Андатпа. Мақалада Арыс-Түркістан және Балқаш экологиялық аймақтарында өсіріліп жатқан түйелердің жинақталған топтарынан тиімді түрлерін сұрыптап алу үшін өнімділік сипаттамасы зерттелді. «Сыздықбеков А.» шаруа қожалығында: «Тораңғыл» аналық тұқымдастар, «Қызыл мая». «Үсенов Н.» шаруа қожалығында «Ұзын кірпік», «Сұлу мая» аналық тұқымдастар. «Дәулет-Бекет» ЖШС-де «Алмалы», «Әлия», «Ақши», «Қызыл гүл» аналық тұқымдастардыңқажетті түрлеріне арналған селекциялық топтар құрылды.
Арыс-Түркістан популяциясында аруана тұқымды түйелерді сұрыптап алу жұмыстарының нәтижесінде үлек-өндірушілермен 4 аналық топтар құрылды. Оларға: «Ұзын кірпік», «Сұлу мая», «Торанғыл» және «Қызыл мая» жатады.
Аруана түйелерінің жайылымдық жағдайда, қосымша азық берілмей-ақ сауындық мерзімінің 7 айында орташа есеппен алғанда майлылығы 3,8-4,0 % болатын 1800 кг тауарлық сүт беретін түрлерінің критерийі анықталды, бұл қазақ бактрианы түйелерінен алынатын сүт өнімдерінің стандартынан өнімділігі жөнінен 60- 70%-ға асып түсті. [1]
Өнімділігі жоғары аруана түйелердің 4 тұқымдық топтарынан сұрыптап алу үшін өнімділік және дене бітімдерінің көрсеткіштеріанықталды.
«Сыздықбеков А.» шаруа қожалығында өнімділігі жоғары екі ұрық тұқымдастар тобы бар. «Ұзын кірпік» тұқымдасына жататын аналық түйелердің салмағы орташа есеппен алғанда 555,8 кг, олардан 3,7 кг жүн қырқылады, таза түбіттік қылшығы 91,5 %, дене өлшемдері 189,5-155,4-215,4-192,4 см, тәуліктік сүтінің орташа мөлшері сауынның 3 және 4 айлығында 11,84 кг, майлылығы 3,7% сүт беретін, сұрғылт түсті біртектес түйе.
«Сұлу мая» түйесінің аналықтарының салмағы 597,4 кг, олардан 3,8 жүн қырқылады, таза түбіті 91,5%, дене өлшемі 184,7-163,2-219,1-19,6 см болады, тәуліктік сауын мерзімінің 3-4 ай аралығында 12,03 кг, майлылығы 3,85 % сүт беретін, құмдақ түсті біртектес түйе.
«Үсенов Н.» шаруа қожалығында өнімділігі жоғары екі аналық тұқым бар. «Торанғыл» аналық түйелерінің түсі құмдақ түсті. Орташа салмағы 565,4 кг, олардан 3,8 кг жүн қырқылады, таза түбітті талшығы 91,3 % -ды құрайды , дене өлшемі 188,3-163,7-219,4-19,9 см, орташа тәуліктік сүттілігі 3 және 4 ай айлығында 11,64 кг, майлылығы 3,88%.
«Қызыл мая» аналық түйелерінің салмағы орташа есеппен алғанда салмағы 554,2 кг Олардан 3,7 кг жүн қырқылады, таза түбітті талшығы 91,4%, дене өлшемі 188,1-162,6-214,9-20,1 см, тәуліктік сауылатын сүт мөлшері сауынның 3-4 айында 11,72 кг, майлылығы 3,83% сүт беретін біртектес сұрғылт түсті түйе.
Арыс- Түркістан популяцияда аруана түйелердің асыл тұқымды өндіруші 2желісі:«Текеле-лөк» және «Жаңа лөк» кең көлемдеөндіріске енгізілген.
