Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қатерлі ісікке алып келетін негізгі нозологиялардың таралуы және олардан туындайтын қатерлі ісік ауруын

Ғылыми мақалада жергілікті емдеу-профилактика ұйымдарда онкологиялық ауруларды туындататын қатерлі ісік алды патологияларының профилактикасы мен олардың обырға айналу кезеңінде дер кезінде анықтау жұмыстарының сапасы келтірілген. Қатерлі ісікке ең жиі алып келетін потологияларға «диффузды кистозды мастопатия» 20,2 (95 % СИ:19,6-20,9 %), «жатыр мойны дисплазиясы» 19,9 (95 % СИ: 16,3-17,5 %), «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» 9,6 (95 % СИ: 9,1-10,0 %), және «асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті» 6,6 (95 % СИ: 6,2-7,0 %) аурулары жатады.

Кілт сөздер: қатерлі ісік алды патологиялары, ерте диагностика, профилактика,

диспансеризация, сапалы емдеу.

Қазіргі таңда қатерлі ісік және қатерлі ісік алды аурулары әлеуметтік құндылығы жоғары аурулардың қатарына жатады.

Қатерлі ісік алды аурулары - бұл қатерлі ісікке ауысу тәуекелі өте жоғары патологиялар болып табылады. Алғаш рет «қатерлі ісік алды жағдайлар» ұғымын 1896 жылы Лондон қаласында өткен дермотологтар конгресінде М.В. Дюбрейл ұсынған болатын. Қәзір бұл ұғым онкология саласында кеңінен пайдаланылуда [6].

Қатерлі ісік алды ауруларын онкологиялық патологияларға ауысу тәуекел ықтималдығы бойынша екі түрге бөлуге болады. Облигатты және факультативті, облигатты қатерлі іск алды аурулардан қатерлі ісктің даму ықтималдығы өте жоғары, ал факультативті аурулардың тек 0,1 - 5% ғана қатерлі ісікке айналады. Қатерлі ісік алды ауруларының бірнеше түрлері бар. Мысалы, асқазан- ішек жолдарының обыр алды патологиялары ретінде созылмалы гастритті атауға болады [6]. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы-ның (ДДСҰ) берген статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, онда жер беті халықының 80-90 %-на созылмалы гастрит ауруының диагнозы қойылған [7, 8]. Ал созыл-малы гастритке шалдыққан науқастардың 60-70% еңбекке қаблетті жас аралығындағы тұрғындар құрайды. Асқазанның ойық жара ауруы және дуоденит балалық және жасөспірім жастан бастау алып, 20-30 жас аралығындағы науқастарда клиникалық белгілерін байқатады және оның басым бөлігі ер кісілерде кездеседі [1, 2]. Тұрғындар арасында асқазанның метаплазия-сы мен дисплазиясының кездесуі 1,3%-дан 50 %-ға дейін жетеді. Асқазанның облигатты сипаттағы қатерлі ісік алды ауруына атрофиялық-гиперпластикалық гастрит (20-75 %) жатқызылуда [3, 4].

Бауырда туындайтын қатерлі ісіктің алдындағы патология ретінде созылмалы гепатит пен бауыр циррозын атауға болады.

Сүт безі үшін қатерлі ісік алды аурулары ретінде мастопатия мен гормональді бұзылыстан туындаған созылмалы аурулар жатады. Жүргізілген ғылыми зерттеулердің мәліметінше сүт безі қатерлі ісіктеріне оның фиброзды кистозды мастапатиялары (60-65 %) аса жиі алып келуде [5].

Сонымен қатар, қатерлі ісік алды аурулары деп жатыр мойны мен денесінің созылмалы ауруларын, эндометрийдің безді гиперплазиясын, жатыр мойны эрозиясын, лейкоплакияны, полиптерді айтуға болады.

Қалқанша безінің рак алды ауруы ретінде қалқанша безінің түйіндерін, зат алмасудың бұзылуы, дегенеративті өзгерістердің дамуы атауға болады [9].

Тері қатерлі ісік алды ауруларына ультракүлгін сәулелер әсерінен кейінгі осы тіннің радиациялық жарақаты, дерматиттер, меланома, қауыпты невустар жатады [10,11].

