Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәтті бұрышты көшетпен және көшетсіз тәсілмен өсіру тиімділігі

Бұрыш көшетпен өсірілетін көкөніс дақылдар тобына жатады. Бұл тәсілдің жақсы жақтарымен қатар, жеткіліксіз тұстары да бар. Жылу мөлшері аз аудандарда көшетпен бұрышты өсіре отырып, бұл дақылды өсіруді солтүстік аймақтарға жылжытуға мүмкіншілік туғызады.

Көшеттік тәсілдің жағымсыз жақтары, көшеттерді бір-екі рет еріксіз отырғызуға тура келеді. Қосымша суару және үстеме қоректендіру жүргізу қажет етеді. Негізгі жағымсыз жағы ол кейбір кезде отырғызылған көшеттердің көбісі, кейде басым көпшілігі зақымдалады. Ашық алаңда көшетсіз өсірілген өсімдіктер, көшетпен өсірілген тәсілге қарағанда алғашқы жемістерді көп жағдайда кеш береді, бірақ бұл өсімдіктер айтарлықтай мықты дамыған және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді және бейім келеді [1].

Сондықтан олар экономикалық тұрғыдан көшеттік тәсілге қарағанда мол өнім беруіне байланысты тиімді болып есептеледі, өйткені атқарылатын агротехникалық шаралардың кейбірі жүргізілмегендіктен шығын аз жұмсалады [2,3].

Бұрыш дақылының өндірістік маңыздылығы бар оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан өңірінде өсімдікті көшетсіз өсіру соңғы жылдары кең таралуда және оң нәтижелер беруде. Оны саяжай иелері кең пайдалануда.

Өндірістік жағдайларда анықталғандай, бұрышты көшетсіз өсірудің агротехникасындағы ең осал тұс өсімдіктен ерте және біркелкі өскін алу болып табылады. Сондықтан тәжірибе нұсқасына тұқымды себуге дайындаудың әр түрлі тәсілдері енгізілді.

Болгарский 0798 сортының тұқымы жақсы дайындалған ашық алаңдағы топыраққа 15 сәуірде себілді. Тұқымдарды егіс себуге дайындау процестері төмендегідей.

Бұрыш тұқымын қабықтау. Себуге үш күн қалғанда тұқымды оңтайлы жағдайда өсіру үшін жас қи мен топырақ араласқан қоспада ұсталды. Қоспаны дайындау үшін 1/3 бөлік жас қи және 2/3 бөлік топырақ алынды. Содан соң, себудің алдында електен өткен қарашірікте (100 г тұқымға 500 г қарашірік және 40 г суперфосфат алынды) тұқым аунатылды. Бұдан соң тұқым жұқа етіп көлеңкеде кептірілді. Қабықталған тұқым үлкендігі 4-6 мм. Мұндай тұқымдар жарнақтың қолайлы қоректенуіне жағдай жасап, тез әрі мықты өскіндер береді.

Тұқым сепкеннен кейін 14-15 күннен соң қабықталып себілген нұсқада жаппай егін көгі пайда болды. Ашық алаңға бірден себілген өсімдіктердің гүлдеуі егін көгі пайда болғаннан соң 78-80 күндері байқалды, бұл көшеттік нұсқаға қарағанда 10 күнге ерте. Бұл көшеттіктегі өсімдіктерді ашық алаңға отырғызғаннан соң бұрыштың өсіп-дамуының тежелуімен түсіндіріледі.

Жалпы алғанда, ашық алаңға себілген тұқымдардан пайда болған өсімдіктер көшеттік тәсілмен отырғызылған өсімдіктерге қарағанда тез дамыды. Тамыр жүйесі, сабағы және жапырағы көшеттерге қарағанда ірі болды.

Мұнда көшетсіз өсірілген өсімдіктердегі жалпы жапырақ көлемі көшеттік тәсілмен өсірілген өсімдіктерге қарағанда айтарлықтай жоғары болды.Ашық алаңға себілген тұқымдар себілген нұсқада алғашқы өнімді жинау кезеңінде өсімдік биіктігі 45-47 см құрады. Өсімдіктер жақсы жапырақтанды. Жапырақ пен сабақтың жалпы салмағы 197 г болып, бақылау нұсқасына қарағанда 40,2г артық нәтиже көрсетті. Көшет отырғызу нұсқасында ауырған өсімдіктер саны көшетсіз өсіруге қарағанда екі есе көп болды.

Қабықталған тұқымнан пайда болған өсімдіктерге жаппай егін көгі пайда болғаннан алғашқы өнім жинағанға дейін 101 тәулік, ал соңғы жинауға дейін 104 тәулік қажет болды. Барлығы 5 рет өнім жиналды. Көшетпен өсірілген өсімдіктерге егін көгі пайда болғаннан алғашқы өнім жинағанға дейін 129 күн өтті. Күзгі суық түскенге дейін 5 рет өнім жиналды. Қабықталған тұқымдармен себілген нұсқада жеміс пісуі көшеттік нұсқалармен бірдей уақытта жүрді. Қабықталған тұқымдармен себілген өсімдіктердің алғащқы жемістері 13 тамызда жиналды.

Қабықталған тұқымның сыртқы қабатындағы қоректік заттар жас өскіндер үшін жақсы азық бола отырып, өсімдіктің өсіп-дамуына қолайлы әрекет етеді.

Көшеттіктегі өсімдіктерді дайындауды және оларды ашық алаңға отырғызуды кеш жүргізуде тұқымды ашық алаңға себу нұсқаларымен бір мезгілде өнімдері nice бастады.

Көшет дайындау үшін тұқымды ерте себу және оларды ертерек ашық алаңға отырғызуда 6 рет өнім жиналады. Бұл мерзімді 10 күнге кешіктіргенде жинау саны бірге азайды.

Қабықталған тұқымнан пайда болған өсімдіктерден небары 4 рет өнім алынды. Шынықтырылған және құрғақ себілген тұқым нұсқасынан үш рет өнім жиналды.

Көшетсіз тәсілмен өсірілген өсімдіктерден алынған жеміс сапасы көшеттік тәсілге қарағанда жақсы және ауру, ұсақ жеміс айтарлықтай аз болды. Ашық алаңға тұқым себуден алынған өсімдіктер сыртқы орта жағдайларына төзімді болатындығын тағы да бір рет дәлелдейді.

Әдебиеттер

  1. Ахметова Ф. С. «Бақша шаруашылығы» Алматы 2001ж.
  2. Степанов Н.С.,Костецкий И.И.Практикум по основам агрономии.-М.: Колос,1981-240 с.
  3. Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша ауыл шауашылығын жүргізуге арналған ұсыныс. Алматы. «Қайнар», 2005.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина