Түйін
Жыл сайын Қазақстан Республикасында,49 565-нан аса инсульт орын алады – бұл ауру бүкіл дүние жүзі бойынша тұрғындардың өлім жітімнің басты себепшісінің бірі болып отыр. Инсультке ұшыраған науқастардың 80% айықпасмүгедекболыпқалады[1]. Ертеректе инсульт 49 жаста насқан тұрғындарға үлкен қауіптілік туғызса, ал бүгінде ауру барынша жасарған[2]. Қазақстанның түрлі аумақтарындағы инсультпен ауыратындар 1000 адамға шаққанда 2,5-2,7 жағдайды құрайды, өлім, 1000-ға шаққанда жылына 1,0-бастап, 1,8 дейінгі жағдайды құрайды. Ресеймен салыстырғанда: 1000ға шаққанда жылына 2,5 тен 7,43 жағдайды, өлім 1000-ға шаққанда жылына 0,7 ден 3,31 жағдайда өзгереді.
Кілт сөздер: инсульт, ишемия, оңалту, терапия, физиоемдеу.
Инсульттің ауыр неврологиялық салдарына-мүгедектікке әкелетін және тіршілік сапасын нашарлататын қимыл-қозғалыстық және когнитивтік бұзылыстар жатады[3]. Сөйлеу қабілетінің бұзылысы науқастың жеке отбасылық және әлеуметтік қарым қатынасын қиындатып, әлеуметтік және психикалық бейімсіздігін тұғызады.Сауықтырудың нәтижелілігі қалыпқа келтіру емінің басталу уақытымен, науқастың жасы және жынысымен, қосымша ауруларының болуы және неврологиялық бұзылыстардың ауырлығымен анықталады[4].Инсульттан кейінгі емдеу өзіне қантамыр терапия курсын өткізуді, ми алмасуын жақсартатын препараттарды қабылдауды, оттегі терапияны, емдеуді қалпына келтіруді немесе айықтыруды (емдеу дене тәрбиесі, физиоемдеу, сылау) қамтиды [1.2].
Зерттеу мақсаты. Ишемиялық инсультке шалдыққан науқастардың сөйлеу және қимыл қозғалысын қалыптастыруда оңалтудың тиімділігін зерттеу.
Зерттеу материалдары және әдістер. Зерттеу Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясының Неврология,психиатрия және психология кафедрасында және Шымкент қаласы Облыстық клиникалық ауруханасында жүргізілді. Зерттеу жұмысында қойылған міндеттерге байланысты ішкі күретамыр артериясы бассейніндегі ишемиялық оң жарты шар инсультіне шалдыққан 40-ден бастап 76 жасқа дейінгі екі жыныстағы (олардың 25 ейелдер, 31 ер кісілер) 56 науқасқа мейіргерлік күтім жасалды.Ми инсультінің, гиподинамияның дамуының негізгі себепшісі оның факторларының қатарындағы ертеден ықпал ететін макро- және микроангиопатиялық үрдістер- дің басталуымен, психо-эмоциональді салмақтардың шамадан тыс түсуімен, стрессті жағдайлардың көбеюімен байланысты.Зерттелген науқастардың70 % -ында инсультке дейін омыртқаның ауқымды остеохондроз белгілері болғандығы анықталған.
Мидың ишемиялық инсультіне шалдыққан 31 науқастың (86,1%) артық салмақ, жиі орын алған психо-эмоциональді салмақтардың болуы және тиімді тамақтану, физикалық салмақтардың түсірілуі, демалу режимдерін сақтамау, шылым тарту,жүрек қан-тамыр жүйесінің ақаулары болып табылады.Инсульттен кейін 3 айдан соң науқастардың басым бөлігінде күнделікті тіршіліктегі белсенділіктің негізгі көрсеткіштерін сипаттайтын бұзылыстар сақталады. Жамбас функцияларының бұзылысы науқастардың 7-11% байқалады.