Жүзеге асырылған әдеби шолу нәтижесі қатерлі ісікке алып келетін негізгі нозологиялардың таралуы мен олардың онкологиялық аурулардың қалыптасуына қосатын үлесі туралы ғылыми нәтижелердің өте аз және тәжірибелік мағынасы төмен екендігін көрсетті. Ал олардан туындайтын қатерлі ісік ауруының дер кезінде анықталу деңгейі мүлдем сын көтермейтіндігін байқатты.

Зерттеу мақсаты: Қатерлі ісікке алып келетін негізгі нозологиялардың таралуы мен олардан туындайтын қатерлі ісік ауруларын дер кезінде анықтау жұмыстарын жетілдіруді ғылыми тұрғыда негіздеп, тәжірибеге ендіру.

Зерттеу әдістері мен материалдар: Ғылыми диссертация жұмысы аясында, 01.09. 2014 – 01.09.2017 жыл аралығында бір мезеттік көлденең зерттеу жүргізілді. Ғылыми зерттеуді жүргіздіру үшін этикалық рұқсатнама Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің этикалық комитетінен алынды (29.10.2015 ж. №9а хаттама).

Қатерлі ісік алды аурулардың қазіргі таңда кездесіп жатқан түрлері анықтау мақсатында ОҚО Шымкент қаласының (№1, №2, №3, №4, №5, №6, №8, №9, №10, №11, №12, орталық емхана) емханаларында қатерлі ісік алды аурлармен жалпы диспансерлік есепке тіркелген 16511 науқастың амбулаторлы картасын зерттедік. Іріктеу әр емханада электронды базаның көмегімен жүргізілді, яғни диспансерлік есепке алынған барлық тұрғындардың ішінен соңғы 10- жылда қатерлі ісік алды ауруымен тіркелген, ем қабылдаған науқастар тізімін шығардық. Амбулаторлы картасы табылмаған, картада мәлімет толық жазылмаған, басқа қалаға немесе басқа ауданға көшкен науқастар іріктеу тізімінен шығарылды. Соңғы іріктеу N=15111 амбулаторлы картаны құрады. Сапалық деректерді сипаттау үшін пайыздық көрсеткіштегі жиілік пен үлестер қолданылды. Іріктеу ортасы үшін, іріктеу үлесі үшін СИ есептелді.

Есептеулер компьютерде MS Excel программасын қолдану арқылы және зерттеу барысында алынған деректер SPSS байқау нұсқасын (SPSS Inc 17, Чикаго, IL, АҚШ) пайдаланып статистикалық талдау жасалынды.

Негізгі нәтижелер: Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының арасында қатерлі ісік ауруының негізгі себебі болатын назологиялар өте жиі кездеседі. Осындай қауіпті аурулардың қатарында сүт безі қатерлі ісік алды аурулары ерекше орын алады. Біздің жүргізген эпаидемиологиялық зерттеулер барысында олардың жалпы кездесу жиілігі 3065 оқиғаны құрады. Олардың барлығы дерлік диффузды кистозды мастопатиялар болып шықты. Осы ауруларддың қатерлі ісікке айналу деңгейі 46,2 % құрады. Айта кететін жағдай, бұл аурулардың қатерлі ісікке айналудан кейінгі дер кезінде анықталу деңгейінің аса жоғары болмауы көңіл аудара-ды. Олардың 26,9 % қатерлі ісік ауруының бірінші сатысында және 29,3 % екінші сатысында анықталып отыр. Ал қатерлі ісіктің ІІІ және ІV сатысында ғана анықталған түрлерінің деңгейі 47,2% жетеді. Бұл жерде дуффузды кистозды мастопатияның дер кезде анықталмауы онкологиялық науқастардың 5 жылдық өміршеңдігіне тікелей әсер ететіндігін көрсетті. Осы аурулардың 65,8%-ғана қатерлі ісікке байланысты 5 жыл өмір сүрген болып шықты, ал қалғандары қатерлі ісіктің бастап-қы кезеңдерінде- ақ өлім-жітімге ұшыраған [12, 13].

