіштер тобында бір тектес алты қоршау бар, көлемі жағынан бұлардың екеуі көзге түседі. Беғазы құры-ыстарының негізі — кіретін дәлізі, айналма галереясы мен тіреуіш тас бағандары бар аралас тұрпатты құрылысарлық ескерткіштердің іргелері 0,8—1,2 метрдей тереңдіктен жерге көмілген. Беғазы монументтері бір камералы немесе екі камералы құрылыстардан түрады; бұлар шаршы бітімдес, ал шаршының төрт жағы әлемнің төрт жағына қарай бағдарланған. Ішкі шаршьшың дуалдары жерге қазылып орнатылған, тігінен қойылған жалпақ гранит тақталармен қапталған немесе кырлы тастардан белдеулей қаланған. Соңғы жағдайда қалау кұрамы өте тығыз лаймен бекітілген. Құрылыстың көмілген бөлігінің жиегінен жоғары, жер бетінде, биіктігі бір метрдей дуал бар. Ол сыртынан тігінен қатарластырып жерге қазып орнатылған, бір-біріне тығыз қиюластырылған үлкен-үлкен гранит тақталармен қапталыпты [3].

Беғазы ескерткіштерін салу үшін сұр түсті граниттің өте үлкен кесектері іріктеліп алыныпты. Мұндай гранит құрылыстарға жақын жерден шыққан. Құрылыстың кейбір тік бұрышты тақталарының салмағы үш тоннадай. Дуалдар берік, әрі орнықты болуы үшін бұл тақталардың биіктігінің үштен бірі жерге көмілген, соның өзінде олардьщ жазық жерден биіктігі 2-2,5 метрдей.

Ұзын, жақсылап қырланған, төрт бұрышты тас бағандар тік тіреулер мен қосымша тіреулер етіп орнатылған. Тігінен қойылған қаптама тақталардың түйіскен жерлері, ішкі және сыртқы қоршаулардың бұрыштарының жалғасқан жерлері солармен нығайтылған. Оның үстіне, дуалдармен бірге олар бейіттік құрылыстың ауыр тас төбесін тіреп тұр. Үлкен қоршаулардағы мұндай бағандардың саны 14-ке жетеді. Құрылымы мен орнатылу мақсаты жағынан олар қола дәуіріндегі тұрғын үйлердің ағаш тірек бағандарына ұқсайды. [4]

Беғазы комплексіндегі ең ірі құрылыстардың бірі — шаршы түріндегі тақта тас қоршау, оның сыртқы орамасы 9,6X9,6 м, ішкі орамасы 6X6 м. Қоршаудың ішкі дуалдары қапталып, 0,7 метрдей қазылып орнатылған. Дуалдың жалпы биіктігі 2,1 м, ал жер бетіндегі биіктігі 1,3 м. Екінші, сырттағы дуалдың да биіктігі сондай—1,3 м. Қаптамамен екі арадағы қуыс тастың сынықтарымен толтырылған, лай кұйылып, әбден тығыздатылған. Осы екі метрдей дуалдың муқият тегістелген үстіңгі беті қыш ыдыстарды және басқа заттарды қоятын сөре болған. Сынықтардың тым көптігіне қарағанда, сөреде ондаған жүқа керамикалық ыдыс тұрса керек. Құрылыстың сыртқы дуалдарын қаптаған абажадай гранит тақталар сөрені жауып түрған. Солардың және ішкі қоршаудың төбесі есебінен үйдің бүкіл айналасы бойынша айналма галерея жасалған. Құрылыстың барлық дуалдарын бітімі төрт қырлы қатар-қатар тірек бағандар ұстап түр. Ішкі үйдің төбесі бірнеше қатар тақта тастардан құралған. Төбені жабу үшін қолданылған тақта тастар мөлшері жағынан ішкі үйдің тіректерінің аралығына сай келеді, ал ішкі үй тас бағандар арқылы үш метрлік екі бөлікке бөлініпті. Ішкі үйдің үзындығын екіге бөлу алты метрлік ұзындықты қысқарту, оны үш метрлік тақта таспен жабуға болатын ету қажеттігіне байланысты. Мұндай төбенің бір шеті мықты дуалға, екінші шеті құрылыстың ұзына бойына қатар-қатар орнатылған ішкі бағандарға тіреледі. Мавзолейдің шығыс жағындағы кіреберіс ірі, биік, «қошқар» тақта тастармен қапталған, бұл — мәжусилік бейіт тамның маңыздылығын білдіретін болған. Кіре берісте үзындығы 9 м, көлденеңі 4 м дәліз салыныпты. Ол белдеулей қалау әдісі бойынша қырлы тастан қаланған. Табыттан алыстаған сайын дәліз дуалыньң қалыңдығы мен биіктігі кеми береді.

