Мия өте қажетті, бағалы дәрілік өсімдік екенін осыдан 2800 жыл бұрын қытайлық емшілер «Книга о травах» деген еңбектерінде еске алған. Бұл өсімдікті қытайлықтар «тань цао» деп атап, өмірге энергия беретін зат ретінде көптеген кешендердің құрамына енгізіп, оны улы заттарды залалсыздандыратын препарат есебінде танып »ағзалардағы уды шығаратын дәрі» ретінде қолданған. “Көне тибеттік медициналық трактатта” миядан алынған заттарды өкпе дерттерін емдеуге қолданған .
Мия тамырының химиялық құрамын зерттегенде, оның құрамында 8-24% глицирризин қышқылы, флавоноидтар 4,3%-ға дейін, көмірсутектері-20%-ға дейін, крахмал -24,5%, органикалық қышқылдар (лимонды, жүзімдік, тұмарлы, щавелді, алма және янтарлы) -4,6%-ға дейін, май және майға ұқсас заттар-4,7%,белоктар - 10%-ға дейін бар екені анықталған. Фармакологиялық әсері бойынша мия тамырындағы үштерпенді және флавоноидты қосылыстардың
Мия тамырында орташа есеппен 27 флавоноидтты қосылыстар (ликверетигенин, изоликверетигенин, неоликверетин, изоуролозид, уролозид, глаборозид және т.б) бар, олар микробқа қарсы және антитотықтырғыш қасиетке ие. Флавоноидтардың негізінде спазмолитикалық және антиулцирогендік қасиеттерге ие дәрілік қуралдар жасалған: ликвиритон, флакарбин, кверцетин.
Глицирризин қышқылының негізінде (құрамында 80%-дан жоғары) биосластилин атты биологиялық белсенділігі жоғары биологиялық активті қоспалар кіреді , кейінгі кезде бұл дәрілік препарат ретінде (проф. Т.А. Арыстанова ОҚММА) «рувимин» атымен « АО Химфарм» (Шымкент) гепатопротекторлық дәрілік зат ретінде шығарылып қолданылып отыр. Бұл дәрілік заттардың эмбриотоксикалық, мутагенді және тератогенді әсері мүлде жоқ.Мия тамырының фитопрепараттарының фармакотерапиялық қасиеттері төменге көрсетілген.
Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер жалаң мия тамырының фитопрепаратының негізгі емдік қасиеті көп бағыттағы әсерлі,белсенділігі жоғары табиғи өсімдік тектес дәрілік заттарға жатады..
92
Кесте 1 Мия тамырының фитопрепараттарының фармакотерапиялық қасиеттері мен кейбір әсер ету механизмі
Фармакотерапиялық қасиеттер |
Әсет ету механизмі |
Антиаллергиялық |
Антигистаминді, антисеротонинді, антибрадикининді |
Антирадикалды |
Оттегінің бос,еркін радикалдарын жояады |
Антисклеротикалық |
Липидтердің фракциясына позитивті әсер беріп, атеросклероздың дамуын тежейді |
Антитотықтырғыш |
Липидтердің асқын тотығының уытты өнімдерін жояды. |
Антиульцирогендік (асқазан жарасына қарсы) |
Карбеноксолон немесе аналогі «Caved S» 12 екі елі ішектің жарасын емдеуде белгілі фармакотерапиялық белсенділікке ие болды. |
Антиэкссудативті және антипролиферативті |
11-Р-гидроксистероидной гидрооксигеназы ферментін тежейді,. накоплением гидрокортизона мөлшері үлкейіп қабыну үрдісін тежейді |
Вирустарға қарсы |
Вирусқа қарсы интерферонның пайда болуын және синтезін қуаттандыратын вирустың ДНК- блокада жасап ,РНК пайда болуын тежеп, вирустарға қарсы әсер етеді. |
Гепатопротекторлық дәрілік зат |
Бауыр жасушаларының мембранасын тұрақтандырады және заласыздандыру қызметін жоғарылатады. |
Жапония елінде созылмалы В гепатитін, вирустық С гепатитін емдеуге кеңінен қолданылып келеді, |
Бауырында және бүйректерде Р-дегидрогеназаның белсенділігін тежеп, гормондардың денгейін көтеріп қабынуға қарсы әсер ететді. |
Жөтелге қарсы, қақырық түсуруші әсері ,антимикробты, бронхолитикалық, антигистаминді және антиаллергиялық қасиетінің арқасында өкпе науқастарын емдейтін кешеннің құрамына енгізілуде |
Өкпенің сурфактантты жүйесін,ондағы липидтердің уытты заттарының пайда болуын тежейді. |
Иммуноқуатандыратын |
Табиғи киллердің, бауырдағы Т-лимфоциттің белсенділігін қуаттандырып, ИЛ-2 өнімдерін жоғарылатады, глицирризин қышқылы макрофагтарда азот тотығының енуін жоғарылатып, олардың белсенділігін қуаттандырады |
Кардиопротекторлық |
Глицирризин қышқылының әсерінен кардиомиоциттердің некроз ошағынан шығатын ферментердің денгейі төмендеп жүректегі қабыну ісігінің мөлшері азайып, липидтердің жоғарғы денгейде болатын асқын тотығының өнімдерінің мөлшері азайып, 2,7есе төмендеген антитотықтырғыш белсенділігі жоғарылап қалыпты жағдайға келетінін көрсетті |
Қабынуға қарсы |
Қабынуға қарсы белсенділігінің негізгі механизмдерінін бірі қабыну ошағында простагландин ПҒЕ2 мен лейкотриендердің жасалуын тежеп, циклооксигеназа және липооксигеназа энзимдерінің белсенділігін тежеуге байланысты. глицирризин перитеоналды макфагтардың оксид азотының пайда болуын қуаттандырып, макрофагтарды үдететін каскадтарын тежеп, қабыну процестерін тежейді |
Уытты заттарды заласыздандыратын |
Бауырдың заласыздандыратын құзметін және цитохром жүйесінің қуаттандырып |
Радиопротекторлық |
Радиотоксиндерді жояды. |
Фосформен уыттануында және сатурнизмге қарсы протекторлық әсері |
Фосфоротоксиндер мен қорғасындыуытты заттарды жояты. |