Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экстрагениталды патологияда жүктіліктің және босанудың ағымы

Облыстық перинаталдық орталықта 2008 және 2018 жылдыры босанған пациенткалардың амбулаториялық және босану тарихына салыстырмалы анализ жасалынды. 2018 жылы босанған пациенткалар арасында анемияның 22,1% төмендегені және жүректің туа біткен ақауына жасалынған операциядан кейін босанған пациенткалар санының артқаны анықталды.

Кілт сөздер: жүктілік, анемия, гестациалық пиелонефрит, кесар тілігі.

Экстрагениталды патология – бүл әртүрлі аурулар фонында жүкті болып жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңнің дамуы мүмкін.

Физиологиялық жүктілік кезінде ана организмінің барлық мүшелері мен жүйелерінде адаптациядық өзгерістер болады, әсіресе дені сау әйелдердің жүрек – қантамыр жүйесінде, екі организмнің тіршілік етуіне байланысты – өте маңызды өзгерістер болады. Соматикалық патология жүктілік кезіндегі әйел организміне түсетін жоғарғы жүктемеге мүшелер мен жүйелердің бейімдеу- шілік мүмкіндігін елеулі шектеп, акушерлік асқынулардың пайда болуына, құрсақішіндегі және жаңа туылған нәрестенің жағдайының нашарлауына әкелеуі мүмкін. Ал басқа жағынан әдетте жүкті- лік және босануда аурудың ағымын ауырлатып, әйел денсаулығына зиянын тигізеді,кейбір аурулар- да гестация кезіндегі өзгерістерге байланысты патологияның гестациялық түрінің – гестациялық диабет, гестациялық пиелонефриттің дамуы мүмкін.

Зерттеулер нәтижесі бойынша жүкті әйелдердің 70% созылмалы аурулармен ауырады, 86% гестация кезінде созылмалы аурулар өршіп, жедел аурлар дамиды [1]. Экстрагениталды патология ана және постнаталды өлім қүрылымында алдыңғы орында. Ана өлімі артериалды гипертензияда 33%-дан 43% дейін, мерзімінен ерте босану – 15%, преэклапсия – 18% дейін кездеседі [2].

Жүктілік кезінде экстрагениталды аурулардың ағымында болатын өзіне тән ерекшеліктер мына себептерге байланысты пайда болады:

  • гормондардың секрециясының қарқындылығының өзгеруінен;
  • организмнің реактивтігінің, сонымен қатар иммунологиялық жүйенің өзгеруінен;
  • көптеген аурулардың жүктілік кезінде өршуінің «критикалы кезені» анықталынған [ 3].

Экстрагениалды патологиясы бар жүктілер ана және перинаталды өлім мен аурулар бойынша жоғарғы қауіп тобына жатады.

Экстрагениалды аурулар арасында жиі тарағандары: анемия, созылмалы пиелонефрит және олардың басқа аурулармен қосарлануы. Жүктілік кезіндегі теміржетіспеушілік анемия акушериядағы ең маңызды мәселенің біріне жатады.

Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдерде жүкті әйел- дердің 23% анемия анықталынған [4]. Қазақстан Республикасында жүктілер арасында, әсіресе эколо- гиялық қолайсыз аймақтарда, әлеуметтік жағдайы ауыр жағдайларда анемия кең тараған [5]. Темір жетіспеушілік анемия – қан сары суында, сүйек миында және деполарда темірдің құрамының жетіспеушілігі. Жүктіліктің алғашқы кезінде ана организміне темірдің тәулігіне қажеттігі 0,6 мг болса, соңғы мерзімінде 0,8 мг дейін көбейеді. Темірдің қажеттігі тамақпен түсетін темірдің сіңірілуіне байланысты болады. Осыған байланысты теміржетіспеушілік анемия әлеуметтік жағдайы ауыр, көп балалы жанұяларда, асқазаны ауыратын жүктілерде жиі кездеседі. Жүктілік кезіндегі анемияның ауыр түрінде ана ұлпасында гипоксия болып, жатыр-плацентарлық қанағым бұзылып, құрсақішіндегі нәрестенің гипоксиясы немесе нәрестенің жеткіліксіз өсуі мүмкін [6].

Жүктілік кезінде дамитын көп тараған экстрагениталды аурудың бірі гестациялық пиелонефрит. Көбіне бүйректің интерстициалды ұлпасын, тостоғанша-түбекше жүйесін және түтікшелерін зақымдайтын спецификалық емес инфекциялы-қабыну процесі. Бұл аурудың дамуына көбіне несеп шығару және жыныс жолдарының инфекциялары маңызды рол атқарады.

