Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ хандығы тұсындағы оңтүстік қазақстан қалаларының қалыптасуы мен даму тарихы

Мақалада ХV-ХVІ ғасырларда, яғни Қазақ хандығы қалыптасып, даму кезіндегі Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі ортағасырлық қалалардың тарихы туралы мәліметтер берілген. Көптеген деректер мен тарихнамалық мағлұматтарға сүйпене отырып, сол замандағы Оңтүстік қалалардың экономикалық және әлеуметтік функциялары талданған. Сонымен қатар, олардың қалыптасуы мен даму тарихы жан-жақты салыстырмалы әдіс бойынша қарастырылған.

Кілт сөздер: Қазақ хандығы, Оңтүстік өңірі, ортағасырлық қалалалар, жазба деректер, Мұхаммад Шайбани, Түркістан, Ташкент.

Қазақ хандығының қалыптасуында бір ерекшелік бар, ол бір мемлекет ішінде бір-біріне ұқсамайтын түрлі көшпелі, қалалық және отырықшы-егінші секілді шаруашылық-мәдени кешендердің болуы еді. Сыр бойындағы қалалардың барлығы дерлік Қазақ хандығының құрамына ХVІ ғасырдың соңында енді. Қазақ хандықтары құрамында қалалар болғанын қытай деректері де растайды. Қытай деректері Ұлы жүзді (қытай деректері бойынша «Батыс қазақ ордасы») сипаттай отырып, оның Орта жүзбен салыстырғандағы ерекшелігіне назар салады: «Бұл орда тіршілік тұрғысынан Шығыс ордамен ұқсас, алайда онымен салыстырғанда қалалар бар» - «Сия орда в образе жизни сходствует с Восточной ордою, но в отличие имеет города» . Цин дәуіріндегі Орта жүз қазақтарына арналған тарауда бұл ұлыс орта жүз деп аталады, орталығы Есілде және ханы Кэштын қаласында: «В настоящее время улус ханский называется Отраюйзцы, резиденция при Йешим и хан живет в городе Кэштыне» [1].

Жазба деректерде аталатын және археологиялық зерттеулер арқасында белгілі болған Оңтүстік Қазақстанның қалаларының басым бөлігі қазақ халқы қалыптаспай тұрып және Қазақ хандығы құрылуынан бұрын пайда болғанына қарамастан, олардың археологиялық құландылары қазақтардың тарихи-мәдени ескерткіштері болып табылады. Аймақта жүрген этникалық процесстер барысында ежелгі отырықшы, қалалық халықтың бір тобы қазақ халқының құрамына енді. Ортағасырлық қалалар Қазақ хандығы тарихымен, қазақтардың шығу тегімен, мәдени және рухани мәдениетімен тығыз байланыста болды.

Қазақ хандығы қалыптасқан Шу мен Қозыбасы аралығында қалалар болған емес. Археологтар-дың зерттеулері тек Аспара мен Таразда, Төрткүл қалашығында ғана ХV-ХVІ ғғ. тіршілік қабаттарын анықтаған. Батыс Моғолстан аймағында жеке хандық құрған алғашқы қазақ хандары өз бабаларына - Орда Ежен ұрпағына, бабасы мен әкесіне (Орысхан мен Бараққа) тиесілі көрші Түркістан аймағындағы қалаларды қайтаруға әрекет жасады.

Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілқайыр 1468-1469 жж. қайтыс болған соң, қазақ хандары бірден Түркістан үшін күресті бастады.

«Таварих-и гузида-йи нусрат-наме» көрсетуінше 1470 ж. Түркістанға Керей хан жау болып келген: «пришел врагом Кирай-хан» [2]. Жазба деректерге қарағанда, қазақтардың қол астына өткен ірі қалашықтардың бірі Қаратаудың солтүстік беткейінде орналасқан Созақ қаласы болды. Созақ уалаятына қарасты профессор С.Жолдасбаев тағы бір топ қалашықтар, олардың ішінде Күлтөбе мен Ран атты елдімекендерді тауып зерттеді. Созақ билеушісі болып Жәнібек ханның үлкен ұлы Махмұт сұлтан тағайындалды. Жәнібектің Иренші сұлтаны Сауран қаласының билеушісі болды.

1472 ж. Мұхаммад Шайбани тағы Түркістан қалаларын өзіне қаратып Түркістан уалаятында орнығуға тырысты. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыста қазақтардың негізгі тірегі Созақ қаласы және оның маңындағы елдімекендер болды. «Шайбани-наме» атты дерекке қарағанда қазақ билеушілері Созақ пен Қаракорын іргесінде тұратындардан жаяу және атты әскер жинап, олардан бір үлкен жасақ құрды - «собрав пешие и конные войска из людей Сузака и окрестностей Кара-Куруна, соединили [их в одно] большое войско» [4].

