Кіріспе. Қәзіргі кезде хирургияның және фармакотерапияның жетістіктеріне қарамастан, жедел іріңді перитониттің түрлері оңтайлы емдеу мәселесінің өзектілігін анықтап, оның өмірге қауіпті болуы және оның негізгі себебі аурухананың ота бөлімшесіне ургентті жағдайда жедел жәрдем көмегімен жатқызылуы халық арасында ең көп тараған нозологиялық түрі,оның кездесу жиілігі 100 мың адамға шаққанда 10 нан 150 оқиғаны құрайды [1]. Құрсақ ішілік инфекцияның сепсисінің ең ауыр түрінің негізгі себебі болып табылады [2].
Зертеу әдістері мен материалдары. Жерілікті перитонитті сырқаттардың фармакоэкономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін зертханалық әдістермен келесі қан гемлизатында төмендегідей хеми- люминесценттік көрсеткіштер анықталды: 1. Спонтанды хемидюминсценция (СХл) – кв/сек. 2. Ини- цирленген хемидюминсценцияның жалпы қосындысы(ИХлЖЌ)-103 кв/5мин. 3. Асқын тотық радикалда- рының түзілу жылдамдығы (АТРТЖ) – кв/сек.
Иницирленген хемидюминсценцияның алу үшін 3 - 0,5 мл сутегі асқын тотығы қолданылды. Мұндағы жарқыраудың кинетикалық сипаттамасы КСП-4 аспабының көмегі арқылы тізбектеліп, бақыланды. Тәжірибені жүргізетін ортаның температурасы +370С болды. Перитонитті науқастар қанындағы эндогенді уыттанудың деңгейін анықтау үшін хемилюминесценттік уыттану көрсеткіші (ХЛУК) келесі формула арқылы анықталынды 3:
ХЛсхл + ХЛИЖЖЖҚ + АТРТЖ
ХЛУК= (1)
3
мұндағы: ХЛ - хемилюминесценция, СЖ - спонтанды, ИХлЖҚ –
иницирленген хемилюминесценцияның жалпы қосындысы,
АТРТЖ – асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы
Қанның лейкоцитарлық формуласын зерттеп, уыттанудың лейкоцитарлық индексін (УЛИ) А.Я.Фищенко және С.Д.Химич 161 формуласы арқылы есептедік:
Пц + М + Ж + Т + Сегм
УЛИ= х К (2)
Лимф + Мон + Эоз + Баз мұндағы: Пц – плазмоциттер, М – миелоциттер, Ж – жас, Т – таяқша ядролы нейтрофилдер, Сегм – сегмент ядролы нейтрофилдер, Лимф –лимфоциттер, Мон – моноциттер, Эоз – эозинофилдер, Баз –базофилдер, К – лейкоциттердің жалпы мөлшерінің алғашқы екі санының оннан бірі.
Сырқаттардың қанында орта уытты молекулалардың мөлшерін ( ОУМ) спекрофотометриялық және УЛИ гематологиялық әдістермен зертедік 161
Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша [2,3] зерттеліп, науқастарды емдеуге кететін дәрілердің толық бағасын, «шығындар-пайда» фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық тиімділігін есептеу үшін қанның уыттылық көрсеткішін Н.Ж.Орманов әдісімен анықтадық және бұл көрсеткішті фармакологиялық кешендердің тиімділігін есептеу үшін пайдаландық [2,3,4]. Жерілікті перитониттің емдік әдістерге байланысты науқастардың бөлінуі 1-кестеде көрсетілген. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 50 дені сау адам және жергілікті перитонитпен ауыратын 120 науқас зерттеуге алынды. Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Фтк1: метрогил(100мл), гентамицин(80мг)2-топ: Фтк-2:метрогил (100мл), цефамизин (1.0мг),3-топ Фтк-3: метрогил (100мл) цефамизин (1.0мг), иммуномодулин (1мл), 4-топ Фтк-4: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (1мл), дәрілерін нұсқау бойынша күніне бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн.