Соңғы жылдары экстрагениталды патологиясы бар жүктілер мен босанған әйелдер саны көбеюде. Өйткені:

  • экстрагениталды патологияларды ерте диагностикалау;
  • бұрын болмаған жүктілікті сақтаудың көрсетілімдері кеңеюіне байланысты.

Экстрагениталды патологияның кейбір түрлері ана өміріне жоғары қауіптілігіне байланысты гестацияны сақтау қарсы көрсетілімі. Бірақ әр әйел өміріне қауіптілігіне қарамастан жүкті болып,

нәресте сүюге шешім қабылдауға құқығы бар. Сондықтан созылмалы аурулардың әр түрінде жүктіліктің және босанудың ағымын біліп, акушер-гинеколог және аралас мамандар бірігіп, мұқият бақылап, асқынуын уақытылы ескеру арқылы анаға қолайсыз нәтижені минимумға жеткізуге болады.

Зерттеу мақсаты: экстрагениталдық патологияда ұқыпты бақылаудың және жүргізілген терапияның нәтижесінің маңыздылығын анықтау.

Материал және зерттеу әдістері. Шымкент қаласының №2 облыстық перинаталдық орталықта 2008 жылы (789) бірінші топ және 2018 жылы (615) екінші топ босанған әйелдердің амбулаториялық картасы мен босану тарихына ретроспективтік анализ жасалынды.

Зерттеулер нәтижесі және талқылау. Екі топтағыда пациенткалардың жасы 18-ден 30 жас аралығында 76,5%, 30-дан 40-қа дейін 21,5%, 40 жастан жоғары 3 (2,0%) құрады.

Акушер-гинекологқа ретті келіп бақыланған пациенткалар: бірінші топта 88,6%, екінші топта– 92,4% .

Бірінші топтағы босанған пациенткалар саны 789 олардың арасында тұңғыш босанғандары – 379, қайта босанғандар – 240, көп босанушыла – 170.

Екінші топтағы пациенткалар саны 615; тұңғыш босанғандар – 173, қайта босанғандар – 347, көп босанғандар – 95. Бірінші топта диспансерлік есепке 12 аптаға дейін тұрғандар – 86,9% кеш мерзімде тұрғандар –13,1%.

Екінші топта диспансерлік есепке 12 аптаға дейін тұрғандар – 96,8%; кеш мерзімде тұрғандар –3,2%.

1 Кесте - Экстрагениталды аурулар

Нозология

2008 жыл

2018 жыл

1

I дәрежелі анемия

258 (32,7%)

65 (10,6%)

2

Анемия, Созылмалы пиоленефрит

39 ( 4,9 %)

8 (1,3%)

3

Гестациялық пиоленефрит

18 (2,8%)

19 (3%)

4

Гестациялық пиоленефрит. Преэклапсия

8 (1,0%)

5 (0,8%)

5

Созылмалы артериалды гипертензия

4 (0,5%)

9 (0,5%)

6

Варикоз ауруы

12 (1,5%)

24 (3,9%)

7

Тынысалу жолдарының аурулары

7 (0,9%)

8 (1,3%)

7

Көру жүйесінің аурулары

6 (0,7%)

2 (0,3%)

8

Жатыр миомасы

2 (0,9%)

9

Дифузды-токсикалық зоб

7 (0,9%)

10

Энцефалопатия, черепішілік гипертензия

1 (0,1%)

1 (0,2%)

11

Асқазан-ішек трактасының аурулары

8 (1,0%)

4 (0,7%)

12

Жүректің туа біткен ақауы СНФК 0 – I

1 (0,1%)

4 (0,7%)

13

Тромбоцитопения

3 (0,5%)

1-ші таблицада көрсетілгендей 2008 және 2018 жылдардағы пациентканың жүктілік ағымын салыс-тырғанда, фертилді жастағы 2008 жылғы пациенткалар арасында теміржетіспеушілік анемияның 22,1% артықтығы анықталынды.

Анализ жасалынған амбулаториялық карталар мен босану тарихында анемияның ауыр дәрежесі 3 пациенткаларда, қалғандарында анемияның жеңіл дәрежесі анықталынды.

Бірінші топтағы пациенткалар арасында анемия мен созылмалы пиоленефриттің қосарлануы екінші топпен салыстырғанда 2,6% артық болды. Бұл пациенткалардың тек біреуі ғана жатырында тыртық болуына байланысты кесар тілігі операциясы жасалынған, қалғандары табиғи жолдары арқылы босанғанмен босанған.

Созылмалы пиоленефриттың жиілігі екі топтада екі топтада бірдей.