Науқастардың 33% өз бетіментамақтана алмайды, киінеалмайды-31%, ванна қабылдай алмайды-49%. Науқастардың 19% өздігінен кереуеттен орындыққа ауыса алмайды, жүре алмайды 15%. Науқастардың 15% қарым-қатынас жасау қиыншылықтары орын алады.Жіті инсультімен немесе қайталама инсультпен ауруханаға түскен науқастарды біріншілік зерттеу науқас жағдайнының қалыпқа келу барысында және жалпы ми симптомдарының, гемодинамика көрсеткіштерінің тұрақтануы жағдайында жүргізілді (7-14 тәулік). Жоспарлы тұрғыда келген науқастарды біріншілік зерттеуден ауруханаға түскен күннен бастап 3-4 күннен кейін жүргізілді. Зерттеуді препараттармен тағамды қабылдаудан кейін 1,5 сағаттан соң, күннің бірінші бөлігінде іске асырды. Зерттеу бағдарламасы кешенді, оған келесі зерттелер кіреді: клиникалық зерттеу, АҚ және ЖЖЖ қарапайым функционалдық тесттерге реакциясын байқау, активті және пассивті қозғалыстар көлемін өлшеу, паретикалық және "интактілі" аяқ-қол бұлшықеттерінің күші мен тонусын зерттеу электронейромиографиялық зерттеу, КТ зерттеу, ЭКГ зерттеу, Бобат шкаласы бойынша қимыл-қозғалыс белсенділігі динамикасын зерттеу, Barthel шкаласы бойынша тұрмыстық тіршіліктегі белсенділігін өлшеу.
Ағымдағы зерттеу - науқастың шағымын, неврологиялық статусы динамикасын, бұлшықет тонусы мен күшін, қимыл-қозғалыс көлемін, АҚ және ЖЖЖ зерттеуден құрылды.
Талдау нәтижесі. Жарты шар инсультінің неврологиялық көріністері құрылымын зерттеу науқастардың(83,3%); да қимыл-қозғалыс бұзылыстарын анықтады, ал сол жақ жарты шарда зақымдану ошағы бар науқастарды зерттеу кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылыстарының орын алғандығы анықталды. Бірақ сөйлеу қабілетінің жетімсіздігі 30 науқаста байқалды(83,3%); 6 науқаста (16,6%) экспресивті сөйлеу қабілетінің бұзылыстары байқалмаған, бұл зақымдану ошағының шоғырлануы мен көлеміне байланысты болса керек.
Бұл кезде қимыл-қозғалыспен емдеудің мақсаты орталық жүке жүйесінде функционалды доминанттардың қалыптасуының алдын алу, бас мидың зақымданған жартышарындағы нейродинамикалық бұзылыстарды кеміту, ескі шартты-рефлекторлы байланыстарды тежеп, жаңа қимыл- қозғалыс стереотиптерін қалыптастыру.
Осыған байланысты авторлар келесі шараларды қолдануды ұсынады: 1) дене қалпымен емдеу, 2) уқалау және пассивті жаттығулар, 3) тыныс жолдары жаттығулары, 4) бұлшықетерді белсенді және пассивті босаңсыту; 5) белсенді гимнастика , 6) синкинезиялармен күресуге арналған жаттығулар кешені, 7) жүруге үйрету, 8) өз өзіне қызмет көрсете алуға үйрету. Патогенетикалы негізделген емдік гинастиканы барынша ерте бастау авторлардың пікірінше спастикалық, контратуралар, паретикалы аяқ-қолдағы ауырсынулардың пайда болуы сияқты патологиялық жағдайлардың орны алмауына мүмкіндік береді, бұл өз ретінде қимыл-қозғалыс функциялырын қалыпқа келтіруде маңызды. Егер ишемиялық инсультке шалдыққан науқастарда аурудың жүру барысы ауыр болмаса, онда
сауықтыру шы дәрі-дәрмектік терапияны , уқалауды, және емдік гимнастиканы науқастанудың 2-4- ші күндерінде бастайды, миға қан құйылу кезінде -6-8-ші күндері. Науқастанудың ерте кезеңінде қолданылатын сауықтыру емі дәрі-дәрмектік терапияны, емдік гимнастиканы құру ерекшелігіне қарай түрлі физикалық факторларды қолдана отырып (дене белсенділігінің түрлі дәрежелері және арнайы жаттығулардың күрделілігімен) үш кезеңге бөлінеді.
Оңалту терапиясыинсулттан кейінгі мерзімде психо-эмоционалдық, когнитивті ортасын, қимылын қалпына келтіру арнайы тренажерлардың көмегімен физиотерапиялық емдеу, емдік физкультура, массаж, гипербариялық оксигенация көмегімен науқастың жағдайын жақсарту. Науқастың гемодинамикасын АҚҚ, есін, пульс, температурасын, диурезі тыныс алу өткізгіштігін бақылау.Науқастардың жоғарғы психикалық функцияларын оқып-тану олардың бұзылулары емделушілерді инвалидтеуі себебі бойынша ғана емес, сонымен қатар мидың оң жақ жартышары бұзылуларын қалыпқа яғни оңалтуда науқаспен психологиялық қарым қатынас жасап өмір салтын жақсартуға сырқатын жеңілдетуде барынша қолдаукөрсету.
