Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыр бойындағы ортағасырлық қалалардың археологиялық зерттелуі жөніндегі кейбір мәселелер

Мақалада Сыр бойындағы ортағасырлық қалалардың археологиялық зерттеулері туралы салыс- тырмалы әдіс бойынша мәліметтер мен деректер көрсетілген. Атап айтқанда, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың саяси картасы арқылы геосаяси және геоэкономикалық маңызды-лықтарына өзіндік көзқарас таныту, отандық және шетелдік зерттеушілердің пікірлері мен көзқарас желілеріне талдау жасай отырып, ортақ қорытындыға қол жеткізілген.

Кілт сөздер: Ұлы Жібек жолы, керуен жолдары, археологиялық зерттеулер, ортағасырлық қалалар, Сыр бойы, зерделеу жұмыстары.

Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта колға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады.Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия,Қытай, Индонезия,Монғолия, Оман, ШриЛанка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен. [1]

Ұлы Жібек жолының солтүстік немесе Шаш-Түрік (бұдан былай Түрік жолы) жолының негізгі бағыттары мен олардан шығатын тармақтары бірқатар қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Түрік жолының Қазақстан арқылы өткен бөлігі мен Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдары Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевичтің мақаласында К.М.Байпаков пен А.Нұржановтың еңбегінде, Ә.Х.Марғұланның мақаласында Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан шығып Қаратау арқылы Орталық Қазақстанға өткен Қарқаралы, Уванас, Жетіқоңыр жолдарының бағыттары берілген ал, Қаратау мен Шу-Талас өңірлерінің керуен жолдары М.Елеуовтің еңбегінде көрсетілген. Л.Б.Ерзаковичтің мақаласында Оңтүстік Қазақстанның ХІІІ-ХҮІІІ ғғ. кезіндегі керуен жолдары қарастырылған [ 2] .

Сол жағалық Сырдария жолы. Тараз, Испиджаб, Бинкент (Шаш), Шанашкент арқылы өткен Нуджикатқа келгенде Сырдарияның сол жағасына өткен Ұлы Жібек жолынан бөлініп шығып, Сырдарияның сол жағасынан жағалап жүрген сол жағалық Сырдария керуен жолы ортағасырлық Үтіртөбе, Асықата, Ақтөбе1, Шардара, Көксутөбе, Сейіттөбе, Ақтөбе (ұзынаталық), Сүткент, Байырқұм қалалары мен елді мекендері арқылы өтіп Оқсыз қаласына жеткен. Осы қалада оны Отырардан шығып өткелден (Оқсыздың жанындағы) Сырдарияның сол жағасына өтіп Жызаққа онан әрі Самарқанға қарай жүрген керуен жолы кесіп өткен. Бұл жол жергілікті халыққа «Боран жолы» деген атпен белгілі. Оқсыздан солтүстік-батысқа қарай жүрген сол жағалық керуен жолы ортағасырлық Артықата, Бұзық, Көктөбе, Қандыөз қалалары мен елді мекендерінен өтіп ортағасыр-лық Раздыата қаласына жеткенде оны Түркістан, Саураннан шығып Үшқайық өткелі арқылы Сырдарияның сол жағасына өтіп Жызаққа қарай жүрген керуен жолы кесіп өткен. Сырдариядан қайықпен өтетін Үшқайық өткелі ежелгі заманнан бастап осы күндерге дейін жұмыс істеп келе жатқан өткел. Раздыатадан шыққан сол жағалық жол ортағасырлық Қаратөбе, Абызтөбе, Келінтөбе, Мейрамтөбе арқылы жүрген. Мейрамтөбеде керуен жолы екіге бөлінген: батысқа бұрылған жол ортағасырлық Құмиян қаласы арқылы Жызаққа бет алған, ал солтүстік-батысқа қарай жүрген негізгі жол ортағасырлық Аққорған, Өзкент арқылы Балапантөбеге жеткенде негізігі сол жағалық жол батысқа, солтүстік – батысқа бұрылған, ал, шығысқа, солтүстікке, солтүстік-батысқа қарай жүрген жолдар Байкенже өткелінде Сырдарияның оң жағасына өткен. Шығысқа қарай жүрген жол ортағасырлық Ордакент қаласынан өтіп, Раң асуы арқылы Қаратаудан асқан. Солтүстікке жүрген жол Жайылма шатқалы арқылы Ақсүмбеге, ал солтүстік-батысқа қарай жүрген жол Көккесене кесенесіне жеткенде оң жағалық Сырдария керуен жолына қосылған. [3]

