Организмнің индометацинге даралық сезімталдығын спектрофотометриялық анықтау тәсілі

Кіріспе. Бүгінгі күні адам организміне көптеген өндірістік химиялық заттардың және дәрі- дәрмектердің әсері күннен күнге кең тарап бара жатыр. Олардың организмге уытты немесе жанама әсерлерінен дерттік өзгерістер пайда болатыны көпшілікке белгілі. Бұл ксенобиотиктердің әсерлерінен дерттердің даму мүмкіншіліктері организмнің даралық сезімталдығына байланысты болады [АдидьбековаД.А. Орманов Н.Ж .2005,]. Мәселен, уытты заттарға организмнің даралық сезімталдығы оның фенотипіне байланысты болатыны дәлелденген. Фенотипіне байланысты улы заттардың әсерінен дерттердің дамуы әр түрлі деңгейде болады [ Әділбекова Д.А.,Орманов Н.Ж .2006]. Организмнің ксенобиотикке даралық сезімталдығын хемилюминсценттік әдіспен анықтау көптен бері қолданып келеді [ Орманов Н.Ж. 1985],оны аңықтау үшін ХЛМЦ-01 атты аспабы қажет. Осыған байланысты ксенобиотиктерге организмнің даралық сезімталдығын анықтау бүгінгі таңда медицинаның өзекті мәселесі болып есептелінеді.

Кілт сөздер: Организм,индометацин,даралық сезімталдығы,анықтау тәсілі.

Зертеу мақсаты. организмнің индометацинге даралық сезімталдығын анықтау тәсілі

Зертеу әдісі.Организмнің индометацинге даралық төзімділігін немесе сезімталдығын анықтауда алынған деректерді толық дәлелдеу үшін бұл әдіс in vivo жағдайында да жасалынды. Ол үшін индометацин 20мг/кг денемассасына жануарлардың өңешіне енгізілді, ал бақылау тобындағы егеуқұйрықтарға физиологиялық ерітінді берілді.

Организмнің индометацинге даралық сезімталдығы оған төзімділік көрсеткішінің есептеу өрнегі арқылы анықталды:

ХЛтб, , ХЛ]сх , АТРТЖ,

ХЛгб, ХЛіс, А ТРТ'Ж.
ИТК = 2 J-2 2-;

3

мұндағы: ИТК- индометацинге төзімділік көрсеткіш; ХЛөб - өз бетінше хемилюминсценция, ХЛәс - әсерленген хемилюминсценция, АТРТЖ - асқын тотық радикалдарының түзілуі жылдамдығы, 1-сынаққа дейінгі көрсеткіш, индометациннің ерітіндісі, ал екінші бөлігіне - 0,01мл физиологиялық ерітінді құйылды. Одан соң сынаққа алынған ерітінділер 30 минөтке 370С жағдайында термостатта ұсталынды. Бұл жағдайдан соң қос сынақты 1500 айнал/мин жылдамдықпен центрифугада айналдырып, эритроциттердің тұнба үстінен көлемі 1,0 мл ерітінді алынды және олардың құрамында ЛАТ өнімі -диенді конюгаттың және АТЖ белсенділіктері анықталады. Организмнің индометацинге даралық төзімділігін немесе сезімталдығын анықтауда алынған деректерді толық дәлелдеу үшін бұл әдіс in vivo жағдайында да жасалынды. Ол үшін индометацин 20мг/кг дене массасына жануарлардың өңешіне енгізілді, ал бақылау тобындағы егеуқұйрықтарға физиологиялық ерітінді берілді.

2-сынақтан кейінгі хемилюминес-центтік көрсеткіштер;

Организмнің даралық сезімталдығын хемилюминометр тапшы,жоқ жағдайында анықтау үшін биохимиялық әдістер қолданылды.Организмнің сезімталдығын анықтау үшін қанның құрамында диенді конъюгаттың мөлшерін стандартты [Арутюнян 1985], және антирадикалды[ Орманов Н.Ж. 1985], белсенділікті зертеу спектрофотометриялық әдістер қолданылды. Индометацинге зертханалық жануарлардың даралық сезімталдығын толық анықтау үшін алдын ала 1%-ды индометациннің суда ерітіндісі жасалынды. Зерттеуге алынған жануарлардың құйрығынан 0,3мл қан алынды және оның жалпы көлемі физиологиялық ерітінді қолданылып 3,0мл жеткізілді, бұл алынған көлемді тепе-теңдей екіге бөліп, бірінші бөлігіне 0,01мл 10-4м сулы

Индометацинді сынақтан соң организмнің индометацинге сезімталдығы келесі өрнек арқылы анықталды:
ЛДК
Инд С ЛА ТБ ’

Мұндағы: АДҚ- диенді қоспалардың сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері; ААТБ- антитотықтырғыш белсенділігінің сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері;

Индометациннің дене массасына 20 мг/кг мөлшерінің әсерінен асқазанның құрылымдық бүлінген жағдайы жануарлардың индометацинге сезімталдығына байланысты зерттелді. Зерттеу кезінде алынған мәліметтер 1-ші кестеде орын алған. Кестеден көрінгендей жануарлардың индометацинге сезімталдығына байланысты асқазанның құрылымдық бүліністері әр түрлі деңгейде орын алды.