Кесте 1 – Жергілікті перитониттің емдік әдістерге байланысты науқастардың бөлінуі
Емдік топтар |
Жергілікті Перитонит |
|
абс. |
% |
|
ФТК-1(М+Г) |
30 |
25 |
ФТК-2(М+Ц) |
30 |
25 |
ФТК-3(М+Ц+Им) |
30 |
25 |
ФТК-4(М+Г+Им) |
30 |
25 |
Барлығы |
120 |
100 |
Ескерту:М-метрогил,Г-гентомицин,Ц –цефамизин,Им- иммуномодулин.
Емдік топтардағы науқастар диагноздары, жасы, жынысы, жүргізілген емі, операция түрлері, құрсақ қуысын залалсыздандыру әдістері бойынша бір-біріне сәйкес келіп, репрезентативті болды.
Зертеу нәтижелері.Фармакотерапиялық кешендердің емдік қасиеттерінің фармакоэкономикалық белсенділіктерін анықтау үшін сырқаттардың толық құны, зертханада алынған мәліметтер (уыттанудың интегральды көрсеткіші) пайдаланып «шығын-пайда» немесе интегралды көрсеткіштерін анықтадық алын- ған мәліметтер төменгі 2- кестеде көрсетілген.
Фармакотерапиялық кешеннің ең аз меншікті тиімділігі 1-ші ФТК орын алса, ең белсенді мәні 3-ші емдік кешенде орын алды, 1-ші кешендегі меншікті тиімділіктің мәнін 100% -ға тең деп алсақ, 2-ші, 3-ші және 4-ші емдік кешендерде оның деңгейі 129,8%-ды, 199,6% және 153,2%-ды құрайды. Меншікті
тиімділіктің деңгейі иммуномодулиндік емдік топтарда сәйкес антибактериалды топтарына қарағанда 53,2% және 54%-ға өседі.
Фармакотерапиялық кешеннің «шығын-пайда» мәнінің ең аз мөлшері 1-ші топта орын алса, ең жоғарғы (2601,65 тенге) 100% тең деп алсақ, 2-ші топта оның деңгейі (2079,0 тенге) 79,9%-ды, үшінші (1313,9 тенге) және төртінші (1655,2 тенге) топтарда 50,5%-ды және 63,6%-ды құрайды, яғни 1-ші топпен салыстырғанда 20,1%-ға,49,5%-ға және 36,4%-ға төмендейді.
Фармакотерапиялық кешеннің «шығын-пайда» мәнінің ең аз мөлшері 3-ші топта орын алса, ең жоғарғы деңгейі 1-ші топта орын алды. 1-ші топтағы «шығын-пайда» көрсеткішін 100% тең деп алсақ, 2-ші топта оның деңгейі 79,9%-ды.
Сонымен зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер келесі жағдайды дәлелдейді. Жергілікті перито- нитті сырқаттарды дәстүрлі антибиотиктермен немесе антибиотиктерді иммуномодулинмен қиылыстырып қолданғанда емнің меншікті тиімділігі 3-ші фармакотерапиялық кешенде орын алды, сәйкес антибакте- риалды емдік тобымен салыстырғанда оның деңгейі 65,6% жоғарылады. «Шығын-пайда» көрсеткіштерінің ең үлкен мәні 1-ші фармакотерапиялық кешенде орын алса ең кіші мәні 3-ші фармакотерапиялық кешенде орын алады. Яғни 3-ші емдік кешенде басқа кешендерге қарағанда үнемдеу деңгейі 1-ші топпен салыстырғанда 1288,6 теңгеге тең болса, 2-ші топпен салыстырғанда 765,1 теңгені құрайды. Ал 3-ші иммуномодулинді емдік топпен салыстырғанда 341,3 теңгеге тең болады
Фармакотерапиялық кешендердің емдік қасиеттерінің фармакоэкономикалық белсенділіктерін анықтау үшін зертханада алынған мәліметтердің және бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) орташа немесе интегралды көрсеткіштерінің жағдайы төменгі 3-кестеде көрсетілген.