«Текеле-лөк» түйе-өндіруші желісіндегі түйелердің салмағы орташа есеппен алғанда 675 кг. Олардан5,7 кг жүн қырқылады,таза түбіттіталшығы 92%,өркешіне дейінгі биіктігі 211 см, денесінің қиғаш ұзындығы 170 см, кеуде өлшемі 232 см, табан сүйегі 25,0 см болады.
«Жаңа-лөк» желісіндеөсірілетін түйелердің салмағы орташа есеппен алғанда 670,8 кг болады, 4,96 кг жүн қырқылады, таза түбітті талшығы 89,6%, өркешке дейінгі биіктігі 201,4 см, денесінің қиғаш ұзындығы 170,0 см, кеуде өлшемі 225,8 см, табан аумағы 23,7 см, жылдық сүт мөлшері 3618,4 кг сүт беретін біртектес сұрғылт және құмдақ түсті түйе.
Өнімділігі жоғары дромедар тұқымдарының туыстас 4 аналықтарынан2012 жылы туылған 100 бас ботаның сапалық құрамын анықтау үшін таңдап алдық.
Таңдап алынған малдардың сапасы өте жоғары және орташа есеппен алғанда 61%-ыэлита классына және 39 %-ы I классқа жатады.
Аруана түйелерінен Арыс-Түркістан аумағында (110 бас) аналық табынды толтыруға арналғанкүйекке түсетін әртүрлі генотиптерінен салмағы 425 кг болатын түйелер іріктеліп алынды.
Балқаш маңындағы аруана тұқымды түйелердің популяциясы. Балқаш маңындағы популяциядан аруана аналық түйелерді іріктеп алудың нәтижесінде үлек-өндірушілердің көмегімен 4 аналық тұқымдастар алынды: «Алмалы», «Ақши», «Қызыл гүл» және «Алия».
Үлек-өндірушілер мен аналық тұқымдастардың өнімділігі мен мүсіндік көрсеткіштері зерттелді.
«Алмалы» тұқымдасынан шыққан аналық түйелердің салмағы 550,2 кг. Одан 3,6 кг жүн қырқылды, таза түбіт талшығының шығуы 88,3%, денесінің өлшемі 187,3-153,2-213,3-18,5 см. Орташа тәуліктік сауылатын сүттің мөлшері сауын мерзіміндегі 3 және 4 айларда 13,8 кг, майлылығы 3,4% сүт беретін, біртекті сұрғылт түсті түйе.
«Алия» тұқымынан шығатын аналық түйелердің орташа салмағы 589,2 кг болатын біртектес сұрғылт түсті түйе. Олардан 3,7 кг жүн қырқылды, таза түбіттің шығуы 90,7 %, дене өлшемдері 182,6-162,1-217,2-19,5 см, тәуліктік сүтінің орташа мөлшері сауын мерзімінің 3 және 4 айларында 13,7 кг, майлылығы 3,4%.
«Ақши» тұқымдас түйе аналықтарының орташа салмағы 562,3кг болатын құмдақ түсті түйе. Олардан 3,7кг жүн қырқылды, таза түбіт талшығы 90,2%-ды құрайды, денесінің өлшемдері 187,2-162,5-218,3-19,8 см, сауын мерзімінің 3 және 4 айларында алынатын тәуліктік сүттің мөлшері 13,3 кг, майлылығы 3,4% .
«Қызыл гүл» тұқымынан шығарылған аналық түйелердің салмағы 550,1 кг болатын сұрғылт түсті түйе. Олардан 3,6 кг жүн қырқылды, таза түбітті талшығы 89,6%-ды құрайды, дене өлшемдері 186,3-160,4-213,7-19,6 см. Сауылатын мерзімнің 3 және 4 айларындағы тәуліктік сүттің мөлшері 14,8 кг, майлылығы 3,5% [2].
Аруана түйелерінің Балқаш маңындағы популяциясында 2 желі түйе-өндіруші: «Дәулет-үлек» және «Түрікмен-лөк».
Өндіруші«Дәулет-лек» түрікмен дромедар тұқымы өсіріледі. Олардың салмағы орташа есеппен алғанда 651 кг-ға жетеді, 4,9 кг жүн қырқылады, таза түбітті талшығы 88,2%-ды құрайды, өркешпен өлшегендегі биіктігі 208 см, денесінің қиғаш ұзындығы 164 см, кеуде өлшемі 228 см, табан аумағы 24,1 см.