Көрсеткіштер

Топтар

жалпы

төзімді

сезімтал

өте сезімтал

Ойық жараның мөлшері (мм)

0,31 ±0,02

-

0,6±0,03*

2,5±0,12*

Жолақты ірі

1,6±0,11

-

4,5±0,12*

9,7±0,67*

Нүктелі

2,7±0,16

-

6,8±0,83*

19,1±1,1*

Бір егеуқұйрықтағы ойық жара саны

4,6±0,16

-

11,9±0,83*

31,3±1,5*

Жалақ жараның орташа саны

7,4±0,44

3,0±0,2

6,6±0,39*

12,3±0,73*

Паульс индексі

3,8±0,23

2,2 ±0,06

7,14±0,42*

31,3±2,2*

* р<0,05 -жалпы топпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш;

1-кесте - Индометацинге сезімталдығына байланысты индометациннің әсерінен асқазанның

құрылымдық өзгерістері

Жалпы топта ірі ойық жаралардың мөлшері 0,31±0,02 мм-ге, жолақты 1,6±0,11мм-ге, нүктелі ойық жара 2,7±0,16 мм-ге тең болды. «Төзімді» топта ойық жаралар мүлдем болмады, жалақ жараның орташа саны 3,0±0,2 ғана кездесті. «Сезімтал» топта ірі ойық жара 0,6±0,03мм-ге, жолақты 4,5±0,12мм-ге, нүктелі ойық жара 6,8±0,83мм-ге тең болды, бір жануарда ойық жара саны 11,9±0,83, Паульс индексі 87,9%-ға жоғарылады. «Өте сезімтал» топта ірі ойық жара 2,5±0,12 мм-ге, жолақты 9,7±0,67мм-ге, нүктелі 19,1±1,1 тең болды, яғни «өте сезімтал» топта өсу деңгейі орташа 7 еседей артық болды, бір жануарда ойық жара саны 12,3,9±0,73 болды.

Индометацинге «төзімді» топта жалақ жараның орташа саны жалпы топтың орташа санына қарағанда 2,5 есе аз, «өте сезімтал» топтағы жануарлар асқазанында жараның орташа саны жалпы топтың орташа санына қарағанда 1,7 есе артық болды, ал «төзімді» топпен салыстырғанда 4 еседей жоғары болды. Жара индексі немесе Паульс индексі жануарлардың индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі деңгейде өзгерді. «Төзімді» топта 42,1%-ға төмен болса, «сезімтал» 87,9%-ға жоғары, ал «өте сезімтал» топта оның деңгейі жалпы топқа қарағанда 8,2 есе жоғары болды(Сурет-1).

Сонымен, зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер асқазан құрылымының бүліну өзгерістері индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі деңгейде болатынын көрсетті. «Төзімді» топта негізінен асқазанда құрылымдық бүліністер жалақ жара түрінде ғана байқалса, индометацинге «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарында жалақ жаралы өзгерістермен бірге ойық жаралардың пайда болуы байқалды және ойық жаралардың ең көп мөлшері индометацинге «өте сезімтал» топта кездесті.

Қорыта келгенде, индометациннің гастроуытты әсерінен «төзімді» топта ойық жаралар мүлдем кездеспеді, «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарда ойық жараның ірі, жолақты және нүктелі түрлері орын алып, олардың деңгейі «өте сезімтал» топта жоғары деңгейде болды.

Әдебиеттер

  1. Новые подходы к прогнозированию риска развития гастропатий, индуцированных нестероидными противовоспалительными средствами //Зиганшина Л.Е.,Султанова А.Ф., Хазиахметова В.Н., Валеева И.Х., Зиганшин А.У. //Эксперим. и клин. фармакология.- 2002.- Том 65.- №2. -C.49-52.
  2. Лапина Т.Л. Гастропатии, индуцированные нестероидными противовоспалительными препаратами: клиническое значение, лечение, профилактика //ConsUium medicum.-2001.-Т.3.-№9-С.438-442.
  3. Насонов Е.Л., Каратеев А.Е. Гастропатия, связанная с приемом НПВП // Клиническая медицина.- 2000.- №4.-С.4-7.
  4. Козлова И.В., Липатова Т.Е., Кветной И.М. Гастропатия, индуцированная нестероидными противовоспалительными препаратами, у больных остеартрозом, роль некоторых факторов диффузной эндокринной системы желудка в ее возникновении // РЖГГК.- 2006.- №1.- С. 47-53.
  5. Шептулин А.А. Современные возможности лечения и профилактикиНПВП-индуцированной гастропатии // РЖГГК.- 2006.- №1.-С. 15-19
  6. Әділбекова Д.А.,Орманов Н.Ж.,Құдайбергенов Е.Ж.Ағзаның ксенобиотикке төзімділігін индоматацинді сынақ арқылы анықтау әдісі// Юж. Каз. ЦНТИ информационный листок, Передовой опыт, ИЛ № 38-06.
  7. Әділбекова Д.А., Орманов Н.Ж., Құдайбергенов Е.Ж., Ағзаның индометацинге сезімталдығына байланыста липидтер асқын тотығу үрдісінің өзгеруі// Здоровье и болезнь, 2006.- №5 (54).-б.120-123.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011