Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ауылшаруашылықта өсімдіктердің зиянкестерімен күресуде қолданылатын химиялық заттардың – пестицидтердің көп жылдық қолданылуына байланысты күрделі экологиялық мәселе туындауда. Пестицидтердің жоғары токсинділігі және экологиялық қауіптілігінен, оларға деген сұраныстың төмендеуінен, сақтау кезіндегі төмен тұрақтылығынан, қораптаудың тұтастығының бұзылуынан Республикадағы өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттардың бұрынғы сақтау аймақтарында тыйым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтердің жинақталуы өзекті мәселе болып саналады [1].
Пестицидтер – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын химиялық заттар ғана болып табылмайды, сонымен қатар оларды аса қауіпті поллютанттар есебінде қарастыруға болады. Басты экологиялық мәселелердің бірі қоршаған орта объектілерінің, токсикалық және персистенциялық қабілеті жоғары органикалық пестицидтермен ластануы.Токсинді заттардың қоршаған ортаға түсуі барлық тірі организмдерге қауіпті, соның ішінде топырақтың микробтық алуантүрлігіне әсері бар [2]. Органикалық пестицидтермен ластанған экожүйеден бөлініп алынған микроорганизмдер биосфераның ксенобиотиктерін толық ыдыратуға қабілетті болып келеді. Микроорганизмдердің мұндай қасиеті олардың жоғары адаптациялық деңгейіне және биохимиялық реакцияларына тікелей байланысты[3].
Зерттеу жұмысының мақсаты – пестицидтермен ластанған қоршаған орта объектілерінің микробтық алуантүрлілігін зерттеу және перспективті микроорганизм – деструкторларды бөліп алу.
Зерттеу жұмысының объектілері ретінде пестицидтердің көмілген орындарына жақын орналасқан Алматы қаласы, Талғар ауданының аймағынан топырақ және су үлгілері алынды. Олар Қызылкайрат, Бесқайнар, Амангелді-Бригада 1 (қойма 1 және қойма 2), Белбұлақ, Бригада-2 – АО Племзавод «Алматы». Бақылау ретінде Тауқаратұрықауылының топырағы және су үлгілері қолданылды.
Зерттеу жұмысының барысында пестицидтердің көмілген орындарына жақын орналасқан топырақ және су үлігілерінің микробтық алуантүрлілігі зерттелді. Микроорганизмдердің және саңырауқұлақтардың
алуантүрлілігіне сипаттама берілді. Пестицидтермен ластанған қоршаған орта объектілерінің микробтық алуантүрлілігін зерттеу барысында аммонифицирлеуші бактериялар Қызылқайрат және Бесқайнар топырақ үлгілерінде – 1,0х108 – 1,2х108 КТБ/г көрсеткіштерін көрсетсе,Амангелді-Бригада 1 (қойма 1 және қойма 2) және Белбұлақ аумағының ластанған топырағында6,5х107 – 1,1х108 КТБ/г, ал Бригада-2 – АО Племзавод
«Алматы»топырақ микрофлорасында – 1,7х105 КТБ/г көрсеткіштерін көрсетті. Гетеротрофты бактериялар
Қызылқайрат және Бесқайнар үлгілерінде – 4,2х107-7,5х107 КТБ/г;Амангелді-Бригада 1 (қойма 1 және қойма 2), Белбұлақ үлгісінде – 12х107 – 8,7х107 КТБ/г; Бригада-2 – АО Племзавод «Алматы»үлгісінде - 4,5х105 КТБ/г көрсеткіштеріне сәйкес болды. Зең саңырауқұлақтары Қызылқайрат және Бесқайнар үлгілерінде – 1,4х105- 1,7х106 КТБ/г, Амангелді-Бригада 1 (қойма 1 және қойма 2) және Белбұлақ үлгісінде - 1,8х107- 1,4х108КТБ/г;Бригада-2 – АО Племзавод «Алматы» топырақ үлгісінде - 6,2х104 КТБ/г көрсеткіштерін көрсетті. Аэробты целлюлозолитикалық бактерияларҚызылқайрат және Бесқайнар үлгілерінде – 1,7х105 – 8,6х106
КТБ/г;Амангелді-Бригада 1 (қойма 1 және қойма 2) және Белбұлақ үлгісінде –8,7х105 КТБ/г; Бригада-2 – АО Племзавод «Алматы» - 1,8х104 КТБ/г көрсеткіштерін көрсетті. Бақылау ретінде алынған Тауқаратұрық топырақ үлгілерінің микробтық алуантүрлілігі зерттелді, бұл үлгіде жалпы мезофильді аэробты факультативті анаэробты микроорганизмдер саны (МАФАнМ) 1,7х102-6,9х102 КОЕ/г құрады. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес азотфиксациялаушы және микроскопиялық ашытқылардың сандық көрсеткіштері бақылау үлгілерінен ерекшеленбеді. Қызылқайрат, Бесқайнар және Бригада-2 – АО Племзавод «Алматы»топырақ үлгілерінде аммонифицирлеуші бактериялар басымдылық көрсетсе, Амангелді-Бригада 1 (қойма 1 және қойма 2) және Белбұлақ үлгілерінде – зең саңырауқұлақтары басым болды.
Зерттеуге алынған пестицидтердің көмілген аймақтарынан химиялық ластағыштардың микроорганизм – деструкторларының скринигін жүргізу мақсатында, топырақ үлгілерінен 28 таза дақыл және су үлгілерінен 12 штамм бөлініп алынды.Бөлініп алынған таза дақылдардың морфология – культуральдық, физиология – биохимиялық қасиеттері зерттелді.Химиялық ластағыштардың деструкторы негізінде келесі зерттеу жұмыстарында пайдалануға, бөлініп алынған дақылдардан 9 перспективті штамм таңдалып алынды. Молекулалық – генетикалық идентификация нәтижесіне сәйкес К2 – Pseudomonas plecoglossicida түріне, штамм К3 - Bacillus aryabhattai, АК3 - Bacillus amyloliquefaciens, АК5 - Bacillus subtillis, АК4 - Bacillus pumilus, АС1 - Bacillus megaterium, БР1 - Serratia quinivorans, БР3 - Enterobacter cloacae subsp. dissolvens, БР7 -Alkanindiges illinoisensis түрлеріне дейін идентификацияланды.
Тұрақты органикалық ластағыштардың белсенді деградациясына қабілетті перспективті микроорганизм дақылдарын іздестіру, органикалық пестицид қалдықтарын жоюда жаңа биоремедиациялық технологиялық сызба-нұсқаларды құрастыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
- Колупаев А.В. Почвенные микроорганизмы-биодеструкторы органических пестицидов // Автореферат дисс. работы. – 2010. - № 44. – С. 18-30.
- Brusa T., Del Puppo E. Microbial. degradation of the sulfonylurea herbicides. Current knowledge, 1995. V. 45. № 2. P. 321–330.
- Куликова-Хлебникова Е.Н., Робертус Ю.В., Кивацкая А.В., Любимов Р.В.. Особенности загрязнения хлорорганическими пестицидами объектов окружающей среды республики Алтай // Вестник Алтайского государственного аграрного университета. – 2013. - № 106. – С. 59-63.