Кіріспе. Жіті респираторлық вирустық инфекцияныемдеуге қолданатын дәрілердің фармакоэкономикалық тұрғыдан қасиеттерін зерттеп, ауырсынудың дәрежесіне байланысты олардың ішінен оңтайлы, ыңғайлы, қауіпсіз, арзан, қол жеткізетін, дәрілік заттарды уыттану синдромын емдеу үшін, пульмонологияда , жан-сақтау бөлімшесінде қолдануын негіздеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады[7-13].
Фармакоэпидемиологиялық зерттеулер- емдеу тәсілдерін негіздеп, қолданатын дәрілердің жағымсыз әсерлерін зерттеп және олардың экономикалық тұрғыдан қарағанда оңтайлы емдеу тәсілдерін өмірге алып келеді. Бірақ, жіті респираторлық вирустық инфекцияны емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакоэпидемиология-сы және симптомдарын емдеудегі фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық зерттеулер Қазақстан Республикасында, оның ішінде Түркестан облысында әлі орын алған жоқ. Жұмыстың мақсаты : жіті респираторлық вирустық инфекцияны емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакоэпидемиологиясы анықтау
Зертеу әдістері. Шымкент қаласындағы вирустық респираторлы инфекция кезінде сырқаттанған науқастардың эпидемия кезінде вирустарға қарсы дәрілердің қолдану себептерін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Науқастардың жастары 18 ден 70 жасқа дейінгі респондентер қатысты. Сауалнамаға 42 ер және 48 әйелдер қатысты.
Зертеу нәтижелері: Зертеу нәтижесінде алынған мәліметтерді сараптама жасағанда науқастардың 75% өзбетінше емделумен айналысқан, негізгі себептері дәрігерге қаралуға уақыттың тапшылығы мен дәрігерге көрінуге сырқаттардың кезектілігінің шамадан тыс көпшілігі (Сурет-1).
195
Тұмау мен ЖРВИ эпидемиясын алдын-алу үшін қолданған іс-шаралардың жиілігі 3-суретте көрсетілген. Сауалнама-ға жауап берген респодентердің екпеге қарсы вақцинаны нәбәрі 15% ғана қолданса, инфекцияға қарсы дәрілік заттарды 12% қолданған
Тұмау мен ЖРВИ эпидемиясын кезіне аурудың алдын-алу және емдеу үшін қолданған дәрілердің түрлері мен жиілігі 5- суретте көрсетілген. Сараптама көрсетілген мәліметтер бойынша вирустарға қарсы қолдану кезінде ең көп қолданатын дәрілерге,қолдану көрсеткіштерінің жиілігі 10%-дан жоғары дәрілік заттарға оксолин (13%), кагоцел (12%), римантадин (11%),арбидол (10%) препараттары жатады. Қолдану көрсеткіші орта дәрежелі дәрілік заттарға эргоферон(6%) ,ингиварин (6%),орвирем (6%),) ,грипферон (6%) ,амиксин(5%),) препаратары орын алады. Дәрілердің пішінінің ішінен ең көп қолданатын дәрілер таблетка түрінде ( 31%), сыртқа тамшы түрінде (24%), шырындар( 17) жағар май (14% ). Сараптама мәліметері бойынша таблетканың қолдану жиілігінің жоғары болу, оның келесі қасиеттеріне байланысты;- қолдануға ынғайлы, тасымалдауға жеңіл, мөлшері нақты, дәмдік қасиетері жақсы және ұзақ уақыт әсерлі болуы, бірақ бұл пішінді дәрілерді қолданғанда емдік белсенділігі олардың сорылу үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты баяу дамыйды,ас қорыту жолының кілегейлі қабатының тітіркендіретін қасиеті болуы мүмкін (.мысалы:Кагоцел, Рибавирин); сыртқа тамшы түрінде дәрілер өте жоғары биосінімділікке, аллергиялық серпілістердің жоқ есебінде,қолдануға ыңғайы ,бірақ мөлшерлеу дәлдігі төмен,ұзақ уақыт сақтағанда құрамының бұзылуы орын алады (Гриппферон, Интерферон); - Шырындарды қолдану қарапайым, жағымсыз дәмді және иісті реттеуші заттар арқылы дұрыстауға, балаларға қолдануға тиімді, бірақ дәрілерді мөлшерлеу дәлдігі (Орвирем); - жағар май жергілікті емдік әсері, қауіпсіз, ағзада жоғары қоюлануы, қорғаныстық және
жұмсартатын,кешенді тиімді, бірақ қолдану алаңы аздау және тітіркендіретін қасиеттке ие (Оксолин, Мегосин, Алпизарин); -
капсулалардың мөлшерлеу дәлдігі өте жоғары , ылғалдан және сәулеленуден қорғау, ас қорыту жолының кілегейлі қабатын
тітіркендіруден сақтау дәрілердің жағымсыз иісін және дәмін сездірмейді,бірақ жұту өте күрделі.(Арбидол, Ингавирин);
Вирустарға қарсы дәрілерді қолдану кезінде сырқаттардың 98% фармацевтер мен дәрігерлердің кеңесіне ескереде, тыңдайды, ал 2% кеңессіз дәрілерді қолданады. Сонымен, жіті респираторлық вирустық инфекцияны кезінде алдын-алу үшін,емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың фармакоэпидемиологиясы зертеу кезінде құнарлы мәліметтер орын алды. Тұмау мен ЖРВИ эпидемиясын кезіне аурудың алдын-алу және емдеу үшін қолданған дәрілердің түрлері мен жиілігі вирустарға қарсы дәрілерді қолдану кезінде ең көп қолданатын дәрілерге,қолдану көрсеткіштерінің жиілігі 10%-дан жоғары дәрілік заттарға оксолин , кагоцел , римантадин ,арбидол препараттары жатады. Қолдану көрсеткіші орта дәрежелі дәрілік заттарға эргоферон ,ингиварин ,орвирем, грипферон, амиксин препаратары орын алады.
196