Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Артериалды гипертензиямен ауыратын егде жастағы науқастардың амбулаторлы этапта емдеуге бейімділігінің төмендігін анықтау

Өзектілігі. Артериальді гипертензия - артериалдық қан қысымының тұрақты созылмалы болуы. Егде жастағы науқастардың 40% -ы аталмыш аурумен ауырады. Қазіргі таңда бұл ауруға қарсы көптеген дәрі- дәрімектер ойлап табылған. Нарықта күн сайын дәрілік заттардың қатары көбеюде, алайда препараттардың барлығы бірдей тиімді әсер ете бермейді. Осы орайда дәрігерлердің тағайындамалары бойынша зерттеу жүргізілді.

Мақсаты. Егде жастағы науқастарда кездесетін артериалдық гипертензиямен ауыратын науқастардың дәрілік тағайындамаларын қарастырып, емнің нәтижелілігін бағалау. Науқастарды емдеу барысында жиі кездесетін қауіп факторларының әсерін бағалау.

Міндеті. Егде жастағы науқастарда кездесетін артериалдық гипертензиямен ауыратын науқастардың дәрілік тағайындамаларын қарастырып, емнің нәтижелілігін бағалау арқылы емге бейімділігі төмен науқастарды анықтау.

Материалдар. Мақалада 55 жастан 85 жас аралығындағы артериалдық гипертензиямен ауыратын науқастың тағайындамалары, науқастардың қазіргі өздерін сезінулері туралы сауалнама нәтижелері, физикалық қарау ақпараттары қарастырылды.

Әдістер. Артериалдық гипертензиямен ауыратын егде жастағы науқастарға арналған дәрігерлердің тағайындамаларына бейімділігін анықтау.

Зерттеу барысы. Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы бойынша Артериалдық гипертензиямен Десепте 5 жылдан бері тұрған 55 жастан 85 жас аралығындағы артериалдық гипертензиямен ауыратын 87 науқас- тың емдік тағайындамаларын есепке ала отырып, олардың емді дер кезінде қабылдауы және ұсыныстарын орындауы жөнінде сауалнама жүргізілді. Науқастардың сол уақыттағы артериалдық қысым көрсеткіштері мен ДМИ (дене массасының индекстері) есепке алынды.

Нәтижелері. 87 науқасқа жасалған сауалнама нәтижелері. Науқастардың 65%-ына 3 немесе одан да көп

топ препараттары тағайындалған. 20% науқастарға 2 топ қан қысымын түсіруші препараттар топтары және диуретиктер тағайындалса, 15% науқастарға монотерапиямен диуретиктердің комбинациясы тағайындалған. Науқастардың қосымша ауруларын анықтау барысында: 58% науқастарда қант диабетінің 2 типі, 24% науқастарда магистральді қан тамырларының атеросклерозы, 7% науқастарда әр түрлі генезді энцефалопатиялар, 11% науқастарда өзге жүйелердің қосымша аурулары бар екендігі анықталған. Препараттарды уақытында қабылдауын анықтау барысында: 56%-ы барлық тағайындалған дәрілерді уақытында пайдаланатындығы, 8% науқастар мүлде уақытында қолданбайтыны, 13% кейде ұмытып кететіні, 22% науқастар тек жағдайлары нашар- лағанда ғана дәрі-дәрімек көмегіне жүгінетіні туралы ақпарат алдық. Құрамында холестерині және ас тұзының мөлшері төмен тағамдарды пайдаланатындығын сұраған кезде: 49% науқастар диетаға жүгінетінін, 33%-ы бұл диетаны сақтанбайтынын, 18%-ы кейде бұзатынын белгілеген. Науқастардың 8%-ы жағымсыз әдет-терге бейім екендігін және онымен күреспейтіндігін атап өткен. Физикалық тексеру барысында, артериалдық гипертензияның 3 дәрежесімен ауыратын науқастар саны - 27; 2 дәрежесімен ауыратын науқастар саны - 42; 1 дәрежесімен ауыратындар - 18. Барлық науқастарда гипертониялық криз ұстамалары жылына бір-неше рет қайталанып тұрады. ДМИ нәтижелері бойынша: қалыпты көрсеткіштер-29 науқаста, семіздікалды қалпы-27 науқаста, семіздіктің 1 дәрежесі-13 науқаста, семіздіктің 2 дәрежесі-11 науқаста, 3 дәрежесі-7 науқаста кездесті.

Қорытынды. Науқастарға жасалған сауалнама нәтижелеріне, зерттеу барысында жасалған физикалық

қарауға және ДМИ нәтижелеріне сүйене келе, артериальді гипертензиямен ауыратын егде жастағы науқастардың амбулаторлы этапта емдеуге бейімділігі төмен деген қорытындыға келдік. Дәрілік тағайындамаларды және қабылдап жатқан ем нәтижелерін салыстырып, диуретиктер мен қан қысымына қарсы 1 топ препараттарын қабылдайтын науқастардың АҚҚ, бірнеше топ дәрілерін тәулігіне бірнеше рет қабылдайтын науқастарға қарағанда жақсы және бірқалыпты болатынына көзіміз жетті. Науқастардың жасы ұлғайған сайын, қосымша ауруларының көбейетінін ескере келе, егде жастағы науқастардың қан қысымын төмендетуге бағытталған емге бейімділігінің төмен болуы барша фармакологияның өзекті мәселесіне айналады деп сенеміз, себебі өмір сүру жасын ұзартқан соң, өмір сүру сапасы да соған лайық жоғары деңгейде болуға тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. 1. Diagnosis and treatment of cardiovascular diseases during pregnancy 2018. national guidelines. (English). By: Стрюк, Р. И.; Бунин, Ю. А.; Гурьева, В. М.; Иртюга, О. Б.; Коков, Л. С.; Коломацкая, О. Е.; Моисеева, О. М.; Мравян, С. Р.; Чесникова, А. И.; Чулков, В. С.. Russian Journal of Cardiolgy , 2018, Issue 7, p156-200, 45p. Publisher: Silicea-Poligraf LLC., Базаданных: Complementary Index
  2. 2. Diagnosis and treatment of cardiovascular diseases during pregnancy 2018. national guidelines. (English). By: Стрюк, Р. И.; Бунин, Ю. А.; Гурьева, В. М.; Иртюга, О. Б.; Коков, Л. С.; Коломацкая, О. Е.; Моисеева, О. М.; Мравян, С. Р.; Чесникова, А. И.; Чулков, В. С.. Russian Journal of Cardiology , 2018, Issue 7, p156-200, 45p. Publisher: Silicea-Poligraf LLC., Базаданных: Complementary Index
  3. 3. 2017 ESC guidelines on the diagnosis and treatment of peripheral arterial diseases, in collaboration with the
  4. european society for vascular surgery (ESVS). (English). Russian Journal of Cardiology , 2018, Issue 8, p164-221, 58p. Publisher: Silicea-Poligraf LLC., Базаданных: Complementary Index
  5. 4. Predictors and markers of experimental vasorenal hypertension onset in the model “2 kidneys, 1 clamp”. (English). By: Кузьменко, Н. В.; Цырлин, В. А.; Плисс, М. Г.. Arterial'naya Gipertenziya / Arterial Hypertension , 2018, Vol. 24 Issue 4, p416-426, 11p. Publisher: Antihypertensive League., Базаданных: Complementary Index

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.