Түйін
Өкпенің қатерлі ісігінде мидың метастатикалық зақымдану жиілігін және сипатын аурудың басқа клиникалық белгілерімен (орналасуы, формасы, гистологиялық түрі,ісік процесінің сатысы мен дифференциалды диагностикасы, дененің басқа бөліктеріне метастаздары) байланыстыра отырып анықтау, бас миы метастазы ықтималдылығының болжау критерийлерін көрсету, ісікке қарсы терапияның жанама әсерлерін зерттеу және науқастардың өмір сүруіне әсерін бағалау.
Кілт сөздер: қатерлі ісік, өкпе, бас миы, метастаз, рентгенография, МРТ.
Кіріспе. Қатерлі ісік ауруларының ішінде өкпе қатерлі ісігі, бірінші орынды алады, салдарынан кейбір өңірлерде жылдық өлім көрсеткіші орташа алғанда 10% -ға артып отыр[5, 9].Бас миы метастаздары өкпе қатерлі ісігі кезінде метастастатикалық процестің ең жиі локализациясына жатады және олардың өмір сүруін анықтай отырып науқастардың 13-60% -ында кездеседі [2,10]. Өз кезегінде, өкпе қатерлі ісігі барлық қатерлі ісіктердің ішінде бас миына метастаздану процесі бойынша көш бастап тұр [1, 3], осыған байланысты тіпті өкпенің қатерлі ісігінің бас милық түрін (формасын) де ажыратады [4,6].
Сонымен қатар бас миы метастазының дуралды, лептоменингеалдық, тамырішілік және милиарлы локализациясы қарастырылып жатыр[7,8]. Қазіргі уақытта айтылғандарды ескере отырып, өкпе қатерлі ісігімен ауыратын науқастар кейде бас миының ісік метастазасын алдын алу үшін бастың сәулелі терапиясын қабылдайды [11,12].
Мақсаты: өкпе қатерлі ісігі кезінде бас миы метастаздық зақымдану жиілігін және сипатын аурудың басқа клиникалық белгілерімен (орналасуы, формасы, гистологиялық түрі, ісік процесінің сатысы мен дифференциалды диагностикасы, дененің басқа бөліктеріне метастаздары) байланыстыра отырып анықтау, бас миы метастазы ықтималдылығының болжау критерийлерін көрсету, ісікке қарсы терапияның жанама әсерлерін зерттеу және науқастардың өмір сүруіне әсерін бағалау.
Материалдар мен әдістер: 25 жастан 80 жасқа дейінгі 74 өкпенің қатерлі ісігі бар науқас бақылауда болды Бақылауда болған науқастардың ешқайсысына негізгі ауруы бойынша ота жасалмаған, диагнозы расталған соң барлық науқастар сәулелік терапия, ал олардың 3/4 аралас радиохимиятерапия алған.
Нәтижелер және талқылау. Бас миы метастазы өкпенің қатерлі ісігі бар науқастардың 9% - ында (жиі әйелдерде 2,1 есе) кездеседі. Оған перифериялық пішінді, гистологиялық түрі (жалпақ және макроклеткалы карцинома) және ісік процесінің интегралдық маңыздылығы, экссудативтік канкрозды плевритінің болуы, ісіктің кеуде артына өсуі мен 2-ші типті қант диабетінің бар болуы әсер етеді.
Өкпе қатерлі ісігі кезінде бас миы метастазының ауырлық дәрежесі бұғанаүсті, шап және ішперде лимфа түйіндері, перикард, бүйрекүсті безі, құрсақ қабырғасының, бауыр, ұйқы безі метастаздарына тікелей байланысты. Өкпе қатерлі ісігі бар науқастарда бас миы метастазының болжамды критерийлері – қандағы ß1 өсу коэффициентінің, тамырлы эндотелиальды өсу факторы және остеопонтиннің қандағы параметрлерінің жоғарылауы болып табылады.
Радиохимиятерапия асқынуларының 5,8% жағдайында артериялық гипертониямен және қант диабетімен, өкпе қатерлі ісігімен, лимфа түйіндеріндегі метастаздардың саны (бірақ бас миға емес) және кешенді емдеуде антиоксидантты алкилирлеуші заттармен тығыз байланыста болатын науқастарда ауырлық дәрежесі әртүрлі бас ми қан айналымының жедел бұзылулары байқалады.
Қорытындылар. Өкпе қатерлі ісігінің бас милық түрі деп аталатын формасы бас миы метастазы бар науқастармен салыстырғанда аурудың ауырлық дәрежесімен ерекшеленеді, және медикаментозды химиотерапияны қажет етеді, науқастардың өмір сүру ұзақтығын анықтайды.
