Сасық қурай өсімдігінің фармакологиялық қасиеттері және медицинада қолданылуы

Сасық қурай шөбі – Шығыста танымал өсімдік. Оны дәмдеуіш ретінде қолданады. Сонымен қоса, оны ежелден емдік зат ретінде қолданады. Халық медицинасында емдік мақсатта сасық қурайдың тамыры және түйнектерін кептірілген және балғын күйінде, арақтағы тұндырмасын және сулы қайнатпаларын қолданған. Қазіргі таңдағы ғылыми медицинада сасық қурай қабынуға қарсы және ауруды басатын әсер көрсететіндігі анықталған.

Кілт сөздер: Сасық қурай, асафетида, Ferula asafoetida L, халық медицинасы, фитотерапия.

Ferula asafoetida L. Орталық Азияда белгілі, кең таралған өсімдік. Феруланың өте өткір, тұрақты сарымсақ иісі бар. Қазіргі заманғы медицианада бұл өсімдік зерттелу үстінде.

Өсімдіктің химиялық құрамы: Ферула тамырының ауада қатайған сүті шайырдан (9,3-65,1%), эфир майынан (5,8-20%) тұрады. Камедь-шайырының құрамында бассорин болады. Өсімдіктің эфир майы органикалық сульфидтерден тұрады және жағымсыз иісті жемістерінің басым бөлігінде майлар мен ақуыз бар. Өсімдіктің тамырында сесквитерпенді кумаринді – н-гидрооксикумарин фоетидин бар [1].

Өсімдік Ежелгі Мысырлық папирустарда суреттелген және месопотамия медицинасында қолданылған.

Ежелгі медицинада Феруланың зәйтүн майымен араластырып қолданғанда көз астындағы қанталауды кетірген. «Шегіргүл (Фиалка) тамыры» майымен шайырды сыртқа қолданғанда, буын ауруларын емдейді. Феруланы ішке қабылдағанда асқазан жұмысын жақсартып, тәбетті жоғарылатады. Балмен араласқан шайыр бастапқы катарактаны емдейді. Анар суымен араласқан асафетида буын мен жүйке ауырсынуларында қолданылады [2].

Ферула шайырын суға араластырып тамақ қырылында созылмалы жөтелде ішеді. Ол спазмолитикалық, тыныштандырғыш және іш жүргізетін қасиеттерге ие.

Үнді халық медицинасында ферула шайырын реттегіш, жел айдағыш, жансыздандырғыш, антисептикалық зат ретінде қолданады [3].

Халық медицинасында камедь-шайыр кейбір жүйке ауруларында, ұстамаға қарсы зат ретінде, құрттарға қарсы, сыртқа – жараны жазушы ретінде қолданады.

Иран халық медицинасында камед-шайыр тыныштандырғыш, тырысқаққа қарсы зат ретінде қолданылады [4].

Өсімдіктің барлық бөліктері, шайырды қосқанда – антиоксидантты қасиет көрсетеді.

Сасық қурай камедь-шайыры – қабынуға қарсы және ауруды басатын әсер көрсетеді. Одан бөлек «асафетиданы» антигистаминді, аллергияға қарсы қасиеттері айқындалған [5].

Қазіргі заманғы зерттеулер феруланың қабынуға қарсы заттарға ие екенін көрсетті. Әсіресе, асафетида ісікке қарсы әсер көрсетеді. Ферула камедь-шайыры өзінің ферула қышқылы көмегімен сүт безі ісігінде терапевтикалық әсер көрсетеді. Концерогенез процесінде фарнесилтрансфераза фермент үлкен рөл атқарады. Эксперименттік зерттеулер ферула қышқылының бұл ферментті ингибирлеп, жасушаның ісікке айналуын алдын алады. Дәл осындай қасиетке феруланың гальбоникалық қышқыл шайыры ие. Феруланың спирті экстракты жас балалардағы лейкемиямен ауыру кезінде метаболикалық бұзылыстарды реттейді [6].

Ферула экстракты зерттеулер кезінде аллоксаннан Лангерганс аралын қорғау арқылы антидиабетті қасиет көрсеткен. Асафетиданың гипогликемиялық және гиполипидемиялық әсерлері бар. Ферула камедь- шайыры дипиптидил пептидаза және альфагликозидаза ферменттінің активтілігін ингибирлейді.