Түйе өндіретін «Түрікмен лөкте» түрікмен дромедар түйелері өсіріледі. «Түрікмен лөктегі» түйелердің орташа салмағы 660,7 кг, олардың түсі біртекті сұрғылт және құмдақ. Олардан 4,96 кг жүн қырқылады, таза түбіттің шығуы 89,6%-ды құрайды, өркешімен өлшегендегі биіктігі 210, 3, см, денесінің қиғаш ұзындығы 166,0 см, кеуде өлшемі 230см және табан аумағы 24,3 см. Жылдық сауылатын сүт мөлшері 3513,4 кг.
Зерттеу нәтижелерін қорыту және оны бағалау. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы әртүрлі аймақтарда өсірілген аруана түйелерінің әртүрлі түрден жинақталған топтарынан өзімізге қажетті түрлерін сұрыптап алу үшін өнімділік сипаттамасы жасалды: Арыс-Түркістан аумағында «Сыздықбеков А.» ш/қ және «Үсенов Н.», Балқаш маңындағы «Дәулет-Бекет» ЖШС.
«Сыздықбеков А.» шаруа қожалығында қажетті түрлерге арналған селекциялық топтар құрылды: «Тораңғыл» аналық тұқымдастар, «Қызыл мая» (75 бас). «Үсенов Н.» шаруа қожалығында «Ұзын кірпік», «Сұлу мая» аналық тұқымдастар өсіріледі (93 бас түйе). «Дәулет-Бекет» ЖШС-де «Алмалы», «Әлия», «Ақши», «Қызыл гүл» аналық тұқымдастар өсіріледі (120 бас түйе). [3]
Отандық селекцияға өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті жаңа генотиптер ендіріледі: ішкітұқымдық түр, 150 бас түйе Арыс-Түркістан аумағында іріктелді («Сыздықбек А.» ш/қ, «Үсенов Н.» ш/қ) және Балқаш маңындағы аумақта зауыттық желіде 45 бас түйе бар («Дәулет-Бекет» ЖШС). Сауын мерзімінің 7 айында орташа есеппен 1800 кг сүт сауылады, майлылығы 3,8-4,0%. Жаңа ішкі тұқымдық түрдің генетикалық ресурстары (150 бас түйе) тұқымдық түйелердің «Жаңа лөк», «Текеле лөк» желісінен және «Ұзын кірпік» аналық тұқымдастардан құралған (37 бас түйе).\ сауындық сүті 7 айлық сауында 1918,6 кг, майлылығы 3,87%; «Сұлу мая» (37 бас түйе) сауындық сүті 1924,2 кг, майлылығы 3,91%; «Тораңғыл» (38 бас түйе) сауын сүті 1945,1 кг, майлылығы 3,86%; «Қызыл мая» (38 бас) сауын сүті 1951,1кг, майлылығы 3,92%.
Жаңадан шыққан зауыттық желі «Дәулет үлөк», «Түрікмен лөктің» желілік жалғасы, ол «Алмалы» аналық тұқымдастар деп аталады (23 бас), сауын сүті сауылымның 7 айында 1844,8 кг, майлылығы 3,9%, «Әлия» (22 бас) сауын сүтінің мөлшері 1854,6 кг, майлылығы 3,82 % болды.
Әдебиеттер
- Баймуканов Д.А. Селекция верблюдов породы казахский арвана и методы его совершенствования. // Алматы: Бастау.- 2009. - С.280.
- Баймуканов Д.А. Цитогенетика и селекция двугорбых, одногорбых верблюдов и их гибридов. - Алматы: РНИ «Бастау», – 2002. – 160 с.
- Мұсаев, З. М. Түйе шаруашылығы / З. М. Мұсаев, А. Ә. Төреханов, Б. С. Сейдалиев. - Алматы : "Бастау", 2007. - 136 с. (63 Каз/М 85).