Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоғамда және медицина саласында smart технологияның дамуы

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам біртіндеп Смарт-қоғамға қадам басып келеді. Электронды есептеуіш машиналардың мүмкіндіктерінің өте жылдам дамуы мен ақпараттық технологиялардың барлық салаларда кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді. Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты мәселелерге көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.

Елбасымыздың Жолдауында: «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», - деген болатын[1]. Елбасымыз «цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама жөнінде кеңінен тоқталған болатын. Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді[2]. Елбасымыздың жолдауы нәтижесінде жастардың қабілеттілігін арттыру басты мақсатқа айналды. Елімізде «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білім алуға болатынын барлық азаматтар біледі десек те артық айтпаспын. Осы бағдарламаның нәтижесінде жастарымыз шет елде білім алып, қабілеттерін дамытып елге оралуда. Тек қана білім алып қоймай, өздеріне тәжірбие жинап болашақта Қазақстанның қоржынына түсер алтын жобаларды да ойластыруда. Осы мәселенің түйінін тарқатып айтар болсам, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған халықты толғандыратын бір сауал бар. Әрине, ол Отандық туындыларымыз қашан шықпақ, қай кезде отандық туындыларымызды қолданамыз?-деген мәселелер қаптап кеткен болатын. Қазақ даласында өзін еркін сезініп жүрген шетелдік кәсіпорындар қаптап келеді. Олардың бұлай еркінсінуінің басты себебі - олардың орнын басар отандық өнімдердің жоқтығы және сұраныстың жоғарылығы. Солардың бірі - қалаларымызда пайда болған және көптеген қарапайым халықтың күнкөрісін қамтамасыз етіп жатқан түрлі такси қызметтері. Мысалы, ЯндексТакси, InDriver, Uber және тағы басқалары бар. ЯндексТакси - ресейлік, InDriver - голландиялық, Uber - американдық бағдарлама. Олардың табысынан біздің ел қазынасына ештеңе түспейді. Ендеше, неліктен отандық туындыны жасап көрмеске деген сауалға жауабым әрдайым табылады. Осы орайда өз отандасымыздың ашқан керемет жаңалығын айта кетсем. Ол «Ақылды қала» атты бағдарламаны ойлап тапты. Бұл бағдарлама арқылы біз күнделікті тұрмысқа қажетті жабдықтарымызға тапсырыс бере отырып өзімізді, материалдық тұрғысынан толыққанды қамтамасыз ете аламыз. «Ақылды қала» бағдарламасының қолжетімділігі: Қазақстанның кез келген жерінде такси қызметтерінің жолаушыға тиімділігі. Тапсырыс беру арқылы бонус жинау; Материалдық тұрғыдан (аяқ киім, сәнді киімдер, бұйымдар) сапалы тауарларға тапсырыс бере алу; Қаланың кез келген жеріне тағамдарды жетізе білу, тағамның өнімділігі жөнінде мәлімет алу; Ауруханаларға жазылу, өзіңіз жайлы толық мәліметке қол жеткізу.

Бұл жоба еліміздің ірі қалаларында қолға алынуда. Болашақта Қазақстанның бүкіл қалаларында жүзеге асады деген жоспар бар. Халыққа тиімді болу үшін жобада әлі түрлі өзгерістер орын алуда. Бағдарламаның көп функциональды болуы және ғаламтор желісінің жылдам жұмыс жасауы халықты таңдандырмай қоймас. Бұл бағдарламаның тағы да бір ерекшелігі тапсырысты беру арқылы оның мөлшеріне қарап пайдаланушының үлесіне қосымша бонустар беріліп отырады. Ақылды қала бағдарламасы халыққа тиімді болып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның отандық сапалы жобасының бірі болмақ. Осындай жаңалықтардың жылдан жылған артуы қөз қуантардық жағдай. Яғни Смарт технологияны тұрмыстық қажеттілік ретінде ғана қолдана аламыз деген ұғым ерсі болып келеді. Заманның дамуына байланысты Смарт технология медицина саласында да қарқынды дамуда, яғни «Smart» емхана жобасы да қолға алынған болатын. Жобаның басты мақсаты-халықтың денсаулығына баса назар аудара отырып, онлайн түрде емделушінің денсаулығын тікелей қадағалау. Емделуші кезек күтіп тұрмайды және ол үшін көп қағаз толтыру қажет болмайды. Ұялы телефонға немесе компьютерге арнайы бағдарламаны енгізіп, өзіміз жайлы мәліметтерді толтырамыз. Осы шарттарды орындау арқылы дәрігерге алдын ала жазылуға болады. Ал дәрігер диагнозды қою барысында емделушіге қажетті нұсқауларды ұсынып, емделушіні қадағалап отырады. Сонымен қатар емделуші ақылы бөлімге жазылған болса, онлайн түрде терминал арқылы қаражатын өтей алады. Жобаны мысал ретінде қарастыратын болсақ, Астана қаласын айта кетуге болады. «Smart» емхана жобасы Астана қаласының «№4 қалалық емханасында» іске қосылды. Қазіргі таңда «Damumed» бағдарламасы да жедел қарқында дамып келе жатыр. Осы сияқты керемет жобаларымыз арқылы дамыған елдердің қатарына қосыламыз деген айқын мақсатымыз бар.

Жалпы қортындылайтын болсам, смарт технология егемен еліміздің еңселі болашағы үшін бір жаңа қадам болып есептелінеді. Медицинаға және қоғамда қосар үлесі мейлінше зор болу үшін бұл жобаны дамыту біздің қолымызда. Тың жаңалықтармен таныс бола отырып, әлемді технологиямен басқару керемет емес пе?!

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Цифрлы Қазақстан»