«Байқоңыр» ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер

Түйін

Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық мәселесі, реттеу мәселелерін шешу зымыран ұшыруды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды азайтыңыз.

Кілт сөздер: Экологиялық мәселелер, поблемалар, ғарыш,Байқоныр.

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім.

Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдында тұрған ғаламдық проблемалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалып-тасты. Бәрімізде тәуелсіз- діктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономика-лық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі ұйлесімсіздікке әкеп соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келді.

Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Осы мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі – Байқоныр ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер. Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқынды дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Токсиндік және канцерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттілігін төмендетеді. Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына шамамен 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.

Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсер ететіні белгілі.Осындай табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі- ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы. Қорғаныс Министрлігінің негізі экологиялық мәсе-лелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару- жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.

Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр». «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызыл-орда облысының территория-сында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. Аймақтың рельефі – тұзды топырақ, жылжымалы құмды төмпешіктеден тұрады. Өсімдік түрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.Алғашқы эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс-Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн-5» апаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал-Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының өзгертуі, ал жылдың жылы уақытында «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу апаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Еуропалық бөлігінежәне солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауы-на әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барып айтпасқа болмайды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.

Ғарыш ұшу апараттарының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтары құрамында химиялық токсинді қосылыстардың болуында.

Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармаймен жұмыс істейтін зымыран двигательдері қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін зерттеу-де. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижесі, зымыран двигателінен бөлінетін қалдықтардың атмосфера-ның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтылығын дәлелдесе 40-жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Ғарыш аймағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде: ұшу процесі-нен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;атмосфераның озон қабатын бұзады; территория-ларды ұшу апараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды; қышқылды жаңбырдың жауына себепші болады;ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді.Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шаралардың орындалуы қажет: қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету; егінді жинау және бау- бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау; токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау; аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу; зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Президент Н.Ә.Назарбаев 2000 жылдың жазында Ресейге барған ресми сапары барысында Ресей үкіметінің басшысыман, Федералдық жиналыс палаталарының төрағаларымен, «ЕЭС России» РАҚ пен «Газпром» РАҚ басшыларымен кездесті.Қазақстан Президенті Христ Құтқарушы Ғибадат-ханасында Мәскеу және бүкіл Рустың Әулие Патриархы II Алексимен, сондай-ақ Ресейдің жетекші бұқаралық ақпараттар құралдарының басшыларымен сұхбаттасты.

Сапар барысында қол қойылған құжаттарды екі жақты ынтымақтастықтың көкейтесті салалары – «Байқоңыр» кешенінің одан әрі жұмыс істеуін қамтамасыз ету, байланыс және ақпараттандыру мәселелері, келісілген көлік саясаты жүргізу, арнаулы қызметтердің өзара іс-қимылы және ақыр соңында, екі астана- Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастық мәселелері қамтылды. Екі жақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастықты да одан әрі жарастыру үшін күш- жігерді ұлғайта түсу ниетін қуаттайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2005 жылғы маусымда Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» ғарыш аймағының 50 жылдығына орай президенттердің қатысуымен салтанатты іс-шаралар өткізілді.Мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдеме қабылдады, сондай-ақ ғарыш аймағындағы экология, табиғатты пайдалануы жөніндегі үкіметаралық келісімге және басқа бірқатар құжаттарға қол қойды.Президенттер «Протон» ракета тасығышын ұшыру кешенінде болды, Қазақстанның «Бәйтерек» ракеталық-ғарыштық кешені құрылысы бой көтеретін орынға символикалық тас қалауы рәсіміне, сондай-ақ қаза тапқан ғарыштық техника сынаушыларына қойылған монументке гүл шоқтарын қоюға қатысты.

«Байқоңыр» ғарыш аймағының 50 жылдығына арналған салтанатты кеште Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин екі елдің ғарыш айлығы жұмысын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды.

Байқоңырды «біздің ғаламшарымыздың тұңғыш ғарыш айлағы» деп аталған Президент В.В. Путин бүгінгі таңда да оның әлемінің жетекші ғарыш айлағының бірі деп заңды түрде саналатынын айтты. Ол былай деп атап көрсетті: «Қазақстан- мұнда Байқоңыр тұрған себепті ғана емес, табиғи түрде ғарыштық держдва .Егер Қазақстан жалауынан зер салып қарайтын болсақ, онда дала қыраны бейнеленген,ол қанатымен күнді аймалап тұр.Бұл Қазақстанның ғарышқа ұмтылысының символын бейнелейді». Өз тарапынан Президент Н.Ә.Назарбаев ғарыш айлағын Ресей мен Қазақстан, екі мемлекет халықтар арасындағы сеніммен достықтың символы деп атады.Екі елдің басшылары «ғарыш айлағы мерейтойының Ресей мен Қазақстан тарихындағы әлемдік ғарыштану шежересіндегі ең айтулы оқиғалардың бірі» деп қарайтынын мәлімдеді.

Байқоныр төңірегніндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін биліктің онша ескере бермейтіні өкінішті.Мәселен, осыншама жыл бойына ғарыш айлағынан гептилмен жұмыс істейтін 2000 –нан аса замыран тасығыштар ұшырылыпты.

Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес, оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандардың жаңармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.

Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.

Әдебиеттер

  1. . «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том ;
  2. .«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, I том;
  3. . Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі» А.Елорда 2001.
  4. .Д.А.Қонаев «Ақиқаттан аттауға болмайды» А.Санат,1994
Жыл: 2019
Қала: Шымкент
Категория: Медицина