Біздің статистикалық деректерге қарағанда онкологиялық аурулардың басым бөлігі (75%) төртінше кезеңінде өлімге ұшыраған. Осыған қарағанда аурулардың ерте анықталған түрлерінің болашақта оның III және ІV сатысына дейін жету мүмкіндігі орта есеппен 25 % дейін жететін болып шықты. Бұл жағдай қатерлі ісікті бірінші және енкінші сатысындан анықтау олардың 5 жыл өмір сүруіне негіз бола алмайтындығын байқатады. Оның негізгі себептері аурулардың арасындағы санитарлық ағарту жұмысының жеткіліксіздігі, олардың дер кезінде диспансерлік орталыққа жатпауы және олардың ауруының даму сатысына сай сапалы медициналық көмекті алмауы болып табылады. Осыған қарағанда онкологиялық ауруларды ерте кезеңнен анықтау жұмысын жетілдірумен қатар, олардың арасында дер кезінде онколог мамандарына қаралу керектігі туралы және қатерлі ісік ауруларының І, ІІ сатысында толық емдеуге болатыны туралы ағарту жұмыстарының төмен екендігі байқатады.

Ал қол жеткізген нәтижелер, патологияның І және ІІ сатысындағы науқастардың арасында онкологиялық диспансерде алған емдеу шараларының бүгінгі күннің талабына толық сай емес екендігін көрсетеді. Сондықтан онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтау жұмыс осы патологияларға алып келетін қатерлі себептері бар тұрғындардың арасында скрининг және диспансеризация шараларын жетілдіруден бастау керектігін көрсетеді.

Ал дер кезінде анықталған қатерлі ісіктердің І,ІІ сатысындағы патологиялары бар науқастарды оның толық жазылатындығы туралы сенімділік қалыптастырып арнайы онкологиялық көмекке дер кезінде қаралуын қамтамасыз ету амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жалпы тәжрибелік дәрігер- лерінің басты міндеті болуы тиіс. Дәл осы жұмыс қатерлі ісікке алып келетін нозологиясы бар тұрғындар арасындағы санитарлық – ағарту жұмысының басты мақсаты десе де болады. Аурудың І, ІІ сатысында онкологтарға қаралған науқастар-ға міндетті түрде полиативтік (операциялық) жолмен және химиятерапия мен радиотера-пияның көмегімен қатерлі ісіктің көзін жоюға күш салу керек. Бұл үшін онкологиялық ораталықтың мамандары жоғары білікті әрігерлер болуы тиіс [14].

Зерттеу барысында қатерлі ісікке алып келетін нозологиялардың көбінесе келесідей түрлері кездесетіндігін көрсетті. Олардың қатерлі ісікке өту мүмкіндіктері өте жоғары болып келеді. Осындай қатерлі ісікке алып келу мүмкіндігі орташа, бірақ жиі кездескен фондық нозологиялардың қатарына өңештің рефлюкс эзофагиті (қатерлі ісікке өту мүмкіндігі 65,9%), созылмалы атрофиялық гастрит (54,8 %), мелонома тәріздес невус (77,3 %), созылмалы гепатит (58,2%) жатады. Ал қатерлі ісікке алып келу мүмкіншілігі жоғары нозологиялардың қатарына жатыр мойны дисплазиясы (38,4%), өңештің атрофиялық эзофагиті (30,4%), асқазан полипі (43,6%), асқазан жарасы (41,4%), тік ішек полипі (38,6%), өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (39,5%), бауыр циррозы (42%), бүйрек кистасы (39,2%), созылмалы пиолонефрит (28,1%), бүйректің тас байлау аурулары (28%) жатқызылды. Осындай аурулардың қатарында қатерлі ісікке сирек алып келетін нозологиялар да кездесіп отыр [15, 16, 22].

