Ғылыми-практиқалық медицинаның өзекті мәселелерінің бірі туберкулезге қарсы күрес болып табылады. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары туберкулезімен ауырған науқастардың саны 113%-ға дейін көтеріліп, оның қүрделі асқынған түрлері жыл сайын адам өліміне әкеліп соғуда [70]. Туберкулезбен ауыратын нуқастарды емдеу барысында туберку-лостатиктердің кейбір жағымсыз әсерлері байқалады. Ғылыми дәректер бойынша туберкулезге қарсы химиотерапиялық заттардың теріс, жағымсыз жанама әсерлері 13% және 61,3%-да орын алады [ Ташбулатова Ф.К.2003].
Химиотерапияның әсерінен өкпе туберкулезді таралған науқастардың қанындағы липидтердің еркін радикалды асқын тотығуы мен антитотықтырғыш жүйесінің интегралдық көрсеткіші 1, 2 және 3 айлық емнен кейін күшті ингибиторлы топта 20,4%, 47,2% және 86%-ға ғана өссе, орта ингибиторлы топта 48,6%, 82% және 167,4%-ға, ал әлсіз ингибиторлы науқастарда 64,5%, 94,5% және 209,9%-ға сәйкес жоғарылады [Бисимбаева С.Б., Орманов Н.Ж ;2009].
Жұмыстың мақсаты: Өкпе туберкулезді инфильтраты таралған сырқаттар қанының
эритроциттеріндегі ЛАТ өнімдерінің ацетилдеу түріне байланысты жағдайын зертеу
Зерттеу әдістері. Науқастардың қан эритроцитгеріндегі ДҚ, ЛГАТ, ТБК-ӘӨ Арутюнян А.В., Андреева Л.И. [2012], организмнің ацетилдеу түрін изониазидтті Каркищенко Н.Н және әріпт. [1988] әдістері арқылы анықталды. Ацетилдеу фенотипті анықтау сырқаттарғва ауыз қуысы арқылы тест препарат-изониазидті 0,45 т бір рет беріп кіші дәретін әр 2 сағатта және 6 сағат бойы жинап әр сағаттың сынағында кіші дәреттің құрамындағы изониазидтің мөлшерін спектрофотометриялық әдіспен (470 нм) метаваннадты аммонии реагентін қолданып зерттедік. Алынған мәліметтерді ескере зерттеуге алынған адамдарды изониазидтің бөлінуіне байланысты ІІІ топқа бөлдік. І - күшті ингибитор, кіші дәретпен бөлінген изониазидттің белсенділігі 0-10 %-ға тең; ІІ -орта ингибитор, изониазидтің мөлшері 15%-ға дейін, ІІІ-әлсіз ингибитор, изониазидтің кіші дәретке дейінгі 16%-дан жоғарыәдістерімен анықталды,
Зерттеу нәтижелері. Сырқаттардың күшті ингибиторлық типінің эритроциттеріндегі диенді қоспаның деңгейі дені сау адамдардағы мөлшеріне қарағанда 41,6%-ға жоғарласа, орта типінлегі науқастардың эритроциттерінде өсу деңгейі бір еседей болады, әлсіз ингибиторлы сырқаттардың қанының эритроцитеріндегі концентрациясы сәйкесінше дені сау адамдардың көрсеткішінен екі еседей (203%) жоғарылайды, әлсіз ингибиторлы науқастардың көрсеткіші күшті және орта ингибиторлылардың деңгейінен бір еседен жоғары (185%) және 86,5%-ға өседі (1-ші кесте).