Шайбани Оңтүстік Қазақстандағы ірі қалалардың бірі - Сығанақты басып алады. Оның бұл әрекеті Түркістандағы темірліктердің өкілі Мазид тарханның Бұрындық ханмен бірігіп қарсы жорыққа шығуға әкеліп соқты. Осы соғыстың алдында «Шайбани наменің» хабарлауынша, Бұрындық әскерімен Отырар іргесінде қыстап шығады. Сығанақтан Шайбанидің осы жолғы кетуі жайында

«Шайбани-намеде» қызық деректер келтіріледі. Бұрындықтың Мұхаммадты Сығанақтан ығысты- руы барысындағы соғыста көп халық қырылған соң, қала басшылары Қази Садр ал-Ислам, Шықмақ жүзбегі және Сиддик шайқы қала халқын шақырып алып, «Бұл уалаят бұрын Бұрындық ханға қараған. Дұрысы Бұрындыққа қайтару болады», - деп шешеді де, оны іске асырады. Аркукқа тығылған Мұхаммед Шайбаниді Бұрындық хан мен Жәнібектің ұлдары Мұхаммед Мазид тархан әскерімен бірге қоршап, оны кетуге мәжбүрлейді

Алайда, ХV ғ. аяғында қазақ хандарының күшеюінен қауіптенген моғол ханы Сұлтан Махмуд Ташкент жақтан әскермен шығып, Отырарды басып алады. Ол Шайбаниге арнайы хат жолдап, оны Отырарға шақырады. Осы жерде өзара бітім жасасып, оған Отырарды береді. «Шайбани-наме» шығармасында бұл одақ деп аталады, ал негізінде бұл Мұхаммад Шайбанидің Сұлтан Махмуд ханға тәуелді болуы, яғни оның қарамағына қызметке тұруы деп бағаланады.

«Таварих и Гузида-ий Нусрат-наменің» жазбагерінің айтуынша, Сұлтан Мұхаммад хан Отырарда ұлы той жасап, Мұхаммад Шайбаниге хандық шапан жауып құрмет көрсетеді, бір-бірімізге қиын-қыспақ жағдайда қол ұшын береміз деп уәделесіп, шартқа отырады. Сөйтіп, моғол ханы Отырарды Шайбаниге беріп, өзі Ташкентке кетеді.

Бұл жағдай, әрине, Бұрындық хан мен Жәнібек ұлдарының наразылығын туғызады. Шайбани қазақ билеушілерінің әскеріне қарсы тұра алмайтындығын сезіп, Отырар қамалының ішіне тығылады. Шайбанидің қоршауда қалғандығын естіген Сұлтан Махмуд хан көмекке әскер жіберіп, Бұрындық хан мен Шайбанидің бітімге келуіне себепкер болады. Осы жағдайлардан кейін қазақ хандарымен одақтасып жүрген Мұхаммад Мазид тарханды Шайбани хан өзіне тартпақшы болады. Бірақ оның бұл әрекетінен еш нәтиже болмағандықтан Ясыда тұрған Мазид тарханға қарсы жорыққа аттанады. Отырар мен Ясының ортасында болған шайқаста Мазид тархан жеңіліп тұтқындалады. Оның қолына кісен салынып, Отырарға аттандырылады. Бұл хабар Сұлтан Махмұд моғолға жетіп, ол да Отырарға аттанады. Екі билеуші той- думан өткізіпті. Алайда, Мұхаммад Шайбанидің күшеюінен қауіптенген Сұлтан Махмұд хан енді қазақ ханы Бұрындықпен одақтасып, Отырардан Шайбаниді ығыстыру мақсатында жорық ұйымдастырады. Бұл кезде Отырарда Мұхаммад Шайбанидің ұлы Мұхаммад Темір Сұлтан болыпты. Отырарды қоршауға алған Бұрындық хан әскері қала ішіне енуге әрекет етеді. Шайбанилік шығарма бойынша 30 мыңдай әскер күнделікті үлкен шайқас жүргізіпті. Алайда, Отырарды алу қолдарынан келмей, жорық екі жақты бітіммен аяқталады. Осымен қатар, жазба деректерде Сұлтан Махмұд ханның әйгілі батырларының бірі Әмір Ахмадтың Отырарды тонамақ болып жорыққа аттанғаны, алайда қорған ішіне ене алмай тек қала төңірегін тонап қайтқаны әңгімеленеді. Бұл оқиға шамамен 1494-1495 жж. болған деп болжамдалады.

