Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халық өлеңдерін тәлім-тәрбие мәселесі

Түйін

Қысқаша мазмұны: Мақалада халық өлеңдеріндегі тәрбие мәселесі қоғамның басты мәселесі деп саналады және барлық уақытта ол адамды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Кілт сөздер: Тәлім-тәрбие, білім, тең-теңімен,фольклор.

Халық өлеңі – ерте заманда қалыптасқан фольклор жанры және күрделі туынды. Қазақ халық өлеңдерін оның қара өлеңдерінде кездесетін сол замандардан қалған әдеби-эстетикалық айшықтары арқылы бағалауға болады. Өлең текстерінде кездесетін сөз тіркестері адамзат сапасының дамуының тарихи кезеңдеріне сәйкес әр дәуірде осы өлең тексіне ықпал еткен әлеметтік-мифологиялық және философилық ұғымдар мен түсініктердің жүйесі болып табылады.

Қара өлеңде кездесетін дүние, табиғат, адам, қоғам, әдеп, сенім, тәрбие, тәлімгерлік т.б. мәселелер сол уақыт талабынан туған қажеттілік ретінде халықтың өлеңдерінен орын алған.

Біраз тәлім айтайын балаларға,

Жолдас болмас тұйғын мен қара қарға.

Таңдап тауып өзіңнің теңіңді сүй, Дос-жарансыз өмірде дара қалма.

-деген өлең жолдарында «Таңдап тауып өзіңнің теңіңді сүй» - тіркесі халықтың қара өлеңінде көп кездеседі. Мұнда бірнеше мағына бары ескеріледі. Біріншіден, жасы құрдас адамдардың бір-бірімен тез тіл табысуы мен «теңіңді сүй» тіркесі арқылы заман құрдас жандардың достыққа, жолдастыққа тез ұғысуымен баратынын, екіншіден, «тең-теңімен бір-бірінің қадірін жете біле алады, бірін-бірі сыйлайды», «тұйғын мен қара қарғадай» сыйластық бола алмайтынын жастарға ескерте кетеді. Бұл – жастық шағыңды қапысыз өткізуге, оның қызығын бірге көруге жазсын деген сөз. Өмірге бір рет қана келген соң, бұл өміріңді құнсыз етпей, оның рахатын бірге көріп, ләззатын бірге татуды халық өлеңі жанамалап ескертеді [3, 12-бет].

Ұшады аспанды өрлеп бір тарғақ,

Ірімшік, құрт сұрайды қарға зарлап.

Ішіне тірі қоян байлап қойып,

Түсірдің жайған торға бүркітті алдап,

  • деген халық қарға, оның жемтігі мен бүркіттің алданып торға түсуін салыстырып, адам өміріндегі мысалардарды осы алдамшы көрініске алданбасын, қарға сияқты ынсапсыз тамақты тегін табуға үйренбесін, - деп жас ұрпақты осындай мысалдармен де қымбат. Ол айтар ойды жиыстырып, төрт жол өлеңмен қысқаша ғана топтастырып беруімен құнды.

«Оралыңның барында ойна да күл,

Өтіп жалған барады қапияда-ай»,

  • деген өлең жолдарында көзді ашып-жұмғанша ғайып болып өте шығатын жастық жылдарды ерекше бір күрсініспен ескертіп, жас ұрпаққа ой салуды парыз санағанын, өлең жолдарымен «өтіп жалған барады» – деп аңдатады. Жалған дүниенің мәнін

«Дүниеде қайда жүрсек қор болмаспыз,

Соңынан өнер-білім зыр жүгірсек»,

- деген шумақтармен той-думанмен, бос селтеңдеп жүрумен ойсыз өткен өмір бекерге зая кетеді,- деп ескертеді. Сол үшін өнер үйреніп, білім-ілімге зер салсаң, әр күніңді, өткізген уақытыңды ақылға салып, біліктілікпен өткізсең, халқыңа берер жемісің д мол болады, - дейді халық өз өлеңінде.

«Зыр жүгіру» тіркесінің бұл жерде улкен мән-мағынасы бар. Өмірде білім қуған адам бүрісіп, марғау отырмай, зыр жүгіріп ізденсін, ішкі жан-дүние байлығын толықтырсын,- деген өсиет айтады.

«Түсінер сөздің нарқын кездеспесе,

Жаманға сөзді қор қып не қылайын»,

-деген өлеңде қазақ халқы ауызша айтылған сөзді аса жоғары бағалап, қасиетті сөзді қадірлейді. Қасиетті сөздің қадірін төккен су сияқты кетірме, ақымақтар мен надандарға асыл сөзіңді қор етпе, яғни жаманға жалынба, - дейді халық. Бұл халық тәлімдік сөзінің бір мысалы [1, 15-бет].

Аспанда ай болмаса адасады,

Көңілді көтермесе кір басады.

Көңілі жақсылардың алтын сандық, Сандықты кілт болмаса кім ашады?

-деп төрт өлең жолымен нақышты ақыл айтады. Адам өзініңөмір жолында жаңсақ қадамдар жасамас үшін, өмірде адаспас үшін аспанда жарқырап тұрған ай сияқты алдыңа қойған анық мақсаттың болуы керек,- дейді халық. Той-думан, сауық-сайрандар адамның ойын тазартатын самал желі, көңілді тұман баспас үшін сейіл мен серуен қажет,- дегенді «көңілді көтермесе кір болады» деген жолдармен нақтылап береді [4, 208- бет].