Кесте 1 - Өкпе туберкулезді науқастар қанының эритроциттеріндегі ЛАТ өнімдерінің ацетилдеу түріне байланысты өзгеруі
Көрсеткіштер Топтар |
ДҚ (отб.мг/ липидке) |
ЛГАТ (отб. мг/ липидке) |
ТБК-ӘӨ ммоль/мг |
|
Бақылау тобы (жалпы) |
0,27 ± 0,003 |
2,25 ± 0,13 |
40,2 ± 2,1 |
|
Күшті ингибитор |
1 |
0,24 ±0,01 |
1,86 ±0,09 |
32,9 ±0,21 |
2 |
0,34 ±0,03* |
2,60 ±0,03* |
44,4 ±3,12* |
|
Орташа ингибитор |
1 2 |
0,26 ±0,01 0,52 ±0,03* |
2,00± 0,01 4,19 ±0,25* |
41,5 ±1,10 82,6 ±4,3* |
Әлсіз ингибитор |
1 2 |
0,32 ±0,01 0,97 ±0,04* |
2,90 ±0,22 8,8 ±0,34* |
47,4 ±2,60 143,2±16,3* |
Нұсқама: * - р<0,05 - сәйкес бақылау тобымен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіш; 1- бөлшектің алымында дені сау адамдардың көрсеткіші; 2- бөлімінде ӨТ ИТ сырқаттардың көрсеткіші. |
Күшті ингибиторлы типті науқастардың эритроцитеріндегі ЛГАТ концентрациясы сәйкесінше дені сау адамдардың көрсеткішімен салыстырғанда 39,8%-ға жоғары болса, орта ингибиторлы типті сырқаттарда өсу деңгейі бір еседен артық (109%) болады, әлсіз ингибиторлы тобында бұл көрсеткіштің мәні дені сау адамдардың эритроциттеріндегі ЛГАТ деңгейімен салыстырғанда 203,4%-ға жоғарлайды, ал күшті және орта ингибиторлы сырқаттардың көрсеткішіне қарағанда екі еседен артық (238%) және 110%-ға жоғарылайды. ЛАТ көрсеткішінің соңғы өнімдерінің бірі ТБК-ӘӨ-нің эритроциттеріндегі концентрациясы күшті ингибиторлы типті сырқаттардың сәйкес дені сау адамдардың деңгейінен 34,9%-ға жоғарыласа, орта ингибиторлы сырқаттарда бұл көрсеткіштің деңгейі 99,9%-ға өседі, әлсіз ингибиторлы сырқаттарда ТБК-ӘӨ эритроциттеріндегі концентрациясы ең үлкен мәнге ие болады және жоғарылау деңгейі сәйкес дені сау адамдардың көрсеткішімен салыстырғанда екі еседен артық (203,4%) жоғарылайды.
Алынған мәліметтер өкпе туберкулезінің инфильтраты таралған түрімен ауыратын сырқаттар қанының эритроциттерінде ЛАТ өнімдерінің көрсеткіші науқастардың ацетилдеу үрдісіне байланысты болып, әлсіз ингибиторлы типті сырқаттарда ең үлкен мәнге ие болады.
Сонымен, өкпе туберкулезінің ИТ науқастар қаны құрамындағы ЛАТ-өнімдерінің шамадан тыс топталу сырқаттардың ацетилдеу түріне тікелей байланысты, күшті ингибиторлы типінде шамасы жоғарыласа, әлсіз ингибиторлы түрінде өте жоғары деңгейде болады.
Әдебиеттер
- .Ташбулатова Ф.К. Профилактика побочных реакции противотуберкулезных препаратов при туберкулезе легких у больных с различным генетическим фоном// Проблемы туберкулеза и болезней легких. -2003. - №6. - C. 17-20.
- . Панова Л.В., Овсянкина Е.С. Частота развития и виды побочных реакций на химиотерапию у подростков, больных туберкулезом /Проблемы тубер кулеза, 2003, № 1.- С. 28-30.
- .Бисимбаева С.Б., Орманов Н.Ж. Инфильтраты шектелген өкпе туберкулезді науқастардың эритроциттеріндегі ЛАТ өнімдерінің ацетилдеу типіне байланысты өзгеуі// «Қазақстан Фармациясы: ғылым,білім және өндіріс интеграциясы» Халықаралық ғылыми тәжірибелік конфер. матер. ОҚММА. -Шымкент. -2009(2). -341-342 бет.
- . Бисимбаева С.Б., Орманов Н.Ж. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар жағдайының «Прооксидант- Антиоксидант» жүйесінің ацетилдеу түріне байланысты өзгеруі // Здоровье и болезнь -2009. -№4(80)-С.113-115.
- .Әділбекова Д.А., Орманов Н.Ж.,Жумабаев У.А. Использования хемилюминесцентного свойства сыворотки (плазмы) крови для диагностики хронической интоксикации соединениями фосфора// Методическая рекомендация. -Шымкент,1993.-16с.