ХV ғ. 90-жылдарының басында моғолдық ханның көмегімен Шайбани Отырар, Сауран және Ясыны өзіне қаратты. ХV ғ. аяғында қазақ хандары және Мұхаммад Шайбани арасындағы күрес уақытша бейбіт жолмен шешілді. Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Сығанақ, Сауран және осыларға іргелес жатқан Қаратау ауданымен Созақ және басқа да елдімекендер қазақ хандары қолында қалды [5].

ХVІ ғ. Түркістан қалалары үшін күрес жалғасты. ХVІ ғ. басында Қасымхан Түркістан қалаларының ішіндегі қиыр оңтүстікте орналасқан Сайрам қаласын басып алады. Осылай Сырдарияның орта ағысындағы қалалардың басым бөлігі Қасым хандығының құрамында болды. Сол кезеңде қазақ хандары Дешті Қыпшақтың батысында орналасқан Сарайшықты басып алды. Мырза Мұхаммад Хайдардың хабарлауынша Бұрындық хан Сарайшықта орналасқан . Осы қалада Қасымханның қайтыс болуы және ХVІ ғ. бүлікшілік кезеңі басталуы қазақ билеушілерінің осы қаладан кетуге мәжбүр етті. Сарайшық осыдан кейін Ноғай Ордасының орталық қаласына қайта айналды. Қазақ хандықтары нығайған кезде дала хандарының билігі Орта Азияның бір топ қалаларына дейін жүрді. Ал қазақ хандықтары әлсіреген кезде қазақтар Түркістан уалаятына қарасты біртоп қалаларды жоғалтып отырды. Тек ХVІ ғ. аяғында қазақтар Түркістан уалаятының барлық қалаларын өздеріне тұрақты қаратады.

Тәуке хан кезінде Сырдария бойындағы қазақтарға бағынышты қалалар саны 32 жетті. Осы санды бір саудагерге сілтеме жасай отырып, ХVІІ-ХVІІІ ғғ. шетелдік ғалым Н.Витсен келтіреді: «в то время как на козакских территориях в целом можно насчитать тридцать два маленьких городка». Оның пікірінше бұлар шағын қалашықтар еді. Қалаларды басқару жүйесін хан тағайындаған әкімдер жүргізді. Олар ханның жақын туысқандары- сұлтандар болды. Н. Витсенның хабарлауынша, Тәуке кезінде Созақ қаласында билеуші болып, «Абла-султан» - Абылай сұлтан (болашақ Абылай ханның атасы), Сауран қаласын - «Каз- султан» (болашақ Әбілқайыр ханның әкесі Кажы), Сырнак қаласын (Сығанақ қаласы – М.А.) - Есім сұлтан (Қаип- султанның әкесі), Иқанда - «Булат-султан» (Әбілмамбет ханның әкесі), Отров (Отырар қаласы - М.А.) - Тұрсон хан, Сайрам қаласында Қарабас-султан болды . Хандар астаналық қалалардан (яғни Түркістан мен Ташкенттен) сыртқа шыққанда олардың сенімді адамдары - «дятьки их» - басқарып отырған. Ташкентте Жолбарыс ханның сенімді адамы Ұлы жүздің атақтысы - Төле би болатын. Оны бір орыс дерегінде хандардан да жоғары құрметтеледі деп көрсетеді. «Большой Орды знатнейший кайсаченин Тюля бий, который и в Ташкенте больше хана владельцем почитается». Түркістанда ерекше сенімге ие болған Нияз батыр болды. Ол жөнінде орыс дерегінде Орта жүздің атақтысы, Семеке хан кезінде үлкен билікке ие болған, ал Нияз батыр қайтыс болған соң Түркістанды басқарып Әбілмәмбетті хандыққа отырғызды делінеді:

«Средней Орды знатнейший старшина Нияз-батыр, о котором известно, что он во время Шемяки- хана в Туркестанте великую силу имел, а по смерти его Туркестантом управлял и Абулмамет-хана на ханство утвердил» [6].

Оңтүстік Қазақстан қалаларына орасан соққы берген жоңғарлардың шапқыншылығы болды. Жоңғар жорықтары кезінде Сайрам мен Созақ қиратылып, ойсырап қалды. XVIII ғ. аяғында Созақта бар болғаны 40 үй қалыпты. Н.Алимовтың хабарлауынша, Созақ шағын қала болмаған, оны қалмақтар талқандап, тұрғындарын өздеріне көшіріп алды - «Сузак был город немалый, а разорили калмыки и людей к себе вывезли». Шади төре Жәңгірұлының айтуынша, Абылай хан Созақты қайта көтеру үшін Оңтүстіктің басқа аймақтарынан отырықшы халықты аталған қалаға көшірген [7].

