Түйін
Шымкент қаласының жер ресурстарының ауыр металдармен ластану көздері, ауыр металдардың адамдар мен жануарларға токсинділік әсері, жер қорының ауыр металдармен ластану сипатының топыраққа өсімдік қорына әсерінің залалы, ауыр металдардың биохимиялық циклдерінің техногендік өзгерістері көрсетілген.
Кілт сөздер: ШРК, ауыр металдар, қоян арпа (Hordeum leporinum), Биогеохимиялық айналымдар.
Жер қорының ауыр металдармен құрылымдық және сапалық жағдайының өзгерiсiн қарастыра отырып байқайтынымыз, олардың, әсіресе өсімдік қорына негативтi сипатта әсер ететінін көре аламыз. Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуы әр түрдің өз ерекшелігіне байланысты. Зерттеулер бойынша мыс балқыту өндірісіне жақын аймақта топырақ пен өсімдіктерге ауыр металдардың мөлшері бақылау аймағымен салыстырғанда өте жоғары. жер өндiрiс қорының көзi, әрi өндiрiстi орналастыру ортасы ретiнде өндiрiстiң барлық саласына қатысты. Өндiрiстiң даму қарқыны артқан сайын жер байлығын, жер қорын пайдалану мөлшерi де өсiп келедi.[1] Соған байланысты, жер ресурсының тиiмдi қорының сапасының төмендеуi қоғамның өндiрiске жұмсалатын шығынының артуына керi әсер етуде. Сондықтан жер қорының ауыр металдармен ласттануы күттiрмей шешiмiн табуы тиiс мәселеге айналып отыр. Оны шешу үшiн жердi тиiмдi пайдаланудың қазіргi таңдағы экологиялық, экономикалық механизмге сай жаңа жағдайларды ұйымдастыру керек және осындай комплекстi жолдардың iшiнен ең тиiмдiсiн, ең қолайлысын, нақтысын таңдап алуымыз керек. Өнеркәсіптік орталықтардағы ауыр металдардың ауытқулары аса қауіпті. Топырақта және өсімдіктерде металдардың концентрациясы жүздеген және табиғи түрде мыңдаған есе асады. Мәдени ландшафтта, мырыш, қорғасын, сынап, кадмий, хром және никель жиі кездеседі. Ландшафтқа енетін металдар жиынтығы, ең алдымен, аймақтағы адамзаттың шаруашылық қызметінің сипатына байланысты. Мәселен, автомобиль көлігінің қарқынды дамуымен және жолдардың тығыз желісімен қамтамасыз етілуі, ішкі жану қозғалтқыштарының пайдалану кезінде бөлінетін газдар арқылы қорғасынның ландшафтағы фондық мөлшері артады.
Бұл зерттеу жұмысында Шымкент қаласынан шыққан қалдықтардың, оның ішінде ауыр металдардың қоршаған ортаға әсері баяндалды. Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі- Шымкент қаласының территориясында және Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында кең таралған қоян арпа (Ноrdeum leporinum) өсімдігінде жиналған қорғасынның, мыс, мырыш және кадмийдің мөлшерін анықтау.Топырақтағы ауыр металдардың таралу мөлшерін анықтау үшін 4 зерттеу орындары белгіленді. Зерттеу жұмысын орындау барысында зерттеу объектісі ретінде Шымкент қаласының территориясында және жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының көп аудандарында кең таралған қоян арпа (Hordeum leporinum) өсімдігі алынды[2].
Зерттеу жұмысы Шымкент қаласының территориясында жүргізілді. Шымкент қаласы Қазақстан Республикасындағы ірі өндіріс орталықтарының бірі болып саналады. Қалада өндіріс пен энергетика салаларының қарқынды дамуы қоршаған ортаның кең көлемде ластануына әкелді. Жаз айларында ауа температурасы өте жоғары (+380-400 С) болады, ал күз және көктем айларында жел мен жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан атмосфераға бөлінген түтін мен газ тез арада ауаның жоғарғы қабаттарына көтеріліп таралып кетпейді. Сондықтан атмосферада көп мөлшерде газ жинақталған. Оның тағы бір себебі, Шымкент қаласы тау бөктерінің төменгі жазықтығында қатар-қатар созылып жатқан қыраттардың еңістеу бөлігінде орналасқан.
Зерттеу жұмысын орындау барысында зерттеу объектісі ретінде Шымкент қаласының территориясында және жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының көп аудандарында кең таралған қоян арпа (Hordeum leporinum)өсімдігін алдық.
