Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардың дұрыс тамақтану моделін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі

Кіріспе. Мектеп жасындағы оқушылардың денсаулық жағдайына мектеп ішіндегі факторлар ғана емес, отбасының өмір сүру ерекшеліктеріде әсер етеді. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу – отбасының негізгі міндеті.Әлеуметтендірудің барлық факторларының ішінде жанұя маңызды орын алады, адамдар оның әсерін туылғаннан бастап, көптеген жылдар бойы, отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын жинақтап, келесі ұрпақтарға бере отырып бастан кешіреді. Отбасы денсаулығын қорғауда ата-аналар сөзсіз көшбасшы болып табылады. Олардың салауатты өмір салтына деген қарым-қатынасы өзге отбасы мүшелеріне өз әсерін тигізеді[1,2,3]. Кез келген тұрғындар тобының дұрыс тамақтануы салауатты өмір сүру мәселелерінің негізгі бөлімі болып табылады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мінез-құлық аспектілері, тәлім-тәрбие маңызды орын алады. Салауатты тамақтану адамның денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін арттыруда маңызды орын алады. Сол мақсатта тәуліктік рационға биологиялық белсенді тағамдарды, үйлестірілген, әртүрлі азық-түліктерді қосу қажет.

Зерттеудің мақсаты. Балалардың денсаулығын қалыптастыруға ата-аналардың шынайы үлесін анықтау, оны сақтау жолдарын сипаттау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру тәжірибесін қарастыру.

Материалдар мен әдістер.Осы мақсатта, Түркістан облысы, Шымкент қаласының № 24, № 75 мектеп- гимназиясының ата-аналары мен оқушыларына (бір-біріне тәуелсіз) социологиялық зерттеу жүргізіліп, сауалнама алынды. Сауалнамаға 100 ересек адам қатысты: 79 анасы, 13 әкесі, 7 әжесі және 300 оқушы. Сауалнама анонимді түрде екі рет жүргізілді, сол арқылы ата-аналар мен жасөспірімдердің салауатты тамақтану ұстанымдарын меңгергендігін анықтауға мүмкіндік берді.

Нәтижесі мен талдау. Ата-аналар үшін арналған сауалнамада өздерінің денсаулығына және балалардың денсаулығына деген көзқарасын, балалардың өмір салтын бағалау мен білім берудің рөлін көрсететін мәселелерді қамтиды.Ата-аналар мен мектеп жасындағы жасөспірімдерден алынған сауалнама нәтижесі бойынша, өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мен салауатты тамақтану салауатты өмір салтын сақтау принциптеріне әсер ететіні анықталды. Ата-аналар үшін жүргізілген сауалнамадан өз балаларының ұтымды тамақтандыру мәселелерінде білімдері орташа деңгейдеекендігімәлім болды. Осылайша, респонденттер балаға күнделікті қажетті тамақ өнімдерінің арасында жиі жемістер мен көкөністерді (88% және 85% жағдайда), сүт өнімдерін (73%), ет өнімдері мен балықты (87% және 42%) тұтынатындарын көрсетті.

Респонденттердің 47,7%-ы уақытылы ыстық тамақты күніне 2 рет, 34,5%-ы бар болғаны 1 рет қабылдайтындығы, ал 11,1%-ы күні бойы әр түрлі уақытта тамақтанатындығы мәлім болды. Маңыздысы, асыра тойып тамақтану адам денсаулығына созылмалы ауруларға алып келетінін біле тұра, ата-аналардың 24 % аптасына бірнеше рет, ал 34,4 % тәулігіне тойына тамақтанатын болып шықты.

Ата-аналардың 53%-ы балаларыныңжеңіл сіңетін көмірсуларды (шоколад, тәтті газдалған сусын) және майларды (чипсы, майонез, шұжық) қамтитын өнімдердітұтынбайтындығы және теріс пікірге ие екендігі, 25% жағдайда сирек, 10%-ыүнемі пайдаланатындығы анықталды. Салауатты өмір салтының принциптерін сақтау денсаулықты нығайтуда маңызды орын алатынын, ата-аналар балаларға үлгі ретінде көрсетуі тиіс. Алайда, күн тәртібі ережелерін сақтау, таңғы дене жаттығуларын жасау, шынығу секілді гигиеналық элементтер ересек адамдар арасында жиі қолданылмайтындығы анықталды. Көп жағдайда бұл ережелерді бастауыш сыныптағы оқушылар орындайтындығы(күн тәртібі ережелерін сақтау -45.7%, таңғы жаттығуларды жасау - 18.6%), ал жоғары сынып оқушылары (шынығу-30.2%) басқа ережелерді орындамайтындығы белгілі болды. Баланың денсаулығы үшін гигиеналық дағдылардың ішінде жеке бас гигиенасы ережелері (респонденттердің 46,9%-ы) және медициналық қызметтің дәрежесі (дәрігерге уақытылы қаралу - 43,1%) маңызды деп танылды.

Қатысушылардың 63%-ы дәрігерге барудың негізгі себебі ретінде аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуымен қарастырады. Сонымен қатар, жылына бір рет профилактикалық тексерулерден өтетіндердің үлесі 10% және баланың денсаулығында елеулі өзгерістер байқалғанда ғана медициналық көмекке жүгінетіндер респонденттердің 22% үлесін құрады.

Қорытынды. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, қазіргі заман талабына орай, ата-аналардың жұмысбасты болуына байланысты, күнделікті тамақтанумен салауатты өмір салтын ұстануына көңілді аз бөлетіндігі анықталды.Ата-аналар балалардың дұрыс тамақтануына немқұрайлы қарайды, себебі, ата-аналардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудағы өз білім деңгейлері жеткілікті емес. Оны жүзеге асыру үшін ата- аналарға салауатты тамақтану мәдениетін үйрететін көптеген дәрістер, семинарлар жүргізуді қажет етеді.

Әдебиеттер

  1. Переверзева Э.В., Филиппова С.Н., «Питание современного человека: путь развития или деградации». //Вестник РМАТ, 2015.
  2. Шарманов Т.Ш. «Тағам гигиенасы» Алматы «Эверо» // 2014ж; 29-бет;
  3. А.И.Маркова,А.В.Ляхович, М. Р. Гутман., «Образ жизни родителей как детерминанта здоровья детей», // Журнал «Гигиена и санитария», 2012.