Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру негізінде халық денсаулығын емдеудегі заманауи дәлелдемелі медициналық көмек көрсетуді жетілдіру.
Зерттеудің мақсаты: Құрсақ қуысы ағзаларының шұғыл хирургиялық сырқаттары және жарақаттарымен түскен науқастарға эндовидеохирургиялық (ЭВХ) технологияларды пайдалану арқылы көмек көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін анықтау.
Зерттеу мәліметтері және тәсілдері: Мәліметтерді жинау үшін Шымкент қаласыныдағы облыстық клиникалық ауруханасының мұрағатынан 2015-2018 жылдар аралығында хирургия бөлімшесінде шұғыл абдоминалды ауруларымен емделген 200 науқастардың сырқатнамаларына сараптама жүргізілді. Сараптамада диагностика мен ем нәтижелеріне, өткізген төсек күндеріне, ота жасау барысында жұмсалған медикаменттердің бағаларына, пайдаланылған құрал - жабдықтар санына, отадан кейінгі кезеңде тағайындалған консервативті емге, жара таңу үшін жұмсалатын құрал - жабдықтарға, аурухана жұмсаған қаражатқа көңіл аударылды. Негізгі топты лапароскопиялық әдіспен емделген науқастар құрады 120(60%), ал, бақылау тобына дәстүрлі әдіс бойынша ем алған науқастар кірді 80(40%). Зерттеуімізге кірген науқастарды жеке нозология бойынша алсақ: жедел аппендицит 80, жедел холецистит 80, жедел панкреатит 10, жедел ішек өтімсіздігі 10, құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттары 20. Олардың ішінде 86 (43%) ерлер, 114 (57%) әйелдер құрайды. Емделушілердің көпшілігі еңбекке қабілетті 21 - 55 жас аралығындағы тұлғалар, олардың жалпы саны 121 (60,5%). Зерттеу нәтижелері: Егер отадан кейінгі кездескен асқынулардыңжалпы қосындыларын шығарсақ, онда негізгі топтағы 120 (100%) науқаста кездескен асқынулардың жалпы саны 8 (6,6%), ал, бақылау тобындағы 80 (100%) науқастың 11 -і, яғни 13,75%-да кездескен. Зерттеуімізге алынған барлық науқастардың төсек күндері бойынша жасалынған жеке дара сараптамаларының нәтижелерін қоссақ, онда ЭВХ технологиялармен жасалынған ота әдістерінен кейін науқастардың ауруханада өткізу уақыты жалпы 2 есеге азайғаны анықталды. Ота жасау барысында жұмсалған медикаменттердің бағалары бойынша негізгі топта жұмсалған қаражат саны 11517±0,23теңге, бақылау тобындағы шығын көлемі 18392±0,31теңге, ота жасау барысында пайдаланылған құрал - жабдықтар саны бойынша бақылау тобында 173 - ке дейін құралдар пайдаланылса, негізгі топта 73 - ке дейін құралдар пайдаланылған, отадан кейінгі кезеңде тағайындалған консервативті ем шығыны негізгі топта 7520,4766±0,47теңге, бақылау тобында 11662,2522±0,73теңге көлемін құрады, бір жара таңу үшін жұмсалатын құрал - жабдықтардың теңгеге шаққандағы шығатын бағасы негізгі топта 376,011±0,52теңге, ал бақылау тобында 601,652±0,86теңгеге шақ, науқастың қажеттіліктеріне кететін қаражаттары негізгі топта 9077,4±0,33теңге, ал бақылау тобында 16924,6±0,62 теңгені құрады. Шыққан соммаларды қосып есептегенде болсақ, негізгі топтағы емделушілер үшін аурухана 30167,2766±0,48теңге қаражат жұмсаса, бақылау тобында 53103,0522±0,78теңге қаражат шығындайды екен.
Қорытынды: Құрсақ қуысы ағзаларының сырқаттары мен жарақаттарының диагностикасы және емдеу тәсілінде жаңаша көзқараспен жетілдірілген алгоритм, аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл көмекті ұйымдастырудың тиімділігін арттырады. ЭВХ технологияларды кеңінен пайдалану өз кезегінде: отадан кейінгі асқынулар санының 2 есеге азаюына септігін тигізеді, науқастың өткізетін төсек күні 2 есеге азаяды, ота жасау барысында жұмсалатын медикаменттердің бағасы 6875±0,81теңгеге қысқарады, құрал - жабдықтар сандары да 2 есе аз, отадан кейінгі кезеңде тағайындалған консервативті ем үшін қаражат саны 4141,7756±0,67теңгеге үнемделеді, жара таңу үшін кететін қаражат 1,6 есеге жуық аз жұмсалады, науқастың қажеттіліктеріне кететін қаражаттар 2 есеге азаяды.