Фармакотерапиялық кешеннің бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) 1-ші топпен салыстырғанда ең үнемді, ең кіші мәні 3-ші емдік топта орын алды.
Бұл алынған мәліметтер 3-ші емдік кешеннің белсенділігінің ең тиімді, ең оңтайлы және фармакоэкономи-калық тұрғыдан сараптағанда жергілікті перитонитті емдеуде негізгі кешендердің бірі болып табылатын дәлелдейді. Жергілікті перитонитті науқастардың бірігіп кету шығынның белсенділігінің көрсеткіші (БКШБК) анықталған зертханалық нәтижелердің интегралды мәніне байланысты жағдайы
Тұжырым
- .Жергілікті перитонитті дәрілермен емдеу кезінде ,фармаэкономикалық тұрғыдан сараптама жасау негізінде ең тиімді , қауіпсіз және оңтайлы болып ,құрамында метрогил (100мл) цефамизин (1.0мг), иммуномодулин (1мл) енген , фармакотерапиялық кешен ( үшінші) орын алды .
- . 3-ші емдік кешенде басқа кешендермен салыстырғанда «шығын-пайда» көрсеткішінің үнемдеу деңгейі 1-ші топпен салыстырғанда 1288,6 теңгеге тең болса, 2-ші топпен салыстырғанда 765,1 теңгені құрайды. Ал 3-ші иммуномодулинді емдік топпен салыстырғанда 341,3 теңгеге тең болады.
Әдебиеттер
- Орманов Н.Ж, Керимбаева,З.А., Жумагулов, К.Н., АшировБ.О //Жергілікті іш астарының қабынумен ауырытын науқастардың «шығын-пайда» әлсіз шұғыла шашыратудың уыттану көрсеткіші (ӘШШУК) және науқастың толық құнына байланысты жағдайы.Вестник ЮКГФА,2017, №4, 0 25-27
- Орманов Н.Ж, Керимбаева,З.А., Жумагулов, К.Н., АшировБ.О// Жергілікті іш астары қабынуы орын алған науқастардың қанының эритроциттердің тұну жылдамдығына байланысты фармакоэкономикалық көрсеткіштердің жағдайы//Вестник ЮКГФА,2017, №4, стр, 28-30 25-27
- Орманов А.Н., Орманов Н.Ж. «Перитониттің отадан кейінгі емдеу әдістерін жетілдіру».- Шымкент, 2012, 135б.
- Орманов Н.Ж., Адильбекова Д.А., Жумабаев У.А. Использование свойства хемилюминесцентности сыворотки (плазмы) крови для диагностики хронической интоксикации соединениями фосфора. – Методические рекомендации. – Шымкент. – 1993. – 10с.
- Фищенко А.Е., Химич С.Д. Определение лейкоцитарного индекса интоксикации при холецистите // Клиническая хирургия.- 1989. - №9. - С.68-69.
- Габриэлян Н.И., Липатова В.И. Опыт использования показателей средних молекул в крови для диагностики нефрологических заболеваний у детей // Лабораторное дело. - 1984. - №3. - С.138-140.
- Афанасьева А.Н. Сравнительная оценка уровня эндогенной интокси-кации у лиц разных возрастных групп // Клин. лаб. диаг. - 2004.-№ 6.-С. 11-13.
- Орманов Н.Ж., Садырханова Ұ.Ж., Сырманова Н.Р., Қазбекова М.Ж., Жақыпбек Г./ ІІ дәрежелі артериялық гипертензиямен ауыратын науқастардағы фармакотерапиялық кешендердің әсерінен уыттану- дың индекс көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты фармакоэкономикалық нышандардың жағдайы/ Сборник трудов науч-прак.конференции «Актуальные проблемы и профилактики профессио-нальной патологии и гигиена труда», посв.памяти д.м.н., проф.Адильбековой Д.А.,3 мая 2013 года, Шымкент, С.116-120.
- Справочник лабораторные методы исследования в крови. Под редакцией профессора В.В: Меньшико- ва,1987, М.:Медицина, 365 с.