Олардың қатарында өңеш полипі (13%), терінің тыртық жағдайлары(13%) бар. Айта кететін жағдай қатерлі ісікке айналудың алғашқы І, ІІ сатысында көбінесе өңеш полипі (79,1%), созылмалы пилонефрит (90,3%), бүйрек кистасы (89,1%) және өкпенің созылмалы обструктивті аурулары (58,1%) анықталады. Ал осы қатерлі ісікке алып келетін нозологиялардан онкологиялық ауруларға өтуін дер кезінде анықтаудың төмен деңгейі созылмалы атрофиялы гастритте (33,3 %) байқалады. Қатерлі ісікке айналған нозологиялары бар тұрғындарға соңғы диагноз қойылғаннан кейінгі 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы ең жоғары деңгейде асқазан жарасына байланысты (75,5%), терінің тыртық жағдайларында туындаған фиброзданудан ракка айналу барысында (73,6%), милонома тәріздес невусқа байланысты (83,9%), жатыр мойны поллипіне байланысты (75%), жатыр мойны дисплазиясына байланысты (65,9%), өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына байланысты (59,6%(, бүйрек кистасына байланысты (58,1%), бүйректің тас байлауы (58,5%) және созылмалы гепатитке байланысты (48,9%) қалыптасатын болып шықты. Ал 5 жылдық өміршеңдіктің төмен болуы өңештің атрофиялық эзофагитіне (31%), өңештің рефлюкс эзофагитіне (37,4%), созылмалы атрофиялық гастритке (28,4%), бауыр циррозына (24,8%), созылмалы пиолонефритке (3,6%) байланысты анықталып отыр[17, 18, 20].

Талқылау

Сонымен алынған деректер қатерлі ісікке алып келетін нозологиялардың алдын алу шараларының және олардың қатерлі ісікке айналу деңгейінің өте жоғары деңгейде қалып отыруының негізгі себебі ретіне осы аурулардың арасында онкологиялық патаологияға айналу қауіпін дұрыс бағаламаудан туындап отыр деуге болады. Ол жағдайдың оңалуын қамтамасыз ету үшін қатерлі ісікке алып келетін негізгі нозологиялар бойынша жүргізілетін скринигтік жұмысты дұрыс ұйымдастыру қажет. Әсіресе осы аурулармен жиі ұшырасатын амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жалпы тәжірибелік дәрігерлердің арасында жүзеге асырылатын оқу-әдістемелік жұмыстарын қолға алып, олардың күнделікті жүргізілетін жұмысына қатаң санитарлық-гигиеналық мониторинг орнату қажет [19, 21].

Әрбір қатерлі ісікке алып келетін аурулары анықталған науқастарды толыққанды клиникалық - лабораторлық зерттеулерден өткізіп, оларды онколог мамандарға уақытысында көрсетіп кеңес алуды қамтамасыз ету керек. Ал қатерлі ісік ауруларының алғашқы белгілері пайда болған ауруларды психологиялық тұрғыда дұрыс даярлап, онкологиялық орталықтарда толыққанды зерттеп және сапалы емдік шараларды алуға бағыттау қажет. Тек дұрыс ұйымдастырылған скринигтік және диспансеризациялық шаралар қатерлі ісіктердің алғашқы сатыларында анықтап, олардың 5 жылдық өміршеңдігін ұзартуға мүмкіндік береді.

Бірқатар авторлармен 2017 жылы обсервациялық зерттеу жүргізілген. Қорытындыда сүт безі түтікшелерінің гиперлазиясы жиі қатерлі ісік алды аурулары болып жиі кездескен [22]. 2017 жылы бірқатар авторлармен сүт безі қатерлі ісік алды ауруы 6271 әйелде төмен деңгейде анықталған, 1132 (18,0%) өте төмендеңгей де байқалған, 2921 (46,6%) айқынсыз болған. Қатерлі ісік дамуының статистикалық маңыздылығы анықталған [23]. Кытай елінде 2017 жылы асқазан қатерлі ісік алды ауруының кездесу жиілігі бір қатар авторлармен анықталған. Асқазан эрозиясы, полипы және асқазан жарасы жиі кездескен [24].

Қорытынды:

1. Қатерлі ісікке ең жиі алып келетін потологияларға «диффузды кистозды мастопатия» 20,2 (95 % СИ:19,6-20,9 %), «жатыр мойны дисплазиясы» 19,9 (95 % СИ: 16,3-17,5 %), «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» 9,6 (95 % СИ: 9,1-10,0 %), және «асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті» 6,6 (95 % СИ: 6,2-7,0 %) аурулары жатады.

2.Өңештің рефлюкс эзофагитіның қатерлі ісікке ауысуын дер кезінде анықтау нәтижесінде 5 жылдық өмір сүргендердің үлесі 36,1 % құрады, ал созылмалы атрофиялық гастрит ауруынан туындаған ҚІ аруларының 5 жылдық өміршеңдігі 28,4% ғана болып шықты. Алынған деректерге қарағанда скринингтік тексеру және аурудың ерте кезеңінде анықтау деңгейі өте төмен болып отыр сондықтан диспансеризация нәтижелері төмен болып қалуда.

