Жергілікті іш астарының қабынумен ауыратын сырқаттардың иммуноантибиотикотерапияның әсерінен фармакоэкономикалық көрсеткіштерінщ өзгеруі

Жұмыстың мақсаты. Жергілікті іш астарының қабынумен ауыратын сырқаттардың иммуноантибиотикотерапияның қанның уыттық қасиетіне және фармакоэконимикалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.

Материалдары мен әдістер. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес 10 дені сау адам және жергілікті іш астарының қабынуыпен ауыратын 40 науқас зерттеуге алынды.Олар фармакотерапиялық кешендермен (Фтк) емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Ем-1 (МГ) кешеннің құрамы: метрогил (100мл), гентамицин (80мг). 2-топ: Ем-2 (МЦ) кешеннің құрамы: метрогил (100мл) цефепим (1,0мг), 3-топ: Ем-3 (МЦИ) кешеннің құрамы: метрогил (100мл) цефепим (1,0мг), иммуномодулин (1мл), 4-топЕм-4 (МГИ) кешеннің құрамы: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (1мл) дәрілерін нұсқау бойынша күнара бір рет қабылдады. Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн.

Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Еврофарма» фирмасының құны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша [2,3] зерттеліп, науқастарды емдеуге кететін дәрілердің толық бағасын, «шығындар-пайда» фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономикалық тиімділігін есептеу үшін қанның сарысуының уыттылық көрсеткішін Н.Ж.Орманов әдісімен анықтадық [2,3,4].

Зерттеу нәтижелері. Жергілікті іш астарының қабынумен науқастардың қанының сары суының

уыттық индексінің (УИ ) иммуноантибиотикотерапияның әсері өзгеруі 1-кестеде көрсетілген. Жергілікті іш астарының қабынумен науқастардың қанының эндоуыттану индексінің бақылау тобының қөрсеткіштеріне қарағанда 4,2 есе жоғары денгейде орын алды, антибиотиктердің және иммуноантибиотикотерапияның әсерінен бұл көрсеткіштің мәні әр түрлі деңгейде төмендейді. Дәстүрлі (Ек-1) антибиотикотерапиядан (метрогил,гентомицин) кейін қанның сары суынының уыттық индексін емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 84,6%-ды құрады, яғни төмендеу денгейі 15,4 %-ға тең болды. Иммуноантибиотикотерапиядан (метрогил,гентомицин, иммуномодулин) (Ек-4) кейін қанның сары суынының уыттық индексін емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 48%-ды құрады, яғни төмендеу денгейі 52 %-ға тең болды.

Цефепимды метрогилмен бірге қолданғанда қанның сары суынының уыттық индексін емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 55,7%-ды құрады, яғни азаю денгейі 44,3 %-ға тең болды.

Цефепимды метрогилмен және иммуномодулинмен бірге қиылыстырып қолданғанда қанның сары суынының уыттық индексін емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға тең болды , яғни төмендеу денгейі 75 %-ды құрайды (кесте -1).

Кесте 1 - Жергілікті іш астарының қабынумен науқастардың қанының сары суының уыттық индексінің (УИ ) иммуноантибиотикотерапияның әсері өзгеруі

Зертелген топтар

УИ (шартты белгі)

% бойынша

Меншікті тиімділігі %

БТ

1,0±0,05

100

-

ЕД

5,2 ±0,29

520

-

ЕК-1

4,4±0,21

440

15,4

ЕК-2

2,9±0,17

290

44,3

ЕК-3

1,3±0,12

130

75

ЕК-4

2,5±0,15

250

52

Ескерту: ЕК-емдік кешен;УИ-уыттық индекс.

Жергілікті іш астарының қабынумен ауыратын науқастардың «шығын-пайда» көрсеткішінің қанның уыттану индексінің мәнінің және емдеу мерзімі ішіндегі дәрілік жинақтық шығынының нышандарына байланысты емдік кешендердің әсерінен өзгеруі 2-кестеде көрсетілген.

Он күндік бақылау уақытында емдік кешендердің әсерінен бірінші топтағы сырқаттардың қанының қанының уыттану индексінің мәні антибиотикотерапияның әсерінен 5,2±0,29 шб 4,4±0,21 шб дейін төмендейді, яғни меншікті тиімділігі 15,4 %-ға тең болады, екінші, үшінші және төртінші топтардағы бұл көрсеткіш, 5,2±0,29 шб-ден 2,9±0,17 шб , 1,3±0,12 және 2,5±0,15шб дейін төмендейді және меншікті тиімділігі емге дейінгі сәйкес көрсеткішіне қарағанда 44,3%, 75% және 52%-ға тең болады. Антибиотикотерді иммуномодиулинмен

қиылыстырып қолданғанда қанның уыттық индексінің салыстырмалы сәйкес топтарына қарағанда 68,7 %- ға(гентамицинді топ) және 40,4%-ға(цефепимді топ) төмендеді. Жергілікті іш астарының қабынумен ауыратын науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің қанның уыттық индексіне және емдеу мерзімі ішіндегі дәрілік жинақтық құнына байланысты емдік кешендердің әсерінен «шығын-пайда» көрсеткіші иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотикті топтарға қарағанда 68,7 %-ға және 40,4%-ға төмендейді, ал оның «шығын - пайдалы» көрсеткіші бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтарда 195: 458: 227,3 және 61,5 теңгеге тең

болады. Зертелген топардың ішінде «шығын-пайда» коэффициент! ең кіші мәні 4-ЕК (метрогил+

гентомицин+иммуномодулин;) орын алды.

Төртінші емдік кешеннің үнемдеу денгейі бірінші топен салыстырғанда 133,5 тенге болса,екіші топқа қарағанда-396,5 тенге, үшінші топпен салыстырғанда-44,4 тенгеге тең болды (кесте-2).

Кесте 2 - Жергілікті іш астарының қабынумен ауыратын науқастардың «шығын - пайда»

көрсеткішінің қанның сары суының уыттылық индексіне және емдеу мерзімі ішіндегі дәрілік жинақтық құнына байланысты емдік кешендердің әсерінен өзгеруі

Топтар

«тиімді» мәні ( шб)

Меншікті тиімділігі %

10 күн ішіндегі емдік жинақтық шығыны (тенгемен)

«шығын-пайда» коэффициенті ( тенгемен)

Үнемдеу деңгейі (тенге)

ЕК-1 (МГ)

1. 4,9±0,29

2. 3,01±0,21

15,4

3008,0

195

133,5

ЕК-2 (МЦ)

1. 4,9±0,29

2. 2,85±0,17

44,3

20300,0

458

396,5

ЕК-3 (МЦИ)

1. 4,9±0,29

2. 1,47±0,О8

75

20492,5

273,2

44,4

ЕК-4 (МГИ)

1.4,9±0,29 2.

2.43±0,15

52

3200,5

61,5

-

Ескерту: 1-емге дейінгі көрсеткіші; 2- емнен кейінгі көрсеткіші, МГ- метрогил+ гентомицин;МЦ- метрогил+ цефепим; МЦИ- метрогил+ цефепим+иммуномодулин; МГИ- метрогил+ гентомицин+иммуномодулин;

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер сальпингоофаритпен ауыратын бір науқасты емдеуге жұмсалатын дәрілік шығынның ең үлкен мәні 2-ші емдік топта болса, ең кіші мәні 4- ші емдік топта (метрагил, гентамицин , иммуномодулин) орын алып, фармакоэкономикалық тұрғыдан сараптағанда ең тиімді емдік кешен болып табылады.

Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011