Беғазыдағы бай «мавзолейлердің» көңіл қоярлық ерекшеліктерінің бірі-діни-ғұрыптық заттар-ды кою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелген алтарьлық орын. Бірінші қоршауда бүл — құрылыстын, астына ор қазғанда қалдырылған жер стол немесе сөре. Ішкі үйдің батыс қабырғасына жалғастырылған керте столдың үстіне үш тас баған орнатылған. Олардың айналасындағы стол бетіне май мен органикалық қалдықтар сінген. Мұнда толып жатқан қой сүйектері түрінде құрбан шалудың және ас берудің іздері сақталыпты. Құрбан шалу столына көптеген қыш ыдыстар қойылатын болған. Әр түрлі керек-жарақтар да, сәндік заттар мен қару-жарақ та осында тұрған.

Қола дәуірінде Қазақстан аумағы Андронов мәдени-тарихи қауымдастығына кірген болатын. Осы Андронов қауымдастығы қалдырған мәдениет көне дәуір мұрасын зерттеушілерінің назарын аударды. [5]

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Оңтүстік Сібірден Оралға дейінгі үлкен аймақтың қола дәуірі ескерткіштерін А.Н. Зырянов, Р.Г. Игнатьев, және бұлардан кейінірек Ф.Д. Нефедов, А. Гейкель, Н.Г. Минко, В.Я. Толмачев, С.А. Теплоухов, А. Тугаринов және М.П. Грязновтар зерттеді.

1923 жылы С.А. Теплоухов “Андронов мәдениеті” деген терминді енгізгеннен кейін ғана ғалымдар Қазақстан жерінде зерттеле бастаған қола дәуірі ескерткіштерін осы мәдениетке теле бастады. Алғашында С.А. Теплоухов Андрон мәдениетін хронологиялық уақыты жағынан неолиттік Афанасьев және Қарасұқ мәдениеттері ортасындағы мәдениет деп оның уақытын б.з.д. ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысы мен І мыңжылдықтың бас деп мерзімдеді.

Қазақстанда қола дәуірінің, яғни андронов мәдениетінің зерттелуі 1926-1928 жылдары Батыс Қазақстандағы М.П. Грязнов пен Оңтүстік Оралдағы Б.Н. Граков ізденістерінен бастау алады. 1930 жылы жарыққа шыққан мақаласында М.П. Грязнов қола бұйымдар мәдениетінің хронологиясының Минусин қазаншұңқырымен салыстыра отырып жіктеп шықты. Ғалымның ойынша, ерте қола дәуірінде Минусин далалары Андронов мәдениетінің қиыр солтүстігі болды, аталмыш мәдениетке Қазақстанның барлық далалы аймақтары, Сібірдің батысы мен шығысы кірді. Ол қола дәуірі мәдениетін ерте, орта және кейінгі деп үш сатылы кезеңдеме ісінің негізін қалады .