3.Егер қатерлі ісіктерге шалдыққандардың басым бөлігін зейнеткерлік жастағылар құраса (56,9), еңбекке қаблетті жас аралығындағы тұрғындар арасында кездескен қатерлі ісік ауруларының үлес салмағы 42,8 % жетіп отыр. Бұл жағдай қатерлі ісіктің әлеуметтік – экономикалық маңыздылығының жоғарлығын көрсетеді.

Тәжірибелік ұсыныстар:

  1. .Қатерлі ісікке алып келетін ауруларды дер кезінде анықтап сапалы емдеу шараларын жүзеге асырудың маңызы үлкен. Қатерлі ісік алды ауруларды арнайы электронды регистірге теркеуді, қатерлі ісік алдындағы патологиялары бар пациенттерді міндетті түрде онколог дәрігерлерге көрсету және динамикалық бақылауға алу, олардың қатерлі ісікке айналу бастамасын дер кезінде анықтауға жол ашады. Ал сапалы ұйымдастырылған емдеу-профилактикалық шаралар олардың жазылуына немесе 5 жылға дейін өмір сүру көрсеткішіне оңтайлы әсерін тигізеді.
  2. .Жеке қатерлі ісік ауруларына алып келетін патологиялардың диагностикасын жақсартуға бағытталған шаралар онкологиялық ауруларға шалдығу деңгейін төмендетуге жол ашады. Ал дер кезінде анықтау деңгейі төмен аурулардың қатарында өңештің созылмалы рефлюкс эзофагиті, созылмалы атрофиялық гастрит, бауыр цирозы, бауырдың созылмалы гепатиті, ішек полипы аурулары бар.

