Her2 neo-позитивті сүт безі обыры амбулаторлық-емханалық жағдайында емдеудің таргетті терапиясы

Аннотация

Алғаш рет Шымкент қаласындағы қалалық онкологиялық орталығында науқастарға қолданған теріасты-лық енгізу Трастузумабтың жаңа формасының артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсету және 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, қазан айына дейінгі кезеңде амбулаторлы түрде қабылдаған сүт безі обырындағы НЕR2-позитивті 45 науқастардың емдеу көрсеткіштерін бағалау.

Кілт сөздер: сүт безі обыры , НЕR2, Трастузумаб (герцептин)

Кіріспе. Қазіргі кезде сүт безі обыры әйелдер арасындағыең көп тараған онкологиялық ауру болып табылады. 25 -30 % науқаста Her2факторлыiciкті гиперэкспрессиясы бар сүт безі обыры ерекше орын алады.Аурудың агрессивті ағымының өршуі, ерте метастаз беруі, химия және гормондытерапияға резистентілігіне байланысты бүкіл элем ғалымдар осындай пациенттерге кызығушылық танытып отыр [1]. Her 2iciкті гиперэкспрессиясы бар сүт безі обырын емдеу үшін негізгі таргетті препараты. Трастузумаб болып табылады.Her 2iciкті гиперэкспрессиясы бар сүт безі обыры науқастарына адам үшін дәрілік препараттар бойынша Еуропалық елдерінде Герцептинді тері астына енгізуді қолдануды ұсынды. Герцептинді қолдану алғаш рет 1998 жылы қолдау тапты.

Содан бері бүкіл әлем бойынша1,3млн пациенттерге осы таргетті препараты емделу үшін қолданылуда.Герцептинді емделушілерге тамырішіне енгізеді,әр енгізу 30-дан бастап 90 минутқа дейн уакыт алады.Герцептиннің әрекет етуі механизмнің иммунды жүйесін белсендіреді және Her 2 рецепторларын блоктайды [2].Осындай мақсатты әрекет ісіктің жойылуына әкеледі.Герцептин Her 2iciкті гиперэкспрессиясы бар сүт безі обырын емдеудің ертерегінде де және метастаздалып таралға-нында бірдей жолында айна-қатесіз демонстрациялады.Герцептиннің монотерапиясы және химиятера-пиямен комбинациясының жалғаспалы тәртібін қолданумен,емдеуге объективті жауаптың жиілігін арттырады,науқастардың өмір сапасында қолдау табатыны көрсетілді [3]. Герцептин терапиясына көрсетілімнің бар болуы диагностикалық тесттің көмегімен анықталады,ол емдеудің басталуынан уакытты ұтуға мүмкіндік береді,өйткені басқа да терапия нұсқасы тиімді болып табылатын науқастар анықталады [4,5].

Зерттеу мақсаты: Позитивті сүт безі обырымен НЕR2экспрессиялы Трастузумаб әйелдер үшін базалы терапия болып табылады, әрі біздің науқастарымыздың стационарда қалай анти НЕR2 экспрессиялы қабылдау мүмкіншілігі болса, солай амбулаторлық деңгейде де, тегін қабылдай алады. Алғаш рет амбулаторлық таргетті ем алған науқастардың көрсеткіштерін көрсету, Шымкент қаласындағы онколо-гиялық орталықта қабылдаған науқастардың теріастылық Трастузумабты таңдауы және тамырішілікпен салыстырғандағы артықшылықтарын бағалау.

Зерттеу эдістері: PHARE және HERA екеуінің біріккен 10 жылдық зерттеулердің талдау нәтижелерінің анықтауында:10 жылдық бақылау медианасында стандартты емдеу схемасына Трастузумабты қосу, өлімнің өсуқауыпін 37% - ға төмендетті, сүт безі обыры НЕR2 экспрессиялы 10 науқастың (73.7%) 7 – інен арада 10 жыл өткен соң Трастузумаб терапиясы 1 жыл бойы қабылдағаннан ауру белгісі жоқ болып шықты, ерте анықталған сүт безі обыры НЕR2 экспрессиялы (84 %) науқас Трастузумаб терапиясын 1 жыл бойы қабылданғанынан кейін , арада 10 жыл өткен соң тірі болды [6,7]. Сондықтан Түркістан облысында да осы терапияны тегін қолдану мүмкіншілігінен сүт безі обырынан өлімжітім 2014 жылға қарағанда 2017 жылы кеміген. Қазақстанда 2018 жылдан бастап , амбулаторлы тізімге кірген теріастылық Трастузумабтың жаңа формасы тіркелді. Алғаш рет Шымкент қаласындағы қалалық онкологиялық орталықта 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, қазан айына дейінгі кезеңде амбулаторлы түрде теріастылық қабылдаған Трасту-зумаб 45 науқас (сүт безі обырындағы НЕR2экспрессиялы) зерттелді.Зерттеу барысында, науқасқа тері-астылық енгізу медперсонал бар жоғы 5 минут уакытын кетірді (тамырішілік енгізумен салыстырғанда, енгізу 30 минуттан бастап 90 минутқа дейін уақытты алатын еді) және белгіленген мөлшері 600 мг (5 мл), салмағына қарап доза есептеуді талап етпеді [8,9].