Қазақтардың этникалық территориясында қалыптасып дамыған Сыр бойындағы қалалар үшін көпжылдық күрес Тәуекел ханның тұсында аяқталды. 1598 ж. Қазақ хандығының құрамына Түркістан өңіріндегі барлық қалалар енеді де, қазақтардың қарамағында 1723 ж. дейін болады. Кейінгі ортағасырлық Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары Қазақ хандығының негізгі саяси және экономикалық орталығы статусын сақтап қалды. 1723 ж. Цэван-Рабтан қазақтарды жеңіп, Сайрам, Түркістан қалаларын өзіне қаратты. ХVІІІ ғасырда аймақтағы саяси жағдайдың шиеленісуі мен саяси өмірдегі қолайсыздықтар жоңғар шапқыншылығы, қазақ хандарының өзара соғысы, өңірдегі қалалардың бұқаралық, ташкенттік билеушілердің басып алуы секілді оқиғалар Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың дамуына кері әсерін тигізді, нәтижесінде өңірдегі қалалар саны азайып, жергілікті сауда мен қолөнер орталығы ретінде танылған кішігірім қалашықтар болғандығы анық.

К.М.Байпақовтың аталған зерттеу бойынша тізіміндегі археологиялық нысаналары - кейінгі ортағасырлық қалашықтар ретінде саналатындары: Сайрам, Отырартөбе, Түркістан (басқаша Ескі Түркістан), Сауран, Сұнақата, Созақ, Төрткүлтөбе, Қараспан ІІ, Иқан, Ішкан /басқаша Ішкент/,Сортөбе, Жөйнектөбе /басқаша Иугнак/, Төрткүл ІІ /басқаша Қарашық/, Сүткент ІІ, Қауғаната, Бозық, Қотан, Қырүзгент /Өзкент/, Аққорған, Күлтөбе, Ран, Шаға, Шымкент. Бұған қоса, М.Тұякбаев Түркістан ауданы бойынша Абдал-Мәлік- Ташанак, Қосқорған, Саухым-ата, Күлтөбе-Оранғай, Төрткүл-Бабайқорған, Міртөбе, Жаңа Сауран, Төрткүл-Күшата ескерткіштерін атайды [8]

Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының құрамына енетін қалалар саны жайлы жазба деректерде нақты мәлімет берілмейді, тіпті олардың атаулары берілген тізімде бірізділік байқалмайды. Біздің ойымызша, қалалар саны жайлы жазба деректерде әр түрлі мәліметтердің берілуі, біріншіден, қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың дүркін-дүркін шабуылынан кішігірім қалашықтардың құлдырауынан қалалар саны қысқарып отырды, екіншіден, алдыңғы кезеңдерде кішігірім елдімекен ретінде танымал болған қалашықтар уақыт өте келе аумағы кеңіп, үлкен қалаға айналған.

Ал археологиялық деректерді саралайтын болсақ, Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалаларда стратиграфиялық қима түсіру нәтижесінде ХV-ХVІІІ ғғ. тиесілі 31 қала мен қалашық орнын анықтаған және әлі де қазба барысында анықталуда. Әрине археологиялық зерттеу нысаны болған қалашықтардың барлығы үлкен қала болмаған, тіпті олар көлемі шағын елдімекен болса да қала санатына жатқызылып зерттелген десе де болады.

Әдебиеттер

  1. Алдабергенова М.К. Социально-экономическое развитие городов Южного Казахстана (ХV-ХVІІІ вв.) // Витязь. - 2010. - № 5. - С. 4-8.
  2. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // ТИИАЭ АН КазССР. - Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской СССР, 1958. – Т.5. - 215 с.
  3. Байпақов К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (VІ-начала ХІІІ вв.). - Алма-Ата: Наука, 1986. - 256 с.
  4. Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (VІ ғ. басы-ХІІІ ғ. басы). - Алматы: Ғылым, 1994. - 90 б.
  5. Байтанаев Б.А. Древний и средневековый Испиджаб: автореф. докт. ист. наук. - Алматы, 2008. - 57 с. 6. Книга Большому Чертежу (памятник ХVІІ в.). - М.; Л., 1950. - 228 с.
  6. 7. Федчина В.Н. Как создавалась карта Средней Азии. - М.: Наука, 1967. - 132 с.
  7. 8. Лялина М.А. Путешествие по Туркестану Н.А.Северцова и А.П.Федченко. - СПб.: Издание А.Ф.Девриена, 1894. - 267 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.