Түйін
Аталған мақалада сүйекті аққурайдың қою экстрактысының созылмалы уыттылық әсерін зерттеу бойынша нәтижелері берілген. Жүргізілген зерттеу тәжірибелері нәтижесінде препаратты ауыз арқылы ендіру барысында, созылмалы уыттылық әсері анықталды. Сонымен қатар олардың тәжірибеге дейінгі және кейінгі салмағының динамикасы, гемограммадағы өзгерістер анықталды.
Кілт сөздер: Сүйекті аққурай, өсімдік, созылмалы уыттылық, экстракт, фармакологиялық қасиет, Psoralea drupacea
Қазіргі уақытта әлемдік нарықта өсімдік тектес дәрілік препараттардың үлесі 40% - ды құрайды.
Қазақстан аумағы дәстүрлі медицинада жылдар бойы кеңінен қолданылатын дәрілік өсімдіктерге өте бай, бірақ ресми медицинада әлі де қолданылмайтын дәрілік өсімдіктер қаншама.
Мұндай өсімдіктердің бірі- сүйекті аққурай, Fabaceae (бұршақ) тұқымдасына жатады. Витилигоны емдеу үшін халық медицинасында қолданылады.
Зерттеудің мақсаты- сүйекті аққурайдың қою экстрактысының созылмалы уыттылығын бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу нысаны ретінде сүйекті аққурайдың қою экстрактысының зертханалық үлгісі болды
Тәжірбие және нәтижелердің сипаттамасы. Фармакологиялық зерттеулер зертханасында сүйекті аққурай- дың экстрактысының созылмалы уыттылығына зерттеу жүргізілді. Шамамен бір салмақты (25 ± 3.6 г) ерлерден (20 тышқан) және ұрғашылардан (20 тышқан) тұратын түзбекті емес ақ тышқандар төрт топқа бөлінді. Жануарларға күтім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №745 «Биологиялық белсенді заттардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына және GLP ережелеріне сәйкес санитарлық нормаларға толық сәйкес сақталды.
Әрбір топта 10 тышқаннан болды. Зерттеу алдында жануарлар екі апталық карантинге орналастырылды. Карантиндік кезеңнің соңында сынақ жүргізілетін жануарлардан гематологиялық көрсеткіштерді зерттеу үшін құйрықтан қан алынды. Қан алынғаннан кейін, 3 топқа сүйекті аққурайдың экстрактысының ерітіндісі 500 мг/кг, 1000 мг/кг және 2000 мг/кг стандартты шприцтің инесі арқылы ауыз куысына (per os) енгізілді (кесте 1). Жануарлардың бірінші тобы бақылау тобы болды. Бақылау жануарларға дистилденген су енгізілді.
1 Кесте - Жануарлар саны мен сүйекті аққурай экстрактысының ертінді мөлшері
Нәтиже |
Мөлшер мг/кг |
||
500 мг/кг |
1000 мг/кг |
2000 мг/кг |
|
Жануарлар саны |
10 |
10 |
10 |
Тірі |
10 |
10 |
0 |
Өлім |
0 |
0 |
10 |
Тышқандардың салмағын тәжірибе басында, апта сайын және соңында өлшеу жүргізілді (кесте 2).
2 Кесте - Тышқандардың дене салмағы
Жануар- лардың түрі мен жынысы |
Саны |
Топ |
Дене салмағы(г) |
Бастапқы массадан айырмашылығы |
|||||
1 күн |
30 күн |
60 күн |
г |
% |
г |
% |
|||
1 күн |
30 күн |
60 үн |
60күн |
||||||
Тышқан (еркек) |
10 |
1 (бақы- лау) |
22,3±0,66 |
25,37±0,56 |
23,15±0,66 |
+3,24± 0,27 |
+12,77 |
+1,02 |
+4,4 |
Тышқан (ұрғашы) |
10 |
2 |
23,28±0,64 |
26,03±0,23 |
26,03±0,64 |
+2,75± 0,1 |
+10,56 |
-0,22 |
-0,95 |
Тышқан (еркек) |
10 |
3 |
22,31±0,43 |
26,34±0,46 |
20,92±0,43 |
+4,03± 0,47 |
+15,29 |
-1,39 |
-6,64 |
Тышқан (ұрғашы) |
10 |
4 |
23,01±0,32 |
25,68±0,24 |
19,90±0,32 |
+2,67± 0,29 |
+10,39 |
-3,11 |
-15,6 |
Кестеден көрініп тұрғандай, препаратты ең аз дозада қабылдаған (2 топ) және бақылау топтағы жануарлардың салмағы, зерттеудің барлық мерзімі ішінде біркелкі ұлғайған, ал орташа және ең жоғары дозаны
1000 мг/кг және 2000 мг/кг алған топтарда-3-4 топта жануарлардың салмағы зерттеудің 40 күнінен кейін төмендеген.
