Өзектілігі. Әдеби берлілімдерге жүгінер болсақ дүние жүзі бойынша сүт безі обырымен аурушаңдық күн санап артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша қазіргі таңда жыл сайын 1,4 млн жуық әйел сүт безі обырымен ауырып, оның 460 мыңнан астамы өлім құшады делінген. ҚазОжРҒЗИ ның 2012 жылғы берлімі бойынша сүт безі обыры жиілігі әйелдер арасында республика бойынша 1 орында болса, 2011 жылдан бастап жалпы онкологиялық аурулар арасында да алдыңғы орынға шыққан.
Жұмыс мақсаты: Түркістан (ОҚ) облысының тұрғындары арасындағы сүт безі обыры жиілігі мен осы ауру салдарынан өлім деңгейін және 5 жылдық өмір сүру деңгейін анықтау.
Жұмыс материалдары мен тәсілдері: Жұмысқа негіз ретінде Түркістан (ОҚ) облысының онкологиялық диспансерінде 2013-2017 жылдары арасында тіркелген, және ем қабылдаған науқастар алынды. Олардың жалпы саны, емнен кейінгі 5 жылдық өміршеңдік, және жалпы өлім деңгейі статистикалық берілімдер негізінде анықталды.
Кесте 1 - Сүт безі обырымен ем қабылдаған науқастардың 5 жылдық динамикалық көрсеткіші
№ |
Жыл |
1 жылд Тіркелгендер |
Өлім көрсеткіші |
5-жыл өміршеңдік |
|
Абс.с |
B% |
||||
1 |
2013 |
306 |
88 |
857 |
42,9 |
2 |
2014 |
308 |
147 |
949 |
45,1 |
3 |
2015 |
378 |
134 |
1265 |
57,3 |
4 |
2016 |
413 |
124 |
1116 |
46,4 |
5 |
2017 |
420 |
130 |
1214 |
46,2 |
Нәтижелері. Кестеге назар аударар болсақ Түркістан облысында (ОҚО) сүт безі обыры жиілігі жыл өткен сайын артып келе жатқандығын көреміз. Қатерлі ісік бойынша алғаш тіркелгендер саны 2013 ж 360 науқас болса бұл көрсеткіш 2017 ж 420 ға (27 % астам адамға) артқан.
Есептегі науқастардың 1 жыл ішіндегі өлім көрсеткіші 5 жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. Кесте бойынша 2013 жылы 25 науқас 1 жыл ішінде қайтыс болса, бұл көрсеткіш аз ғана өзгеріспен, 2017 ж сол 25 науқас күйінде қалған. Жалпы тіркелген науқастар есебінен біршама 10% дан 6% ға кеміген. Ол кескінде төменгі көк сызық. Науқастардың 5 жылдық өміршеңдігі де бір деңгейде. 2013 жылы пайызбен есептегенде ауырғандардың 43% 5 жылдан астам өмір сүрсе, ол көрсеткіш 2017 жылы 46,2 өскен. Ал жалпы өлім көрсеткішіне келер болсақ онда тексеруде болған науқастардың 5 жыл ішінде өлім деңгейінің 2013 ж. 88 ден 2017 ж 130 ға біршама өскенін көреміз.
Қорытынды : Сонымен, берілімдерді талқылай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Облысымызда сүт безі обыры жиілігі жыл санап артуда 100 мың тұрғынға шаққанда 2013 ж 11,5 тен 2017 ж 14,6 ға көтерілген. (салыстырмалы түрде Республикамыздың басқа өңірлеріне қарағанда жақсы). Осы ауру салдарынан өлу деңгейі де біршеме өскен 2013 ж 88 ден 2017 ж 130 ға.
Сүт безі обыры санының жалпы артқанына қарамай 5 жылдық өміршеңдік те 42,9 дан 46,2 ге көтерілген. Ол сүт безі обырын ерте анықтау (скрининг) бағдарының дұрыс жолға қойылғандығын көрсетеді.