Кіріспе.Қоршаған ортаның экологиялық жағдайының асқынуына байланысты балалардың тіс жегі таралуы мен қарқындылығы , оның асқынулары өршуң орын алуда[ Ушаков И.Б. и др., 2006, Супиев Т.К., 2006 ].
Шымкент қаласының қоршаған ортаның әртүрлі химиялық заттармен, ластануы антропогеноуытты жағдайға алып келеді, соның ішінде қорғасынның ауаның, топырақтың және өсімдіктердің құрамында оның шекті зиянсыз мөлшері (ШЗМ) бірнеше рет жоғары деңгейде орын алады [Хандиллаева Б.М., 2000].
Қазахстан Республикасында алдын-алу жымыстарының әлсіздігіне байланысты балаларта тіс жегінің асқынған зақымдануының, соның ішінде іріңді-қабынған одонтогенді аурулардың өскендігі байқалады. (Супиев Т.К., 2006, Орманов Е.К. 2010 ).
Жұмыстың мақсаты: Шымкент қаласының мектеп жасына дейінгі балаларының сілекейіндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің ауыз қуысының гигиениялық жағдайына байланысты жағдайын зертеу
Зертеу әдістері мен материалдары:Зертеудің мақсатына байланысты мектеп жасындағы балалардың сілекейінде литпидтердің асқын тотығының алғашқы, ортв және соңғы өнімдерінің көрсеткішін стандартты спектофотометриялық әдіспен анықтадық.Диенді қоспаның , липидтердің гидроасқын тотығы және малонды диальдегидттің қоюлануын потикалық тығыздық бірлігінде жене нмоль/ мл есептелінді.Зертеуге жектепке дейінгі балалардың сілекейі стандартты әдіспен алынды, ауыз қуысының гигиеналық қарқындылығының Грин- Вермиллион және Ю.А.Федоров-В.В.Володкина индексі бойынша алынды.
Зертеу нәтижелері: Шымкент қаласының үш жасқа дейінгі балаларының сілекей құрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің алғашқы өнімдерінің бірі -диенді қоспаның мөлшері бақылау тобындағы көрсеткішін шартты 100%-ға тең деп есептегенде,бірінші және екінші гигиеналық (ауыз қуысының гигиеналық қарқындылығының Грин-Вермиллион және Ю.А.Федоров-В.В.Володкина индексі бойынша анықтағанда) топтарда бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда 14% және 24%-ға жоғарылайды. Ауыз қуысының гигиеналық қарқындылығы бойынша үшінші,төртінші және бесінші топтарды құрайтын мектеп жасына дейінгі балалардың сілекей құрамындағы диенді коньюгаттың қоюлануы бақылау тобының көрсеткішінің 133%, 143% және 157%-ын құрайды.
Сілекей құрамындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің ортаңғы өнімдерінің бірі - липидтердің гидроасқын тотығы (ЛГАТ) бақылау тобындағы көрсеткішін шартты 100%-ға тең деп есептегенде,бірінші және екінші гигиеналық топтарда бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда 12% және 26%-ға жоғарылайды. Ауыз қуысының гигиеналық қарқындылығы бойынша үшінші,төртінші және бесінші топтарды құрайтын мектеп жасына дейінгі балалардың сілекей құрамындағы диенді коньюгаттың қоюлануы бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда 33%, 43% және 57%-ға өседі.
99
Липидтердің асқын тотық өнімдерінің соңғы өнімдерінің бірі- малонды диальдегидттің (МДА) сілекей құрамындағы қоюлануы бақылау тобындағы көрсеткішін шартты 100%-ға тең деп есептегенде үш жасқа дейінгі балаларда , соның ішінде бірінші және екінші гигиеналық топтарда бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда 10% және 15%-ға жоғарылайды. Ауыз қуысының гигиеналық қарқындылығы бойынша үшінші,төртінші және бесінші топтарды құрайтын мектеп жасына дейінгі балалардың сілекей құрамындағы малонды диальдегидттің мөлшері бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда бақылау тобының көрсеткішінің 122%, 126% және 134%-ын құрайды.
Зертеуге алынған екінші жастық тобында (6-жасқа дейін) балалардың сілекей құрамындағы диенді қоспаның мөлшері 1-ші және 2-ші гигиеналық топта бақылау тобымен салыстырғанда13,6%-ға және18%-ға өстті. Ауыз қуысының гигиеналық қарқындылығы бойынша үшінші,төртінші және бесінші топтарды құрайтын мектеп жасына дейінгі балалардың сілекей құрамындағы диенді коньюгаттың қоюлануы бақылау тобының көрсеткішінің 127%, 141% және 155%-ын құрайды.яғни бақылау тобымен салыстырғанда өсу деңгейі 27%, 41% және 55%-ға тең болды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауыз қуысының гигиеналық қарқындылығы бойынша сілекей құрамындағы липидтердің гидроасқын тотығы (ЛГАТ) қоюлануы бірінші және екінші топтарда 20% және 25%- ға,ал үшінші,төртінші және бесінші топтарды құрайтындарда сілекей құрамындағы липидтердің гидроасқын тотығы (ЛГАТ) қоюлануы бақылау тобының көрсеткішінің 135%, 141% және 155%-ын құрайды.яғни бақылау тобымен салыстырғанда өсу деңгейі 35%, 41% және 55%-ға тең болды.
Қорытынды
Шымкент қаласының балаларының тісжігінің және ауыз қуысының гигиеналық индексінің дәрежесіне байланысты қандағы липидтердің асқын тотығының өнімдерінің топтасуы бірінші сатысында 13,3%-ға, екінші сатысында 20%-ға, үшінші сатысында 28,7%-ға, төртінші сатысында 38%-ға, бесінші сатысында 78%-ға жоғарылайды.