Кіріспе Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың ең бір өзекті мәселелеріне дәрілік заттарды тиімді, оңтайлы фармакотерапиялық кешендерді қолданып, сырқаттарға ең қолайлы емдік шараларды енгізіп, олардың емдік қасиеттерін жоғарғы деңгейге көтеріп, ем сапасын жақсартып, дәрілердің жанама әсерлерін алдын-алу шараларын енгізу және болдырмау бүгінгі таңдағы медицинананың негізгі міндеттердің бірі болып келеді.
Аурудың клиникалық болжамын тек аурудың биологиялық механизмдеріне сүйене отырып жасау, ол гипотеза есебінде қаралуы қажет болады, сондықтан кез-келген дәрігерге қазіргі медицинаның жетістігіне сүйенген клиникалық эпидемиологияны ғылымның маңызды, негізгі ғылымы деп есептеген жөн болады. Фармакоэкономика денсаулық сақтау экономикасын негіздейтін ілім. Ол дәрілердің қолдануын және оның құнын бағалап, науқастарды тиімді, дұрыс, оңтайлы емдеу жолдарын негіздеп және олардың бағасының саясатын анықтайтын ілім[Цыбин А. К.,2000]. Аурухана ішілік инфекциялар(АІШИ) бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, АІШИ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІШИ ауруханада жатқан науқастардың 5-20% кездеседі.АІШИ емдеу орындарына алып келетінн шығынның мөлшері 500 ден 1500 америкалық долларды құрайды. Микробтарға қарсы таңдамалы әсері жоқ препараттарға антисептиктер және дезинфекциялаушы заттар жатады.
Жұмыстың мақсаты. Шымкент каласында дезинфекциялық дәрілердің қолдануындағы фармакоэкономикалық жағдайы зертеу.
Материалдар мен әдістер. Дезинфекциялық және антисептикалық заттардың Қазахстан
Республикасының Түркістан обылысында және Шымкент қаласының емдеу мекемелерінде қолданылған атауларын және олардың бағаларының ресми мәліметтерден алынды. Зерттеуге алынған заттардың бәрін біркелкі статистикалық өңдеу үшін белгілі дәрежелі стандартқа келтірілді.
Зертеу нәтижелері. Зертеу нәтижесінде алынған мәліметтер төмендегі суреттерде көрсетілген.. Шымкент қаласының бірінші клиникалық ауруханасында қолданған дәрілік заттардың 1,0 литріне немесе 1,0 кг кететін шығын мөлшері төмендегі суретте көрсетілген. Ең қымбат дәрі болып- Альфапирокс орын алды, оның құны14356 тенгені құрайды. Екінші орында антисептикалық сұйық сабын ( Zhusan Diasoft ) ие болды, альфирокспен салыстырғанда 4819 теңгеге арзан болды. Құндары 3 мыңнан жоғары дәрілерге Формин, Альфоктен, Альфирокс Алоксин, акматол дәрілері жатады Стандартты құндары (1 кг тең мөлшерінде 2 мыңнан асатын дәрілерге; хлорал,хлорал гранула , ЧАС, Универсал, Амина, А-дез антисептик, DP, стандартты құндары 1 мын нан 2 мың ға дейнгі дәрілерге келесілер жатады; Құны 1 мыңга дейінгі дәрілерге спринтер, адез- екстра(850тг) дәрілері жатады.
Дезинфекциялық дәрілік эаттардыі фармокоэканомикалық тұрғыдан сараптама жасағанда ең қымбаты- Альфапирок ,ең арзаны А дез-экстра дәрісі орын алды.
Шымкент қаласының бірінші клиникалық аурухана бойынша қолданатын ДЗ жәненАС дәрілердің
қолданған атауларына байланысты дәрілердің жылдық бағасы төмендегі 2 суретте көрсетілген.
Шымкент қаласының бірінші клиникалық аурухана бойынша қолданатын ДЗ жәненАС дәрілердің
қолданған атауларына байланысты дәрілердің қолдану жиідігі 3- суретте көрсетілген. Дезинфекциялық дәрілік эаттарды фармокоэканомикалық тұрғыдан сараптама жасағанда ең жиі қолданғанған дәрілерге -спринтер,гамма- Д,ДЦХ натрии дәрісінің таблетка пішінді формасы ,гамма-хлорид дәрілері орын алса, өте азқолданыс табқан дәрілерге сптинртер, А дез-экстра дәрілері орын алды.
97
Қортынды
- Қазахстан Республикасында ТМД елдерінде қолданатын ДЗ және АС дәрілердің 80% ын қолдануда.Түркістан обылысында ДЗ және АС ретінде қолданатын дәрілердің жиілігі 15,58 % ,
Шымкент қаласында 7,6% соның ішінде бірінші клиникалық ауруханада (Шымкент қаласы) -1,8% құрайды.
- .Бірінші клиникалық ауруханада (Шымкент қаласы) қолданатын ДЗ және АС дәрілердің ең арзаны- А-дез.
Экстра (840тенге) дәрісі , ең кымбаты Альфапирок (14435,6 тенге)
Бірінші клиникалық ауруханада (Шымкент қаласы) қолданатын ДЗ және АС дәрілердің ең үлкен жылдық шығыны бойынша Хлор алгидрат (1 268190 тенге), ен төменгі шығыны бойынша альфоктен (3986,8 тенге) дәрісі орын алды.
98