Актуальдылығы: Ерлер арасында эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесінде Пейрони ауруы 3-5% жуық кездеседі. Пейрони ауруының 65%-ы 40-60 жас аралығындағы ер кісілер. 20 жас аралығындағы ер жігіттерде 0,6-1,5 % кездеседі.
Зерттеу мақсаты: Жыныс мүшенің фибропластикалық индурациясының патоморфологиялық және морфогенетикалық негізін, хирургиялық емнің нәтижелілігін ақуызды қабық бляшкасының көлемімен анықтау.
Зерттеуге қолданылған әдістер: Зерттеу жұмыстары 1997-2012 жыл аралығын қамтыды. Барлық науқастардың ішінде 79(86,8%) жыныс мүшесінің ақуызды қабығының бляшкасын алып тастау мен ақуызды қабықтың графтингі жасалды. Ал 12(13,2%) науқасқа фаллопротездеу әдісі жасалды. 38(45,6%) науқастың жыныс мүшесінің дефектілік ақуызды қабығына терілік графтинг әдісімен жасалынды. 38(48,1%) науқастың жыныс мүшесінің ақуызды дефектісіне гетеротрансплантатты Коллост биокологенді комплексімен жасалды. 5(6,3%) науқастың жыныс мүшесінің ақуызды дефектісіне аутовенозды лоскутты қолданды(ұ. dorsalis penis). Ота жасалған науқастардың барлығы 1 жылдан 4 жыл аралығында ауырғандар. Науқастардың барлығына 6 айдан 2 жыл аралығында консервативті ем жасалып, нәтиже болмағаннан ота жасалды.
Зерттеу нәтижесі: Науқастарды ота жасалғаннан кейін 9 айдан 14 жыл аралығында бақылауда болды. Бірінші топта ота жасалған 30(83,5%) ер адамның толық эректильді қызметі 4-ші айда қалпына келді. Екінші топта 37(97,4%)ер адамда эректильді қызметі 4-ші айда қалпына келді. Үшінші топта 5(100%) ер адамда 4-ші айда эректильді қызметі қалпына келді. Хирургиялық араласудан кейін бірінші топтағы 3(8,3%) ер адамда ерте отадан кейінгі асқыну болды. Ал 2(2,7%) науқаста жыныс мүшенің басының некрозы байқалды.
Литература
1) Лопаткин Н.А. Урология. Национальное руководство. М.: ГЭ ТАР-Медиа, 2009. 1023с.