Инсульттке шалдыққан науқастарды қалыпқа келтіру іс-шараларының жиынтығында жетекші орындардың бірі тиесілі болады. Емдік дене шынықтыруды қолдану, гемиплегиялық контрактураларды ескерту мен жоюды, патологиялық синкинезияны болдырмауды, бұлшық еттің дұрыс ынтымақтаса қалыпқа келуін, компенсаторлық дағдыларды дамытуды, жүру мен жүрісті, сонымен қатар, элементарлы еңбек процестерін қарастырады. Емдік дене шынықтыру, жүйке жүйесінің жалпы тонуысын ынталандыратын психологиялық фактор болып табылады, науқастың ерікті және физикалық күшін, сонымен қатар, оның табысқа сенімділігін мобильдейді.
Қорытынды. Жүргізілген зерттеу мен алынған нәтижелер сараптамасы, пікірдің бірқатарын айтуға мүмкіндік берді: ми инсульті әйелдерге қарағанда, еркектерде жиі кездеседі; ми инсультімен зардап шегетін, тұлғалардың басым көпшілігі, 40-ден, 75-ке дейінгі жаста болады; инсульттің
этиологиялық даму факторы, жүрек-қан тамырлы жүйенің түрлі патологиясы болып табылады. Бас миының оң доминанты емес жартылай шарының ишемиялық инсульт алған науқастардағы жиынтықты үлгіленген, төрт кезеңдік реабилитациялау, көрсетілетін көмек сапасын жоғарылатады, науқастардың мүгедектенуінің төмендеуін күтуге мүмкіндік береді, жүргізу тактикасы мен реабилитациялық тәсілдерді оңайлатады.
Оңалтудың басты принципі науқастың және оның от басы мүшелерінің бұл процесске қатысу бесенділігіне сүйену. Науқастың үйреншікті тұрмысы мен жұмыс істеу қабілен қайта толық игеруі оның туған-туыстарының реабилитация процессіне белсенді қатысуына байланысты, неврологиялық тапшылықтың орны толтырылуына, және сауығуының тез жүруіне байланысты.
Реабилитация дәрі-дәрмектік терапияны дұрыс күтім жасау, физикалық, еңбек, және ауыз екі сөйлеу қабілетін қалыпқа келтіру шараларымен кешенді қолдану және әдеуметтік қызметтің қызметкерлерінің күшін науқасқа және оның отбасына көмектесуге бағыттау мен барынша науқастың өз ауруына бейімделіп, инсульттен кейін орын алған неврологиялық ақаудың орныны бар мүмкіндігінше орныны толтыруға ықпал ету.Физикалық оңалту кешені дәрі-дәрмектік емнің, күтімнің психологиялық физиотерапевтік көмек алу сауықтыру шараларын жетілдіру. Ишемиялық инсульті болатын науқастардағы қимыл функциясын қалыпқа келтіру.Ишемиялық инсультке шалдыққан науқастарында емдік дене шынықтырудың құралдары мен тәсілдерін қолданудың кешенді сараланған бағдарламасы, жіті және ерте қалыпқа келтіру кезеңдерінде барынша ерте қолданғанда, өте айқындалған терапиялық әрекет көрсетеді. Қол жеткізілген нәтижелер, өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді және стационардан тыс қалыпқа келтіру іс-шараларының келесі кезеңіне дайындықты жеңілдетеді.
Әдебиеттер
- .Гусев Е.И., Скворцова В.И. Ишемия головного мозга. -М.: Медицина, 2001 - 328 с.
- . Основы сестринского дела. Широкова Н.В. «ГЭОТАР-Медиа»,2009-144с
- .Шкловский В.М. Концепция нейрореабилитации больных с последствиями инсульта // Инсульт. Приложение к журналу неврологии к психиатрии. - 2003.-Вып 8.-С. 10-23.
- .Кадыков А.С., Черникова Л.А, Шахпаронова Н.В. Реабилитация неврологических больных. – М.: Медпресс-информ, 2008. – 560 с.
- Жусупова А.С. Инсульт – глобальная проблема отечественной неврологии.// Журнал Человек и Лекарство – Казахстан. №3 (3),2012.С. 6-9.
- . Кадыков А С. Реабилитация после инсульта. - М.: МИКЛОШ, 2003. - 176 с.
- . Муратбекова С.К. Мейірбике ісінің негіздері. – Астана, 2007 ж.
- . Мухина, С. А. "Мейірбикелік іс негіздері" пәнінен практикалық басшылық: медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқу құралы - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.-116экз.