Кәсіби қызмет барысында теміржолшылар бірқатар зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайды. Поездар қозғалысының өсіп келе жатқан қарқындылығы, оларды жүргізудің жаңа заманауи технологияларын қолдану аталған факторлардың қызметкерлерге жағымсыз әсерін күшейтеді. Әдеби мәліметтерге сәйкес, қан айналымы жүйесінің (ҚЖА) аурулары теміржолшылардың аурушаңдығы құрылымында бірінші орын алады. Мысалы, Ресейде 2010 жылы ҚЖА бастапқы аурушаңдығы 1000 жұмысшыға шаққанда 31,2, ал үлес салмағы – 16,8% құрады [1]. Сондай-ақ Украинадағы зерттеулерде, жұмыстан шеттетудің ең жиі себебі жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы болып табылатындығын көрсетті: қарқынды көрсеткіші бар барлық жағдайлардың 38,44% - ы-10000 жұмысшыға шаққанда 14,98 [2].
Жұмыс мақсаты: 2017 жылға Ақтөбе қаласы бойынша «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының «Батыс» аймақтық филиалы (БАФ) және «Вагонсервис» акционерлік қоғамының теміржолшыларының аурушаңдық құрылымын зерттеу.
Материалдар мен әдістер: 2017 жылға «Батыс» аймақтық филиалы және «Вагонсервис» АҚ теміржол көлігі қызметкерлерін мерзімдік медициналық тексеру нәтижелеріне талдау жүргіздік. Зерттеу 10-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесіне (АХЖ-10) сәйкес қойылған диагнозы, жұмысшылардың жасы мен жынысы бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері: 2017 жылы БАФ 936 теміржолшы кезекті медициналық тексерістен өтіп, олардың 424 (45,2%) және «Вагонсервис» АҚ 297 теміржолшы кезекті медициналық тексерістен өтіп, 152 адамнан (51,1%) денсаулық жағдайынан ауытқу анықталды.
Темір жолшыларды жасы мен жынысы бойынша бөлу №1 кестеде берілген.
Кесте 1 - 2017 жылы диспансерлік есепке алынған БАФ және «Вагонсервис» қызметкерлерін жасы және жынысы бойынша бөлу
Жасы\Жұмыс орны |
БАФ |
Вагонсервис |
||
ерлер |
Әйелдер |
Ерлер |
Әйелдер |
|
20-29 жас |
14 |
3 |
7 |
- |
30-39 жас |
78 |
18 |
22 |
3 |
40-49 жас |
102 |
28 |
24 |
9 |
50-59 жас |
115 |
43 |
42 |
28 |
60 жас және жоғары |
23 |
- |
17 |
- |
Барлығы |
331 |
93 |
112 |
40 |
Темір жолшыларды жасы мен жынысы бойынша бөлгенде, 40-49 және 50-59 жас аралығындағы адамдардың ер адамдар арасында да, әйелдер арасында да патологиясы бар екендігі анықталды.
БАФ қызметкерлері арасындағы аурушаңдық құрылымы: ерлер арасында: I орында – көптеген аурумен ауыратын - 88 адам (26,5%), II орында – қанайналым жүйесінің ауруларымен (ҚЖА) (IX класс) ауырғандар - 85 (25,6%), III орында - көз және оның қосалқы аппаратының аурулары (VII класс) – 44 (13,2%), IV орында – кейбір инфекциялық және паразиттік аурулар (I класс) - 27 (8,1%), V орында – ас қорыту жүйесінің аурулары (XI класс) – 22 адам (6,6%).
Әйелдер арасында: дәл сондай I орында – көптеген аурумен ауыратын - 31 адам (33,3%), II орында - көз және оның қосалқы аппаратының аурулары (VII класс) – 19 (20,4%), III орында – ҚЖА (IX класс) ауырған адамдар - 9 (9,6%), IV орында – кейбір инфекциялық және паразиттік аурулар (I класс) - 7 (7,5%), V орында – ас қорыту жүйесінің аурулары – 4 адам (1,2%).
Вагонсервис қызметкерлері аурушаңдығының құрылымына келсек: ерлер арасында: I орынды – көптеген аурумен ауыратын және ҚЖА – 27 адамнан әрқайсысында (24,1%), II орында - ас қорыту жүйесінің аурулары (XI класс) ауырғандар саны - 13 (11,6%), III орында - сүйек-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тінінің аурулары (XIII класс) және кейбір инфекциялық және паразиттік аурулар (I класс) – 10 адамнан әр топта (8,9%), IV орында –– тыныс алу мүшелерінің аурулары (X класс) - 8 (7,1%), V орында – көз және оның қосалқы аппаратының аурулары – 6 адамнан (5,3%) орын алып отыр.
Әйелдер арасында: I орында – ҚЖА - 14 (35%), II орында – көптеген аурумен ауыратын және клиникалық және басқа бөлімдерде жіктелмеген симптомдар, нышандар, клиникалық және зертханалық зерттеулердің нормадан ауытқуы (XVIII класс) – 5 адамнан әр топта (12,5%), III орында – ас қорыту жүйесінің аурулары (XI класс) және тыныс алу мүшелерінің аурулары (X класс) - 4 адамнан әр топта (10%), IV орында – көз және оның қосалқы аппаратының аурулары (VII класс) – 3 (7,5%), басқа да аурулар 5 (12,5%) жұмысшыда тіркелген.
Екі мекемеде де жұмысшылар арасында көптеген аурумен ауыратындар және ҚЖАжиі кездеседі. ҚЖА құрылымында гипертониялық ауру басым: сырқаттанғандардың үлес салмағы: БАФ-да ерлер арасында - 38,8%, әйелдер арасында - 44,4%, «Вагонсервис» қызметкерлерінде ер адамдар - 88,8% және әйел адамдар - 78,5% сәйкестікті құрайды.
Теміржолшыларға, әдетте, табиғи және қарқынды екі, үш және одан да көп өндірістік факторлар теріс әсер етеді. Мәселен, БАФ - дағы жұмысшылардың басым көпшілігі жолаушылар вагондарының жолсеріктері болып табылады, олар жарақат қаупі, қозғалыстағы жылжымалы құрам, діріл, уақытша және климаттық белдеулердің жиі ауысуы сияқты қауіп факторларына ұшырайды. Ал, «Вагонсервис» жұмысшылары: механиктер, слесарь, жүргізушілер, вагон жуушыларға физикалық жүктемелер, шу және басқа да қолайсыз микроклиматтық факторлардың әсері бар.
Қорытынды: Ақтөбе қаласының теміржол көлігі қызметкерлерінің аурушаңдық құрылымының талдауы бірнеше патологиясы бар және ҚЖА басым екенін көрсетті, ал ҚЖА-ның ішінде ерлер мен әйелдер арасында артериялық гипертензия жиі тіркеледі. Осыған байланысты теміржол көлігі қызметкерлерінде жүрек - қантамыр жүйесі ауруларының таралуын бағалау және алдын алу шараларын дайындау одан әрі зерттеуді талап етеді.
Әдебиеттер
- 1. Молодцов Р.Н., Шеметова Г.Н. Болезни системы кровообращения у работников железнодорожного транспорта//Проблемы социальной гигиены, здравоохранения и медицины, Россия, 2013.№2-С.8-11.
- 2. Балабан С.В., Бондарь В.В., Панов Б.В., Свирский А.А., Матвеев А.Г. Актуальные проблемы заболеваемости на железнодорожном транспорте//Актуальные проблемы транспортной медицины, Украина, №1(35), 2014г.- С.105-110.