Зерттеу барысында жануарлар күнделікті бақылауда болды. Күн сайын тышқандардың жалпы жағдайы тіркелді: * Жалпы жағдайы. * Мінез-құлық ерекшеліктері ( қозғалыс белсенділігінің қарқындылығы). *
Құрысудың болуы және сипаты. * Түкті және тері жамылғысының жағдайы. * Тактильді, ауырсыну, дыбыстық және жарықтық тітіркендіргіштерге реакция. * Суды тұтыну. * Жемді тұтыну
Экстрактыны енгізгенге дейін және одан кейін жануарларды гематологиялық, биохимиялық және физиологиялық тесттердің көмегімен барынша толық тексеру жүргізілді.
Сондай-ақ, гемограммадағы өзгерістерді қадағалау үшін әрбір тәжірбие жүргізілген жануардан бастапқыда және соңында қан үлгісі алынды.
Гемограмманы талдау нәтижесінде келесі нәтижелер анықталды:
- 1-топта (бақылауда) 1-ші және 2-ші өлшемінде қан анализінің көрсеткіштері шамалы өзгерді (сурет 1);
- 2- топта аққурайдың экстракт ерітіндісін 500 мг/кг енгізгенде гематокрит, эритроциттер мен, гемоглобин, қанның ұю ұзақтығы артты, лейкоциттердің саны төмендеді (сурет 2) ;
- 3-топта 1000 мг/кг аққурайдың экстракт ерітіндісін ауыз куысына енгізгенде гемограммадағы көрсеткіштер гематокрит, эритроциттер, гемоглобин, лейкоциттердің саны төмендеді, ал қанның ұю ұзақтығы артқаны тіркелді (сурет 3);
- 4- топта 6000 мг / кг аққурайдың экстракт ерітіндісін ауыз куысына енгізгенде гематокрит, эритроциттер гемоглобин лейкоциттердің саны төмендеді ал қанның ұю ұзақтығы арттқаны байқалды (сурет 4)
4
Тәжірибенің соңында ішкі мүшелердің макроскопиялық зерттеуі үшін диагностикалық тексеру мақсатында әрбір жануарға диэтиль эфирінің көмегімен эвтаназия жүргізілді және ішкі мүшелердің макроскопиялық зерттеулерінде ауытқулар мен өзгерістер анықталмады
Өлім 4 топтағы жануарларда (бастапқы доза - 2000 мг/кг) байқалды.
Зерттеу барысында алынған нәтижелерді сараптау кезінде ең тиімді мөлшер 500 мг/кг, ал бастапқы мөлшерлер 1000 мг/кг және 2000 мг/кг болғаны анықталды.
Әдебиеттер
- Хабриев, Р.У. Руководство по экспериментальному (доклиническому) изучению новых фармакологических веществ/ Р.У.Хабриев. - М.: ОАО «Издательство «Медицина», 2005. - 832 с.
- Крыженков А. Н., Камбулин И. А., Султанов Т. Г., Элькинд Л. А., Материалы к фармакологии препарата псорален, выделенного из псоралеи костянковой. — В кн.: Вопросы дерматологии. Вып. 3. Ташкент, Медгиз, 1963.
- Потапенко А. Я., Псоралены и медицина-4000-летний опыт фотохимиотерапии, Соросовский образовательный журнал, 2000, т. 6, № 11.