Зерттеуге алынған өсімдіктің түрі мынадай морфологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Класы: Дара жарнақтылар класы- Monocotyledones
Тұқымдасы: Астық тұқымдасы - Gramincae
Туысы: Арпа туысы - Hordeum
Өкілі: Қоян арпа- Hordeum leporinum
Қоян арпа (Hordeum leporinum) биіктігі 15-40 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, буындарға бөлінген, сырты жалаңаш және тегіс. Жапырақ қынабы да жалаңаш, тегіс, тілшесі доғал, ұзындығы 0,5 мм. Жапырағы жіңішке таспа тәрізді, ені-3-4 мм, тегіс, жоғарғы беті әлсіз түкшелермен жабылған. Паралелді жүйкеленген. Гүл шоғыры цилиндр тәрізді масақ, масақшалары масақтың өсінде іштен орналасқан. Масақтың ұзындығы 4-7 см, екі бүйірінен қысыңқы, өзі морт сынғыш. Масақшалар масақтың өсінде үшеуден орналасқан. Әрбір үштіктегі масақтың бүйір масақшасы әлсіз жетілген, қысқа аяқшамен бекінген. Масақшалар гүл шоғырының өсіне жалпақ бетімен екі масақша қабыршағымен жанасқан, Масақша қабыршақтары қылтанақты, ортаңғы масақша қабыршағы кеңейген, жүйкелері кедір –бұдырлы, жиегінде ұзын кірпікшелері бар. Дән түзуші масақшаның төменгі гүл қабыршағы жалпақ ланцет тәрізді, ұзындығы 6-10 мм, өсінің ұзындығы 4 см жетеді.
Зерттеуге арналған топырақ сынамасын көлеңкеде құрғатады. Топырақ сынамасын үлкен фарфор тигльде ұнтақтап 1–2мм тесікті електен өткізеді. Осылай ұнтақталған татпадан 200–300г орташа сынама алынады, қайта ұнтақталады. Капрон електен өткізіліп 10–20г топырақ сынамасы алынады. Бұл топырақты агат немесе халцедонды табақшада қайта ұнтақтайды. Осы ұнтақтан 1г топырақ сынамасы алынып, фарфор немесе кварц тиглге салынып, 10-15 тамшы күкірт қышқылы (конц.) тамызады да 15–20 сағатқа қалдырады. Содан соң құм үстіне қыздырып қышқыл қалдығы (SO32+) буланып кеткенше ұстайды және муфель пішінде 450–500°С дейін күйдіреді (1сағат). Күйдірілген топырақты эксикаторда суытып 20% тұз қышқылы (HCl) 10мл қосып, 2–3 рет қыздыра отырып ерітеді[3]. Фильтрленген соң фильтраттың көлеміне 50мл жеткізіп, әбден араластырады. Фильтраттан 5мл алып полярографтың ұяшығына құяды, инертті газды 10–15 мин. жібереді, ерітіндіні 3мин. қалдырып, соңынан дифференциалды полярограммасын алады.
Зерттеу орындары |
қорғасын |
мыс |
мырыш |
кадмий |
1-зерттеу орны |
42,442,22 |
26,651,75 |
28,77 2,53 |
1,22 0,77 |
2-зерттеу орны |
24,38 1,56 |
18,77 1,42 |
15,78 1,58 |
0,75 0,28 |
3-зерттеу орны |
16,47 1,26 |
10,36 1,22 |
13,44 0,58 |
0,65 0,18 |
4-зерттеу орны |
3,45 1,23 |
2,23 1,16 |
2,68 1,22 |
- |
Кесте 2- Қоян арпа өсімдігіндегі ауыр металдардың мөлшері (мг/кг)
Өсімдіктердегі ауыр металдарды анықтау үшін белгіленген зерттеу орындарынан өсімдік материалдары жиналып, алдын-ала ағын судың астында жуылып, шаң-тозаңнан тазартылады. Құрғатылған соң ұсақтап туралып, араластырылады. Дайын болған сынамадан техникалық таразыда 2г өсімдік материалын өлшеп алып фарфор тигльге саламыз[4]. Содан соң оны электроплиткадакүйдіріп, соңынан муфель пешіндежоғары температурада (5000С) күлгеайналдырады. Алынғанөсімдіккүліне 5мл НСІ(1:1) қосыптигльде ерітіледі. Ерітіндініэлектроплиткадабуландырып, тұнбаға 5мл фон ерітіндісінқосып, әлсізқыздыраотырыперітіндінісуытып фильтр арқылыпробиркағафильтрлейді. Ерітіндініңкөлемін фон ерітіндісімен 10мл дейінжеткізеді.
Әдебиеттер
1.Тулебаев Р.К. Хроническая свинцовая интоксикация.- Алматы:Ғылым, 1995. -с.9-11.
2.Захидов С.Т. Антропогенный мутагенез и современные экологические катастрофы. Опасности преувеличения?//Вестник Московского университета. Серия 16 Биология. -1997.-N2. -С. 11
3. Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. -Караганда, 2007.
4. Никаноров А.М., Жулидов А.В., Елиц В.М. Тяжелые металлы в организмах ветлендов России. - Санкт-Петербург, 2003. - С.З