Түйін
Аталған мақалада сүйекті аққурайдың қою экстрактысының қабынуға қарсы қасиетін зерттеу бойынша нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижесінде ең үлкен қабынуға қарсы белсенділікке сүйекті аққурайдың қою экстрактысы 300 мг/кг және 500 мг/кг мөлшердегі ие және қабынуға қарсы белсенділігі сүйекті аққурайдың қою экстрактысы 300 мг/кг мөлшерде 64%, ал 500 мг/кг мөлшердегі 55% құрады.
Кілт сөздер: Сүйекті аққурай, өсімдік, қабынуға қарсы қасиет, экстракт, фармакологиялық қасиет, Psoralea drupacea
Оңтүстік Қазақстанда өсетін Psoralea drupacea (сүйекті аққурай) бұршақ тұқымдасының көпжылдық шөптесін өсімдігі. Аталған өсімдігінің жемісінен және тамырынан тері ауруларын емдеуде және шашты қайта қалпына келтіру кезінде қолданатын кумариндердің қоспасынан тұратын псорален препараты алынған.
Зерттеудің мақсаты сүйекті аққурайдың қою экстрактсысының қабынуға қарсы қасиетін анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу нысаны ретінде сүйекті аққурайдың қою экстрактысының зертханалық үлгісі болды. Зерттелетін сығындының қабынуға қарсы белсенділігін бағалауды қабынуға қарсы препараттарды зерттеуге арналған әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргіздік.
Қою экстрактының қабынуға қарсы белсенділігін 0,05 мл формалиннің сулы ертіндісін тышқанның артқы аяқ табанына субплантациялау нәтижесінде туындаған жіті қабыну ісік моделі бойынша «формалинді ісік» фонында бағаладық.
Шамамен бір салмақты (25 ± 3.6 г) ерлерден (20 тышқан) және ұрғашылардан (20 тышқан) тұратын түзбекті емес ақ тышқандар төрт топқа бөлінді.Қабыну реакциясының ауырлық дәрежесін тышқандардың табан көлемінің өзгеруі бойынша қабыну индукциясынан кейін 3 және 24 сағаттан кейін бағаладық.
Тәжірбие және нәтижелердің сипаттамасы.
Бізбенен САҚЭ қабынуға қарсы белсенділігін бағалауды қабынуға қарсы препараттарды зерттеуге арналған әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізілді. Біздің зерттеуімізде формалинді енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң, бақылау тобы тышқандарының табан ісігінің мөлшері 0,45 ± ... мл (100%) құрады. Сүйекті аққурайдың қою экстрактысы 150 мг/кг, 300 мг/кг және 500 мг/кг мөлшерлердегі және индометацин 10 мг/кг мөлшердегі әсері нәтижелерінен тышқандар табандарының ісік мөлшері 94,2%-дан (150 мг/кг дозасы) 88,7%-ға дейін
(индометацин 10 мг/кг мөлшерде) төмендеді. Алынған зерттеудің нәтижелері 1 және 2-кестелерде келтірілген.
Кесте 1 - Сүйекті аққурайдың қою экстрактысының формалинмен шақырылған (3 сағат өткен соң) тышқандардың табан ісігіне әсері
Зерттелетін нысан |
Доза мг/кг |
Табанының көлемі, мл |
Ісіну көлемі |
Қабынуға қарсы әсері |
||
Сол |
оң |
(V±v), мл |
% |
|||
Бақылау |
0,24 |
0,6 |
0,44± |
100 |
- |
|
Индометацин |
10 |
0,22 |
0,62 |
0,5± |
88,7 |
11,10 |
САҚЭ |
150 |
0,22 |
0,65 |
0,42± |
94,2 |
5,5 |
300 |
0,24 |
0,63 |
0,40± |
91,9 |
8,88 |
|
500 |
0,26 |
0,67 |
0,42± |
92,4 |
7,33 |
Зерттелудегі экстракттың қабынуға қарсы әсері 5,5% (150 мг/кг мөлшерде), 8,88% (300 мг/кг мөлшерде) және 7,33% (500 мг/кг мөлшерде) бізбенен анықталды.
Кесте 2 - Сүйекті аққурайдың қою экстрактысының формалинмен шақырылған тышқандар табанының ісігіне әсері (24 сағаттан кейін)
Зерттелетін нысан |
Доза мг/кг |
Табанының көлемі, мл |
Ісіну көлемі |
Қабынуға қарсы әсері |
||
Сол |
оң |
(V±v), мл |
% |
|||
Бақылау |
0,26 |
0,66 |
0,4± |
100 |
- |
|
Индометацин |
10 |
0,24 |
0,5 |
0,15± |
42,3 |
57,3 |
САҚЭ |
150 |
0,20 |
0,44 |
0,24± |
61 |
40 |
300 |
0,23 |
0,37 |
0,13± |
35 |
64 |
|
500 |
0,26 |
0,44 |
0,18± |
44 |
55 |
Алынған нәтижелерді сараптау (2 -кесте) бақылау тобы тышқандарының табан ісіну мөлшері 0,4% ... мл (100%) құрағанын көрсетті. Ал сүйекті аққурайдың қою экстрактысын және индометацин препаратын қабылдаған тышқандар табанының ісігі бақылау тобымен салыстырғанда айтарлықтай төмен екені анықталды. Яғни, 150 мг/кг, 300 мг/кг және 500 мг/кг мөлшеріндегі САҚЭ және 10 мг/кг мөлшеріндегі индометацин әсерінен тышқандар табандарының ісік мөлшері 35%-дан (300 мг/кг дозада) 60%-ға дейін (150 мг/кг дозада) төмендеді. 300 мг/кг және 500 мг/кг дозада САҚЭ қабылдаған тышқандар табандарының ісік аймағы едәуір төмен және 10 мг/кг мөлшердегі индометацин қабылдаған тышқандар табанының ісігімен салыстырғанда тең болды.
Сонымен зерттеу нәтижесінде ең үлкен қабынуға қарсы белсенділікке 300 мг/кг және 500 мг/кг мөлшердегі САҚЭ ие және қабынуға қарсы белсенділігі 300 мг/кг мөлшерде 64%, ал 500 мг/кг мөлшердегі САҚЭ 55% құрады.