Жақсылардан білім, өнеге алу – алтын сандықты кілтпен ашумен пара-пар,- деген түсінікпен жастарды үлкендерден, игі жақсылардан үлгі алуға еш жалықпауға шақырады. Білімпаздардың, ғұламалардың, игі жақсылардың, ел тұлғалы азаматтардың көкірегі қазынасы мол, ақыл көзі – көрген,- дейді. Олардың ғибраттарынан үлгі алған адам қашанда қапы қалмайды. Сондықтан кілтін жақсылармен жанаса біліп, ізгілікке үйрене біліп ашуға болады,- дейді [1, 7-бет].

«Жақсының ісі оңалар әу басынан,

Жаманның арылмаған дау басынан» [4, 404-бет]

-деген өлең жолдарында халық жақсы мен жаманды айыра білуге, оларды бір-бірінен ажыратып, қажетті тағылым ал, ол үшін ақ пен қараны айыра алатын талғамды бол дейді. Жақсы адам жастайынан игі істерге бастайды, ал жаман адам қайда жүрсе де даулы істерге үйір,- деп, жастарды осы екі ауыз сөзбен сөз сарасын ұға білуге шақырады.

«Айта біл өлеңіңді өрнекпенен,

Жақсыны бір ғанибет көрмек деген.

Қонар бақ, ер жігітке бітер дәулет,

Ақ, адал елге еткен еңбекпенен»,

-деп жақсы адамның қадір-қасиетін асқақтады, өз еліне істеген адал еңбек адам басына бақ-дәулет бітіреді,- деген оймен, халық еңбек құндылығының адам үшін маңызын марапаттап көрсетеді.

«Бісмілла, бісмілладан бісмілла ашар

Білмейді бісмілланы кейбір нашар.

Аузыңнан бісмілланы тастамасаң,

Періште жолыңды ашып, шайтан қашар», [4, 404-бет]

-деген өлең жолдарымен адам сеніміне қорған болар «бісмілла» сөзінің мән-мағынасын ашып көрсетіп, адам қайда жүрсе де осы сөзбен өзін-өзі қорғап жүреді, ондай сенімдегі адамның аузынан Алласын тастамайтын болса – оған періште ақжолашып тұрады, ол сөз жаман күштерден қорғайды,- деп, оны жастайынан аузынан тастамай жүруді насихаттайды.

«Ынсапсыз алған мүлік қараң-дейді,

Төрт көз ит болады екен сараң-дейді.

Ұқсаңдар дін мұсылман ата жолың, Арақ пен темекіні Һарам-дейді»,

-деп мал-мүлікті ынсапсыз жинаған мен сараңдықты адамды мүлкінің құлы ететінін, жақсылықтан қараң қалдыратын баса айтып, ислам діні жолындағы адам үшін арақ ішу мен темекі тартудың зор күнәлі іс екенін, олардың Һарам ас қатарына жататынын жас жеткіншіктерге ашып көрсетіп, тәлімгерлік жол ұсынады, дін жолының адастырмайтынын , лас жолдан мұсылманшылық қана тура жолға сала алатынын корсетеді.

Халық туған жердің қадірін ұзатылған қыз әнімен былайша суреттер береді;

«Туған жердің сағынып топыраған, Көз алдыма келеді сол тұрағым. Ата-анамды аяулы аңсағанда, Ақ бөпемді аялап отырамын»

-деп туған жер-алтын бесігінің қымбат қадірін біліңдер, туған елді сүйіңдер, көркіне тамсаныңдар, сый- сыйластықпен қурайын да, қызғалдағын да бір иіскесек екен,- деген сағыныштың өзі адамды туған өлкесін сүюге шақырады [3, 22-бет].

«Мінгенім астымдағы жирен дөнен, Аулыңа апарар жол иреңдеген.

Сыйласып өз теңіңмен ойна да күл, Бірге өткен өмір қызық сүйгенменен»

-деп, өмірдің адамға бір-ақ рет берілетінін, қайталанбайтынын, бір мезетте зымырап өте шығатынын, сол үшін өз теңіңмен ойнап-күліп өмір сүргің,- деген ойын білдіреді. Осы қысқа ғұмырда жан-құштарың – сүйгеніңді жалындаған жас күйінде тауып, ару қыз, ақылды жігіт қапы қалма: өзін жанына балаған жаныңмен қатар еткізіп, өмір тәлімін өз уақытында көруге шақырады.

«Дүние қарап тұрсаң шолақ екен, Ата-анаға қыз бала қонақ екен...»

-деген ұзатылған қыз баланың оң жақта еркелеп, алақанда аяланған қызық күндері «қонақ екен» деген сөзбен беріліп, қыз балаға берілер тірбиелік, ұстамдылық, жетелілік көрегендік қашанда керек, қандай жағдайда ақылға салып, жол тапқанға не жетсін! – дейді.

«Мінгенім дәйім менің жирен шұбар, Сұмдық сөз, сұмырай қылық биден шығар. Жігіттің алған жары жақсы болса, Бұралып тал шыбықтай үйден шығар» [4, 424-бет]

-деп халық адамның тәлімді, көрегенді, әдепті, биязы, назды болып өсуіне ерекше көңіл бөледі. Мұнда жар іздесең – жаны сұлуды іздегің,- деп кеңес береді.

«Жігіттің көңілі өтпес ат мінбесе, Не пайда, ат мінгенмен, зат білмесе. Жігіттің бақытты әсте ашылмайды, Алдынан сүйген сәуле тап келмесе», [4, 421-бет]

-деп, «көріктің бәрі көрегенді бола бермейді» - деген ақыл-кеңесті де халық жастарға ерте ескертуді ойлайды.

Әдебиеттер

  1. М.Әлімбетов. «Толқынмен жүректі жадыратып». Мұрагер.№1. 1994ж.
  2. И.Жақанов. «Ғашықтық әндер». – Алматы, 1992ж.
  3. С.Ақатаев. «Інжу-маржан секілді». – Алматы, 1995ж.
  4. О.Асқар. «Қара өлең». – Алматы, 1997ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.