Ортағасырлық Балапантөбеден батыс бағытында жүрген жол Сырдариянының сол жағасымен, Қызылқұмды жиектеп барып ортағасырлық Асанас қаласына шыққан. Асанас қаласынан жол үшке бөлінген. Солтүстік-шығысқа қарай жүрген Сарысу жолы Жетікөл, Қайырсуат шатқалдары арқылы жүріп Сырдарияның оң жағасына өткен, онан әрі ортағасырлық Сұлутөбе елді мекеніне жеткенеде оң жағалық Сырдария жолын, ал Көпрабат елді мекеніне жеткенде Ұлы жолды кесіп өтіп, Дариялы тақырдың шығыс жағымен өткен жол Телікөлге барғанда Сарысу өзеніне шыққан. [4]

Асанастан солтүстік – батысқа қарай жүгрен сол жағалық керуен жолы Қуаңдарияны жағалап отырып Қышқылаға, онан Күлкеасарға, Қосасарға, Кішіасарға өткен. Кішіасардан оңтүстік – батысқа қарай жүрген жол ортағасырлық Жент қаласына өткен, ал солтүстік – батысқа қарай жүрген сол жағалық керуен жол Сырлыасар, Қараасар, Құмасарға жеткенде батысқа бұрылып ортағасырлық Қараасар, Үңгірліасар арқылы өткен. Онан әрі Моншақтыасар, Аққала, Шахасар қалалары мен елді мекендері арқылы жүріп Сортөбе қаласына жеткен. Сортөбе қаласынан солтүстік – шығысқа қарай жүрген бір жол қазіргі Жосалы ауылының жанындағы өткелде Сырдарияның оң жағасына өтіп, Бетпақдала арқылы Қарсақбай бағытында жүрген, ал, Сортөбеден солтүстік - батысқа жүрген сол жағалық керуен жолы Сортөбе төрткүлі арқылы өтіп ортағасырлық Жанкент қаласына шыққан. Жанкенттен шыққан жол ортағасырлық Кіші Күйік қала арқылы жүріп Үлкен және Кіші Аралдарды бөліп жатқан Берг бұғазына шыққан. Бұғаздан өткен жол Дәуіт тауының оңтүстік жағымен жүріп Қаратүп жарты аралы арқылы Арал теңізінің оңтүстік – батыс жағасына шыққан. Онан әрі Тұшыбас түбегінде қамтыған. [5]

Тек тәуелсіздігіміздің арқасында байырғы тарихымызды терең тануға даңғыл жол ашылды. Тәуелсіздік алғалы бері қолға алынған және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар- дың негізінде ғылыми айналымға жаңа тарихи және археологиялық деректер қосылды. Осы бағдарлама- лардың арқасында Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалаларды зерттету мен зерделеу жұмыстары жандана түсті.

«Мәдени мұра» бағдарламысы аясында қазақ жерінде қалыптасқан өркениеттің куәсі болған тарихи- мәдени ескерткіштерді зерттеуге мемлекет тарапынан жүздеген миллион теңге бөлініп, атадан қалған мұраны зерттеудің жаңа кезеңі қалыптасты. Осы бағдарламаның аясында «Археология, тарихи-мәдени ескерткіштер» секциясы бойынша 35 тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңғыртылып, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары іске асырылды.

Соңғы зерттеулерде ортағасырлық қалаларының өмірі, табиғи-географиялық, саяси-әскери, мәдени, ішкі және халықаралық жағдайлар тұрғысынан сарапталып, дамуының басты тарихи кезеңдері зерделеніп, оларға деген жаңа тарихи көзқарас қалыптасты. Қазақстан мен Орта Азиядағы ірілі-ұсақты көптеген тарихи оқиғалар, алмасқан саяси билеушілікке, мемлекеттік құрылымдармен әлеуметтік күштердің ықпалына, еңбек бөлінісі, сауда, қоғамдық-саяси және мәдени араласуы арқасында, экономикалық қатынастарға ыңғайлану жағдайында өмір сүрді. Оған елдің тарихи-географиялық жағдайының қолайлығы, суы мол жайылымдарында мал шаруашылығы жақсы өркендеп, қалыптасқан су жүйелері, отырықшы жер шарушылығы және т.б. кешенді кәсіптер мен дәстүрлі үрдістері ықпал жасады.

Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендердің зерттелу тарихын, үш кезеңге бөліп қарастырылды. Сырдария өзенінің орта ағысының (Жаңақорған және Шиелі аудандары бойынша) қалаларының зерттелуі ортағасырлық Сығанақ қаласымен байланысты. Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалаларды оның ішінде Сырдария өзені бойындағы қалаларды зерттеу 1867 жылы П.И. Лерхтың экспедициясынан басталады. Түркістан үйірмелерінің хаттамасындағы зерттеуші ғалымдардың мәліметтері қамтылды. Сонымнен қатар, Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, Хорезм экспедициясы, Отырар археологиялық экспедициясы, ҚазМУ-дің археологиялық экспедициясының археологиялық тобы, Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Тұран археологиялық экспедицияларының зерттеу жүргізген еңбектерінің материалдары пайдаланылды. Ортағасырлық қалаларға байланысты жазба деректер мен аңыздар жинақталып, зерделеніп жазылды. [6]

Ортағасырлық қалалар мен елдімекендердің Сырдарияның сол және оң жағалауындағы деп бөліп көрсетілді, олардың тарихи-топогрфиялық құрылымы, географиялық координаттары және орналасқан жерлері анықталды. Және өңірдегі ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің сипаттамалына тоқталып, оларға қатысты аңыз-деректер қамтылды.

Ортағасырылқ керуен жолдары туралы мәліметтер Ә.Х. Марғұлан, В.А. Каллаур, И.И. Агеева мен Г.И. Пацевич, Л.Б.Ерзаович, К.М.Байпаков, М.Елеуовтердің еңбектерінде керуен жолдарының бағыттары, олардың тармақтары туралы мәліметтер егжей-тегжейлі қарастырылған. Зерттеу жұмысы аталған авторлардың мәліметтері негізінде жазылды. Сырдария өзенінің бойындағы ортағасырлық керуен жолдарының бағыттары мен тармақтар нақты көрсетілді.

Бірақ, зерттеу барысында, Сырдария өзенінің орта ағысының ортағасырлық бірнеше ескерткіш- тердің бұзылып жатқаны анықталды. Ол туралы М.Елеуовтің еңбектерінде нақты көрсетілген. [7].

Сондықтан «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізілген археологиялық зерттеулер ең алдымен еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін есепке алу, олардың облыстық жинақтарын, археологиялық картасын жасауға, қорғауға бағытталса, ал қазба жұмыстарын бірінші кезекте бұзылып жатқан не бұзылу қаупі төніп тұрған ескерткіштерде жүргізген дұрыс болар еді. Себебі, Сырдарияның орта ағысындағы ортағасырлық Разды ата елдімекені үлкен-кіші өзендер шайып, бұзылып жатыр. Шиелі ауданындағы Телікөл каналын қазу кезінде ортағасырлық Бестамның сыртқы қамалы, оның сыртындағы құрылыстар толық бұзылған, қаланың цитаделі 35 жылдан бері ыза суы тұр. Ортағасырлық Күйеутам елдімекені егістік алқабының астында қалып, толық бұзылып кеткен.

Әдебиеттер

  1. Диваев Ә. Көккесене атауының маңызы туралы (тарихи-археологиялық жазба) // Тарту. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 208-211 бб.
  2. Караффа Корбут Узгентская легенда // ПТКЛА, 1897. С. 3-4
  3. Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Кызылординская область. – Алматы: Аруна, 2007. – 376 с.
  4. Фазаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман наме - йи Бухара (Записки бухарского гостя). – М.: Наука, 1976. – 195 с.
  5. Қинаятұлы З. Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы // Отан тарихы. – №3. – 2008. – 90 - 95 бб.
  6. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. Үш томдық. – Алматы: Хант баспасы, 1997. – Т.1. – 600 б.
  7. Елеуов М. Жаңақорған және Шиелі аудандарының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы. //Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) хабаршысы. Тарих сериясы. – 2005. – №3. – 93-97б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.