Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақтөбе облысы, мұғалжар ауданындағы полигон аумағындағы су көздері мен өсімдіктеріне экологиялық-гигиеналық баға беру

Өзектілігі. Соңғы он жылдықтарда туындаған және әлі де өзекті болып келе жатқан мәселелердің бірі – биосфераны радиациялық ластанудан қорғау. Бұл ластану географиялық қабықтың барлық бөліктеріне және оның барлық компоненттеріне әсер етеді. Сонымен қатар, олар өздерінің жағымсыз әсерлерін он немесе жүз жылдай аралықта ұзақ уақыт сақтайды.

Қоршаған ортаның ластануында радиоактивті ластану ерекше орын алады. Қазіргі уақытта радиация кеңінен таралған, көп кездесетін және шексіз болып келеді. Радиоактивтілікті зерттеушілердің бірінің бейнелеп айтқан сөздеріне сәйкес, «Біз радиация теңізінде шомылудамыз, біз оны өзімізбен алып жүреміз» (цит. Булатов, 1996). [1]

Қоршаған ортаның радиоактивті ластануының негізгі көздері ядролық қаруды өндіру және сынау полигондары болып табылады.

Адамдарды радиациядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. [4]

Қазақстан аумағында орналасқан Ембі-5 полигон аумағында 1960-2016 жылдар аралығында зениттік зымырындар сыналғаны белгілі. 2016 жылға дейін Ембі-5 полигоны Ресей Федерациясының құзіретінде болды.Ембі-5 полигон аумағындағы әскери техникаларды және әскери қаруларды сынау әрекетінен болған сынақтардың салдары әлі күнге дейін белгісіз, сол себептен Ембі-5 полигон аумағындағы ядролық сынақтардың жүргізілгендігін жоққа шығара алмаймыз.[2]

Қазіргі таңда Ембі-5 полигон аумағы ауыл шаруашылығына пайдалануға берілуін есепке ала отырып, міндетті түрде Ембі-5 полигон аумағына зерттеу жүргізуді қажет етеді. Өйткені радиоактивті заттар су, ауа, топыраққа түсе отырып, биосфералық тізбекке қосылады. Радионуклидтер өсімдіктерге жиналып, жануарлар мен адамның мүшелеріне тағамдық тізбектер арқылы еніп, ішкі сәулеленуді тудырады, бұл әсіресе дамып келе жатқан ағзалар үшін қауіпті. Химиялық қасиеттері бойынша ұқсас ауыр металдар мен радионуклидтер өсімдіктерден жануарлардың организміне өтеді, содан кейін ет немесе сүт өнімдері арқылы адам ағзасына еніп, әр түрлі бұзылыстарға әкеледі.[3]

Мақсаты. Ембі-5 полигон аумағындағы су көздері мен өсімдіктердің ластану деңгейіне экологиялық және гигиеналық баға беру.

Зерттеу әдістері және материалдары. Ембі–5 полигон аумағының радиоэкологиялық ахуалын анықтау үшін зерттеу обьектісі ретінде ашық су көзі (Жем өзені) және өсімдіктер алынды. Ембі-5 полигоны аумағының ашық су көзінің сынамасы "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесі 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығына сәйкес алынады. Алынған ашық су көзі және өсімдік сынамасынан ауыр металдар мен радионуклидтердің мөлшерін анықтау аккредитацияланған «Алия и Ко» зертханасында, AAnalyst 200 атомды-абсорбционды спектрометрия әдісімен жүргізіледі.

Зерттеу нәтижелері: 27.02.2015 ж ГН №155, KZ 07700700303-2014.KZ 07.00.00304-2014, ГОСТ 26449.185, ГОСТ 33045-2014 нормативтік құжаттары бойынша ауыр металдар және Sr-90 мен Cs-137 радионуклидтерінің су және өсімдік сынамаларына баға берілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Ембі-5 полигоны аумағынан алынған су және өсімдік сынамаларының барлығында ауыр металдар мен Sr-90 және Cs-137 радионуклидтері анықталды. Сынамаға алынған су нүктесінде Sr-90 мен Cs-137 радионуклидтері жоғары көрсеткішті көрсетті.

Қорытынды. Нәтижелерімізді қорытындылай келе Жем өзеніне санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Ұсыныстар:

  • радионуклидтер мен ауыр металдардың шығу көзінен адамға дейінгі миграциялық тізбегін анықтау;
  • Ембі қалашығының ашық су көзі мен өсімдіктердің радионуклидтер және ауыр металдармен ластану әсерінен тұрғындар арасында туындаған аурушаңдық деңгейін анықтау;
  • Ембі-5 полигоны аумағына жыл сайын мониторинг жүргізуді ұсынамыз.

Әдебиеттер

  1. ЖивовА.А. «Радионуклидное загрязнение пресных водных объектов вследствие сбросов радиоактивных отходов и радиационных аварий»
  2. Кибатаев К.М., Ургушбаева Г.М., Егизбаева Д.К., Шаяхметова К.Н., Шамшаева Д.О., Калбагаева Г.Х., Кашкинбаева А.Р., Замэ Ю.А. «Радиационная обстановка территории Актюбинской области Казахстана»
  3. КольчугинаТ.П. «Тяжелые металлы на полигонах»
  4. "Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности" от 27 марта 2015 года № 261.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.