Әдебиеттер

  1. 1. Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Султанбеков К.А., Несипбаева З.Ж. Территориальные и экологические особенности распространения онкологических патологии в Южно-Казахстанской области // 2015. № 4 (73). P 29-32.
  2. 2. Булешов М.А. Тажибаева К.Н., Булешова А.М. Жанабаев Н.С. Гржибовский A.М. Оңтүстік қазақстан облысында аймақтық дәрігерлердің пікірі бойынша қатерлі ісік ауруына күдік туғызған пациенттердің диагностикалық тексеруден бас тарту себептері. //Наука и здравоохранение. 2016. № 5 С. 90-100.
  3. Гржибовский А.М., Иванов С.В. Поперечные (одномоментные) исследования в здравоохранения // Наука и Здравоохранение. 2015. №2. С. 5-18.
  4. Гржибовский А.М. Доверительные интервалы для частот и долей // Экология человека. 2008. №5. С. 57-60.
  5. Котелевец С.М. Как проводить скрининги профилактику предраковых состояний желудка. Программы по скринингу и профилактике предраковых состояний желудка, реализующейся в Карачаево-Черкесской Республике (практические рекомендации) // Дневник Казанской медицинской школы. 2014. № 1. С. 11- 15.
  6. Котелевец С.М. Возрастная динамика инфицированности Helicobacterpylori у старших возрастных групп // Дневник Казанской медицинской школы. 2015. № 2. С. 11-12.
  7. Котелевец С.М. Популяционные особенности в распространенности инфекции Helicobacterpylori // Дневник Казанской медицинской школы. 2016. № 1. С. 14-16.
  8. Тажибаева К.Н. Жанабаев Н.С., Керимов Р.А., Булешов М.А. Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындар арасындағы онкологиялық аурулардың скрининг тәсілімен анықталуының кәзіргі таңдағы жағдайы // Вестник КазНМУ. 2015. №4. С.137-139.
  9. Тажибаева К.Н. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы еңбекке қаблетті тұрғындар арасында онкоскрининг технологияларының еңгізу тиімділігін бағалау // Астана медицина журналы. 2016. 2(88). Б.136-140.
  10. Тажибаева К.Н. Булешов М.А., Булешова А.М., Гржибовский A.М., Жанабаев Н.С. Причины отказа пациентов с подозрением на злокачественные новообразования от дальнейшего медицинского обследования, по мнению участковых врачей южно-казахстанской области // Наука и здравоохранения. Семей. 2016 г. №5. С. 90-100.
  11. Тажибаева К.Н., Булешов М.А., Булешова А.М., Гржибовский A.М. Қазақстанда және
  12. Шетелде еңбек ету жасындағы тұрғындар арасында ұйымдастырылатын онкологиялық скринингтің тиімділігін бағалау нәтижелері жүйелі әдебиеттік шолу. // Наука и здравоохранение. 2016. № 6. С. 123-145.
  13. Тажибаева К.Н., ЖанабаевН.С., Бейсембаева З.И. Оңтүстік Қазақстан облысы шымкент қаласында еңбекке қаблетті тұрғындардың медициналық-әлеуметтік өмір сүру деңгейін бағалау және онкологиялық көмекті ұйымдастыру көрсеткіштері // Астана медицина журналы. Астана. 2016. №3. С. 121-126.
  14. Тажибаева К.Н., Несипбаева З.Ж., Алдекеева А.Т. Юсупова А.Б. Оңтүстік қазақстан облысында қатерлі жаңа түзілістер бойынша тұрғындар денсаулығын бағалау // ОҚМФА «Хабаршы». 2015. № 4 (73). P. 6-9.
  15. Холматова К.К., Горбатова М.А., Харькова О.А., Гржибовский А.М. Поперечные исследования: планирование, размер выборки, анализ данных // Экология человека. 2016. №2. С. 4956.
  16. Холматова К.К., Харькова О.А., Гржибовский А.М. Классификация научных исследований в здравоохранении // Экологи человека. 2016. № 1. С. 57–64.
  17. Холматова К.К., Харькова О.А., Гржибовский А.М. Особенности применения когортных исследований в медицине и общественном здравоохранении//Экология человека. 2016. № 4. С. 56–64.
  18. Холматова К.К., Гржибовский А.М. Применение исследований «случай-контроль» в медицине и общественном здравоохранении // Экология человека. 2016. № 8. С. 53–60.
  19. Холматова К. К., Гржибовский А. М. Панельные исследования и исследования тренда в медицине и общественном здравоохранении // Экология человека. 2016. № 10. С. 57–64.
  20. Холматова К.К., Харькова О.А., Гржибовский А.М. Экспериментальные исследования в медицине и здравоохранении: планирование, обработка данных, интерпретация результатов // Экология человека. 2016. № 11. С. 50–58.
  21. Agreus L., Kuipers E.J., Kupcinskas L., Malfertheiner P., et al. Rationale in diagnosis and screening of atrophic gastritis with stomach-specific plasma biomarkers // Scand J Gastroenterol. 2012. 47. P.136-147.
  22. International Agency for Research on Cancer, World Health Organization. Schistosomiasis, liver flukes and Helicobacter pylori. IARC working group on the evaluation of carcinogenic risks to human // Monogr Eval Carcinog Risks Hum. 1994. 61. Р. 218-220.
  23. Boecker W., Stenman G., Schroeder T., Schumacher U., Loening T., Stahnke L., Löhnert C., Siering
  24. R.M., Kuper A., Samoilova V., Tiemann M., Korsching, Buchwalow I. EMulticolor immunofluorescence reveals that p63- and/or K5-positive progenitor cells contribute to normal breast epithelium and usual ductal hyperplasia but not to low-grade intraepithelial neoplasia of the breast // Virchows Archiv.- 2017. Volume 470, №5, Р. 493–504
  25. Vierkant R.A., Degnim A.C., Radisky D.C., Visscher D.W., Heinzen E.P., Frank R.D.,Winham S.J.,
  26. Frost M.H.,Scott C.G.,Jensen MR, Ghosh K., Manduca A., Brandt K.R., Whaley D.H., Hartmann L.C., Vachon C.M. Mammographic breast density and risk of breast cancer in women with atypical hyperplasia: an observational cohort study from the Mayo Clinic Benign Breast Disease (BBD) cohort // BMC Cancer. 2017. №31;17(1) Р. 84.
  27. Zhou L., Li J.L., Zhou Y., Liu J.B., Zhuang K., Gao J.F., Liu S.,Sang M., Wu J.G., Ho W.Z.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.