Диагнозды неврологиялық тексеруден басқа, рентгенологиялық, электрофизиологиялық, ультрадыбыстық әдістер мен цереброспинальды сұйықтық пункциясын қолдану арқылы, дегенмен, диагнозды дәлірек тексеру МРТ немесе КТ зерттеулері бойынша, ісіктің гистологиялық анализі бойынша жүзеге асырылады. Бас миы ісіктеріне байланысты хирургиялық емдеу тиімдірек болады. Қосымша немесе паллиативтік емдеу ретінде химиотерапия мен сәулелік терапияны қолдануға болады.Бас ми ісігі дамуының болжамы көбінесе оның қатерлігіне, мөлшері, өсу сипаты, таралуы, орналасуы және диагноз қойылған клиникалық кезеңге байланысты болады. Табиғатына байланысты, кез-келген ісік ерте ме, кеш пациенттің ауыр және өмірлік қауіпті жағдайына әкеледі. Созылмалы ісіктер біртіндеп онкүндіктен субклиникалық түрде өседі. Қатерлі ісіктер жиі 1-2 жылдан кейін тез қайталануына және өлімге әкеледі.
Бас миы метастазы өкпенің қатерлі ісігі бар науқастардың 9% -ында (жиі әйелдерде 2,1 есе) кездеседі. Оған перифериялық пішінді, гистологиялық түрі (жалпақ және макроклеткалы карцинома) және ісік процесінің интегралдық маңыздылығы, экссудативтік канкрозды плевритінің болуы, ісіктің кеуде артына өсуі мен 2-ші типті қант диабетінің бар болуы әсер етеді.
Өкпе қатерлі ісігі кезінде бас миы метастазының ауырлық дәрежесі бұғанаүсті, шап және ішперде лимфа түйіндері, перикард, бүйрекүсті безі, құрсақ қабырғасының, бауыр, ұйқы безі метастаздарына тікелей байланысты.
Өкпе қатерлі ісігі бар науқастарда бас миы метастазының болжамды критерийлері – қандағы ß1 өсу коэффициентінің, тамырлы эндотелиальды өсу факторы және остеопонтиннің қандағы параметрлерінің (TGF-β1 , VEGF и ОР) жоғарылауы болып табылады.
Радиохимиятерапия асқынуларының 5,8% жағдайында артериялық гипертониямен және қант диабетімен, өкпе қатерлі ісігімен, лимфа түйіндеріндегі метастаздардың саны (бірақ бас миға емес) және кешенді емдеуде антиоксидантты алкилирлеуші заттармен тығыз байланыста болатын науқастарда ауырлық дәрежесі әртүрлі бас ми қан айналымының жедел бұзылулары байқалады.
Бас миы метастазы бар науқастардың өмір сүру ұзақтығы, өкпе қатерлі ісігі бар науқастармен салыстырғанда аз, және 4 жылдан аспайды.
Әдебиеттер
- Зайцев А.М., Куржупов М.И., Пикин О.В., Картовещенко А.С. Одномоментное хирургическое вмешательство при раке легкого с метастатическим поражением головного мозга // Онкология. — 2013.-№ 5.-С. 49-52.
- Евтушенко С.К. Паранеопластические неврологические синдромы: клиника, диагностика и возможности лечения // Международный неврологический журнал.-2011.-№ 8.-С. 5-15.
- Бондарь Г.В., Думанский Ю.В., Попович А.Ю. Онкология.-К.: Медицина, 2015.-576 с.
- Ceniceros L., Aristu J., Castanon E. Stereotactic body radiotherapy (SBRT) for the treatment of inoperable stage I non-small cell lung cancer patients // Clin. Transl. Oncol.-2015.-№ 55(8).-Р.213-9.
- Chen K.H., Wang K.J., Adrian A.M. Diagnosis of brain metastases from lung cancer using a modified electromagnetism like mechanism algorithm // J. Med. Syst.-2016.-№ 40(1).- Р. 35-40.
- D’Antonio C., Passaro A., Gori B. Bone and brain metastasis in lung cancer: recent advances in therapeutic strategies // Ther. Adv. Med. Oncol.-2014.-№ 6(3).-Р. 101-14.
- Hong N., Joo J.H., Shin S.H. The efficacy of postoperative chemotherapy for patients with metastatic brain tumors from non-small cell lung cancer//Brain Tumor Res.Treat.- 2015.- № 3(2).-Р. 108-14.
- Kukulj S., Popovic F., Budimir B. Smoking behaviors and lung cancer epidemiology: a cohort study // Psychiatr. Danub.-2014.-№ 26(3).-Р. 485-9.
- Qu H.M., Bai Y.N., Cheng N. Trend analysis of cancer mortality in the jinchang cohort, China, 2001–2010 // Biomed. Environ. Sci.-2015.-28(5).-Р. 364-9.
- Rong J., Chunhua M., Yuan L. Clinical interrogation and application of super-selective intracranial artery infusion chemotherapy for lung cancer patients with brain metastases // Indian J. Cancer.-2015.- 52(Suppl.).-Р. 22-5.
- Takei H., Rouah E., Ishida Y. Brain metastasis: clinical characteristics, pathological findings and molecular subtyping for therapeutic implications // Brain Tumor. Pathol.-2015.-№ 3(10).-Р. 140-5.
- Waqar S.N., Waqar S.H., Trinkaus K. Brain metastases at presentation in patients with non-small cell lung cancer // Am. J. Clin. Oncol.-2015.-№ 33(10).-Р. 167-75.