Нэтижелер мен талқылаулар: Біз зерттей келе, теріастылық енгізу Трастузумабты ем қабылдап жатқан науқастардың жасы бойынша: 25-30жас - 1 (2,2%), 30-35жас - 8(17,8%) , 35-40жас – 5(11,1%), 40-45жас –8(17,8%) , 45-50жас – 4 (8,9%) , 50-55жас – 13(28,8%), 55-60жас -3(6,7%), 65-70жас -3(6,7%) анықталды. Сүт безі обырының сатысы бойынша келетін болсақ : I сатысымен – 1 (2,2 %) , II сатысымен – 35 (77,8 %), III сатысымен – 7 (15,6 %), IV сатысымен – 2 ( 4,4 %) анықталды. Амбулаторлық түрде қабылдаған теріастылық енгізудегі Трастузумабтың жаңа формасының емдеу нәтижесінде II сатысында -77,8 % және 3035 жас аралығында -8 (17,8%), 50-55жас -13(28.8%) және 37 науқас (82.2%) - үдерістің тұрақталуы , 8 науқас (17.8%) -симптоматикалық емге өткендігі анықталды.

Қорытындылай келе, тамырішілік формуласымен салыстырғанда енгізу әдісі аз уақытты алады (5 мин), науқастардың ауруханада аз болу уақытын айқындайды, орталық портты орналастыру қажет етпейді, тері астына енгізуде жайлылырақ және аз ауырады, медициналық қызметкерлер үшін өте ыңғайлы, ауруханаішілік қорды үнемдейді және науқастардың өміршеңдігін ұзартумен қатар, күнделікті-өмір сүру сапасын жақсартады.

Әдебиеттер

  1. Семиглазов В.Ф., Палтуев Р.М., Семиглазова Т.Ю. и др. Клинические рекомендации по диагностике и лечению рака молочной железы. М: «АБВ-пресс», 2013. 234 с.
  2. Иванов В.Г.,Коларькова В.В.,Кочетова И.А. и др.Биологически направленная (таргетная) терапия рака молочной железы.//Российский медицинский журнал.2007.№25.Абстр.1912.
  3. ЧуриловаЛ.А.,Лазарев А.Ф. Герцептин в комбинированных режимах химиотерапии рака молочной железы //Материалы Х Российского онкологического конгресса.М.,2006.
  4. ГаньшинаИ.П.ПрименениеГерцептина в неоадъювантном и адъювантном лечении больных раком молочной железы с гиперэкспрессией HER2//Онкология.ASCO.2007.№1.С.13-17.
  5. Slamon D.J., Clark G.M., Wong S.G. et al. Human breast cancer: Correlation of relapse and survival with amplification of the HER-2/neu oncogene // Science. 1987. Vol. 235. P. 177–182.
  6. Piccart-Gebhart M.J., Procter M., Leyland-Jones В. et al. Trastuzumab after adjuvant chemotherapy in HER2- positive breast cancer // M. Engl. J. Med. 2005. Vol. 353. P. 1659–1672.
  7. Ismael G, Hegg R, Muehlbauer S, et al. Subcutaneous versus intravenous administration of (neo)adjuvant trastuzumab in patients with HER2-positive, clinical stage I-III breast cancer (HannaH study): a phase 3, openlabel, multicentre, randomised trial. LancetOncol. 2012 Sep; 13(9):869-78.
  8. De Cock, E. Manual injection of subcutaneous trastuzumab vs intravenous infusion for HER2-positive early breast cancer: A time-and-motion study.European Cancer Congress, abstract #P128.
  9. Fallowfield, L. Reasons for patients' preferences for subcutaneous or intravenous trastuzumab in the PrefHer study.EuropeanCancerCongress, abstract #P719.
Жыл: 2019
Қала: Шымкент
Категория: Медицина