1933 жылы М.П. Грязнов Орталық Қазақстан жерінде Қарағанды қаласынан 60 шақырым батысқа қарай Шерубай-Нұра өзенінің оң жағасында Дәндібай қорымын ашып зерттеген болатын. Бұл зерттеу нәтижесінде де Орталық Қазақстан жерінде Қарасұқ мәдениетінің үлгілері кездеседі деді және сол пікірді ұстанушы ғалымдар тобының болжамдарына түрткі болды. Оның ойынша, Дәндібай секілді ескерткіштер қарасұқ мәдениетінің жергілікті нұсқалары; орталыққазақстандық қарасұқ уақытында өмір сүрген тайпалар мәдениеті алдыңғы андронов мәдениетінің негізінде, көршілес тайпа топтарымен тығыз мәдени қатынастар жасаудың әсерінен қалыптасқан деді.

Жаңа қазба мәліметтері толық жинақталмай, жиырма жылға жуық уақыт Андрон мен Қарасұқ мәдениеттері бір мәдениет деп деп қарастырылып келді.

Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық Қазақстан Археологиялық экспедициясының зерттеулері басталуымен бірге Орталық Қазақстан аумағында өзіндік тың мәдениеттері бар жаңа мәліметтер ашылды. 1947 жылы Қызыларай таулы алқаптарында Беғазы қорымы қазбалары басталды. Беғазы қорымынан нағыз жаңалықтарды мавзолейлер, яғни, кесенелер деген атау алған тас мазарлардың қазбалары берді [6].

Беғазы қорымы Қарағанды облысы Қоңырат ауданы жерінде алғаш ашылып қазылғаны және көпшілік зерттеушілер ол жөнінде таныс емес екендігі жөнінде Ә.Х. Марғұлан мен Л.Р. Кызласовтар өздерінің 1950 жылы жарық көрген “Беғазы қорымының тақта тасты қоршаулары” атты мақаласында баяндады. Онда Беғазы қорымы ескерткіштері ерекше құрылыстар екенін айта отырып бұл Орталық Қазақстан жеріндегі кездесетін жалғыз ескерткіштер емес еді. Ол 1932 жылғы М.П. Грязнов қазбалары бойынша ашылған Шерубай-Нұра өзені бойындағы Дәндібай ескерткіші мен Нұра өзені бойындағы Алеп- ауыл ескерткіштеріне ұқсас екенін және одан табылған қыш бұйымдарды Қарасұқ мәдениетінің ыдыстарынан бастау алады деген тұжырымдар ұзақ уақыт ойландырып келгендігін жазады. Сондай-ақ Беғазы қорымының тақта тасты қоршаулары Моңғолия мен Байкалдың ерте скиф кезеңінің жалпақ тасты қорғандарына ұқсайтынын және алдағы зерттеулерде бұл болжамдар көне дәуірлердің этникалық байланыстарын айқындауға мүмкіндік туғызады деді. [7]

Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштері өзіне дейінгі тұрғылықты тайпалардың заңды жалғасы бола отырып, кейінгі дәуірлерде де ұрпақ жалғасындағы үрдістер үзілмейтіндігімен бірге, Қарасұқ мәдениетінің ешқандай негізі жоқ екендігін айтты.

Әдебиеттер

  1. Нифонтова Л.К. Андроновское погребение в Абаевском районе Семипалатинской области // Известия АН КазССР. Серия археол. 1949. Вып.2 2. Маргулан А. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – А., 1978.- 88-92с.
  2. Ткачев А., Лосенко Ю. Домостроительство андроновских племен Верхнего Прииртышья// Историчес-кие чтения памяти М.Грязнова. – Омск, 1997.- 231-236с.
  3. Тугаринов А.Я. Андроновские могилы. //Сибирская живая старина 1926. №1. С. 153-158
  4. Маргулан А.Х., Кызласов Л.Р. Плиточные ограды могильника Бегазы. КСИИМК. АН СССР. 1950. Вып. ХХХІІ. С. 126-136
  5. Бейсенов А.З. Шығыс Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні. – Алматы: 2004. – 186 б.
  6. Марғұлан Ә.Х. Шығармалары. Т. 3,4. – Алматы: Дайк-пресс, 2003.-132б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.