Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Церебральды сал ауруы бар балалардың жалпы моторикасын ойын терпаясы арқылы дамыту

Өзектілігі:Балалардың церебралды параличімен (БЦП) ауыратын науқастардың саны әлемде жылдан жылға артып келеді, статистика бойынша 1000 жаңа туылған нәрестенің 2-і осы патологиямен туылады. Бұл 1000 нәрестеге шаққанда 20,0-24,3 баланы құрайды деген сөз. Балалар мүгедектігі құрылымында БЦП көшбасшы (30% дан 70% дейін) болып отыр. Қазақстанда статистика мәліметтері бойынша 44 мыңнан аса мүгедек-бала есепте тұрады, соның ішінде 10 мыңнан артық балаға балалар церебралды параличі диагнозы қойылған дейді ҚР Ұлттық генетикалық регистрінің баспасөз қызметі. Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) ағзаның өз бетінше өсіп дамуының ерте кезеңінде орталық мидың зақымдалуына байланысты әр түрлі симптомдарды біріктіретін термин. 1958 жылы Оксфорд қаласында өткен Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БӘДСҰ) мәжілісінде БЦСА-ға келесі анықтама берілген: «БЦСА –қимыл-қозғалысты және дене қалпын басқарып тұратын бөлімдерді зақымдайтын бас миының үдемейтін ауыруы. Ол бас миының дамуының ерте кезеңінде пайда болады» Бірақ қазіргі кезеңге дейін бұл термин туралы бірдей көзқарас жоқ. Әр елде әр түрлі анықтамалар береді.

Жұмыстың мақсаты: БЦП балаларды әр түрлі ойын терапия арқылы жалпы моторикасы дамытудың жолдарына әдеби шолу және оның өзектілігін алдынғы қатарға шығару.

Жұмыстын барысы: Жалпы моторика дегеніміз не ?

Жалпы дененің қимыл-қозғалысы, яғни бастың, мойынның, иықтың, кеуденің, аяқтың қимыл- қозғалысы болып табылады.

Баланың жалпы моторикасы қалай дамиды ? Сәби өзінің іс- әрекетін, қозғалысын қадағалауды «жоғарыдан төмен» қарай, яғни басынан жамбас пен аяққа дейін меңгереді. Бастапқыда бала өзінің бас бұлшық еттерін, иық пен қолдарын содан кейін жамбас және одан төмен аяқтарын қадағалай бастайды. Осылайша, қозғалу дағдылары басынан бастап бармақтарына дейін дамиды.

Баланың жалпы моторикасының жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Церебральды салдануы бар балалардың жалпы моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті толықтай дененің барлық мүшелерін жаттықтыратын жаттығулар мен ойындар ойнатып тұрған жөн. [2]

Біз ҚарМУ (Қарағанды мемлекеттік университет) Дефектология кафедрасының рұқсатымен және Қарағанды облысы білім басқармасының "Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі) директорының рұқсатымен, 18 баламен, жас ерешелігі 9-10 жастағы балалармен қимыл- қозғалыстарының функцияларының жалпы маторикасын дамыту үшін әр түрлі топтық ойындаржүргіздік. Ойынмен таныстыру жұмысын үш кезеңге бөлеміз:

  1. Балаларға ең алдымен орындайтын ойын жаттығуларды көрсетіп, содан - соң оның орындау тәсілін мұқият түсіндіріп көрсетуіміз қажет.
  2. Ұсынған жаттығуды баламен бірге орындаймыз, қимыл іс әрекетті сөзбен түсіндіріп отырамыз.
  3. Балаға өз бетімен жұмыс жасауға ұсыныс жасаймыз.

Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. Ең алдымен қарапайым жаттығулардан бастаймыз. Баланың тапсырманы бұлжытпай орындағанын қадағалап,дұрыс нұсқау берген маңызды. Бала өзінің қимыл әрекеттерін бақылап отырады.Берілген тапсырмаларды жәй жаттығулардан бастаймыз, сосын оны біртіндеп күрделене түсеміз. Ойын жаттығулар арқылы, қимыл- қозғалыстарының функцияларының түзету және баланың көру, ойлау мен есту және т.с.с. танымдық процесстері балаларға қызықты өтті. Баланың жалпы моторикасын әр түрлі терапиялар арқылы да жетілдіруге болады. Қазіргі заманда алуан- түрлі терапиялар бар және әлі де даму барысында. Музыкотерапия, би терапиясы, драмотерапия, ойынтерапия, изотерапия, маскотерапия, йогатерапия, түстерапия,бейнетерапия, глинотерапия сияқты терапиялар арқылы емдеу қазір өте тиімді және талап етілуде. [3]

Қорытынды:Қорыта айтқанда, балалармен жүргізілетін түзете-дамыту сабақтарындағы ойындар, жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың дамуында оң нәтижеге ие. Сол арқылы байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білеміз.

Пайдаланылған әдибиеттер

  1. https://helpiks.org/7-3418.html
  2. https://infourok.ru/statya-na-temu-sa-zhne-motorikani-damitu-balabasha-955271.html
  3. https://psychologytoday.ru/stories/art-terapiya/vidy-art-terapii/
  4. Бирюкова И.В. Танцевально-двигательная терапия: тело как зеркало души //Журнал практического психолога. М: 2001 №1-2, с. 251-258.
  5. http://www.atdt.ru/
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.