Келесі көп кездескен аурудың бірі варикозды ауру ,бұл аурудың 2018 жылы босанған әйелдер арасында 2 есе көбейгені анықталынды.

Соңғы кезде бұл аурудың жүктілер арасында жиіленуіне байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және социалдық даму министрінің бұйрығы бойынша жүкті әйел диспансерлік есепке тұруға бірінші келген кезігнде аяқ веналарының жағдайы тексеріліп, қажет жағдайда емдік шаралар қолданылатын болды.

2-ші Кесте - Кесар тілігі операциясы мен индукцияның жиілігі

Манипуляциялар

2008 жыл

2018 жыл

1

Кесар тілігі операциясы

12 (1,5%)

8 (1,3%)

2

Индукция

13 ( 1,7%)

7 (1,1%)

3

Эпизиотомия

9 (1,1%)

4 (0,7%)

2-ші таблицада көрсетілгендей бірінші топтағы пациенткалардың 12 кесар тілігі операциясының көмегімен босанған. Операцияның көрсетілімдері: жүректің туа біткен ақауы СНФК I, бронх астмасы, миопияның преэклапсиямен қосарлануы, анемияның II дәрежесінде нәресте дистресі. Пациенткалардың 8-де экстрагениталды патологияға акушерлік асқынулардың: қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, жатыр тыртығы және жатыр миомасының қосарлануына байланысты кесар тілігі операциясы жасалынған. 2018 жылы пациенткалардың кесар тілігі арқылы босануының көрсетілімі: алтыншы жүктілік, жүректің туа біткен ақауы СНФК I, анемияның ауыр дәрежесі және резус теріс фактор; екінші пациенткада – бірінші жүктілік, операция жасалынған жүректің туа біткен ақауы СНФК I, варикозды ауру. Қалған пациенткаларда: екі жүкті әйелде остеохондроз бел омыртқа аралық грыжа және жатыр миомасының қосарлануы; дифузды- токсикалық зоб II дәрежесі мен қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы; қалқанша бездің гипоплазиясы, анемия мен жатыр тыртығына байланысты жасалынған.

Бірінші және екінші топтағы пациенткаларға босануды индукциялау мен эпизиотомия акушерлік асқынудың қосарлануына байланысты жасалынған. Жүктідер арасында көп тараған аурудың бірі аяқ веналарының варикозды кеңеюі. Бұл ауру екінші топтағы пациенткаларда 2 есе көбейген анықталынды. 2008 жылы 95,7% жүктілерде мерзімінде босану әрекеті өздігінен басталып қалыпты босанған, ал 2018 жылғыларда – 96,8%.

Екі топтада жаңа туылған нәрестелер Апгар шкаласы бойынша 7-баллмен, тек 2008 жылы туылған нәрестенің үшеуі 4-5 балмен бағаланған. Барлық нәрестелер қанағаттанарлық жағдайда шығарылған.

Қортынды. Сонымен, босанған пациенткалардың амбулаториялық картасы мен босану тарихына жасалынған талдау бойынша бірінші топтағы жүктілерде анемияның, дифузды-токсикалық зобтың көптігі анықталынды. Екінші топтағы пациенткалар арасында анемияның 4 есеге жақын азаюы, жүрегінде ақауы бар пациенткалардың балалы болуының біршама өсуі себебі әйелдердің жүктілікке дейін скрининг әдісімен тексеріліп, экстрагениталды патологиясын диагностикалатып, емделуі. Жүкті болғаннан кейін де диспансерлік есепке 12 аптаға дейін тұруы, медициналық көмекті этапты алуы бұрын жүкті болуға рұқсат етілмеген әйелдердің нәрестелі болуына көмектескені анықталынды.

Әдебиеттер

  1. Шехман М.М.Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных М.: Медицина-2009. с 9.
  2. Савельева Г.М.Осложненное течение беременности и родов //Акушерство и гинекология-2009,№3, С 3-5.
  3. ЛызыковаЮ.А.,ЗахаренкоТ.Н.,ВолковаТ.А.Экстрагенитальная патология и беременность-ГомГМУ-2013-С. 15.
  4. Соколова М.Ю. Экстрагенитальная патология у беременных: руководство для врачей М.: МИА, 2011. с 336.
  5. Даниярова А.Ж. с авторами. «Профилактика железоддефицитной анемии у беременных в условиях женской консультации»//Вестник ЮКГМА-2010, №5, С.50.
  6. Милчев Н., Александрова А. «Лечение железодефицитной анемии у беременных». // Акушерство и гинекология. 2005, №12, с 31-33.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.