Экспериментальды зерттеулер 2-ші типті қант диабетіндегі гипотозбен семірудің алдын алатынын дәлелденді. Және де сулы экстракты қант диабетінде жара жазылуының тездетуіне әсер етеді [7].

Феруланың барлық түрлерінде антибактериалды қасиет байқалады. Сонымен қатар, антигемолитикалық қасиет белгілі.

Камедь-шайыры метронидозолмен тең түсетіней прихомонозға қарсы әсер көрсетеді. Сасық қурайдың вирусқа қарсы әсері де байқалады. Түркімен дәрігерлері эхинококктың имунопрофилактикасында феруланы қолдану перспективті деп ойлайды. Ферула камедь-шайыры айқын лейшманиальды әсерге ие [8].

Ферула қышқылы өзінің антиоксидантық қасиеті арқасында нейрогенеративтік аурулар – Альцгеймер мен Паркинсон ауруларында терапевтік қасиет көрсетеді.

«Асафетида» эпилепсияға қарсы әсер көрсетеді. Камед-шайыр спазмалитикалық және гипотензивтік қасиетке ие.

Феруланы ұзақ қолдану (28күн) бауыр мен бүйрек жұмысына токсикалық әсер етпеген. Аз дозалы асафетида ешқанай кері әсері болмаған, бірақ аса үлкен дозада(100мг/кг) бүйрек пен бауыр жұмысының қиындықтарына алып келуі мүмкін [9].

Қорытынды: Қазақстанда сасық қурай дәрілік өсімдігі кең таралғанымен, толығымен зерттелмеген. Сондықтан да, сасық қурай дәрілік өсімдігін ары қарай зерттеу актуальды болып табылады.

Әдебиеттер

  1. Зубайдова Т.М., Джамшедов Дж.Н., Исупов С.Дж., Загребельный И.А. О фармакологическом изучении разных видов рода Ferula L. в медицине ХХ века - Вестник Таджикского Национального Университета. Серия Естественных Наук 2014, 1-3, 225-229.
  2. Зубайдова Т.М., Джамшедов Дж.Н., Ходжиматов М., Назаро в М.Н.Исупов С.Д., Загребельный И.А., Самандаров Н.Ю., Сухробов П.Ш. Применение ферулы вонючей в древне-традиционной и народной медицине - Вестник Таджикского Национального Университета. Серия Естественных Наук 2013, 1-2, 205213.
  3. Холов А.К., Разыкова Г.В., Раупова П., Азонов Д.А. Влияние ферусинола на антитоксическую и экскреторную функции печени при токсическом поражении печени СС14 - Здравоохранение Таджикистана 2011, 3, 75-79.
  4. Abd El-Razek M.H. A new ester isolated from Ferula assa-foetida L. - Biosci. Biotechnol. Biochem. 2007, Sep., 71(9), 2300-2303.
  5. Amalraj A., Gopi S. Biological activities and medicinal properties of Asafoetida: A review - J. Tradit. Complement. Med. 2016, Dec 20. 7(3), 347-359.
  6. Al-Jenoobi F.I., Al-Thukair A.A., Alam M.A., Abbas F.A., AlMohizea A.M., Alkharfy K.M., Al- Suwayeh S.A. Modulation of CYP2D6 and CYP3A4 metabolic activities by Ferula asafetida resin - Saudi Pharm. J. 2014, Dec., 22(6), 564-569.
  7. Abu-Zaiton A.S. Anti-diabetic activity of Ferula assafoetida extract in normal and alloxan-induced diabetic rats - Pak. J. Biol. Sci. 2010, Jan 15, 13(2), 97-100.
  8. Chandran S., Sakthivel M., Thirumavalavan M., Thota J.R., Mariappanadar V., Raman P. A facile approach to the isolation of proteins in Ferula asafoetida and their enzyme stabilizing, anti-microbial and antioxidant activity - Int. J. Biol. Macromol. 2017, Sep., 102. 1211-1219
  9. Bagheri S.M., Dashti-R M.H., Morshedi A. Antinociceptive effect of Ferula assa-foetida oleo-gum-resin in mice - Res. Pharm. Sci. 2014, May-Jun., 9(3), 207-212.
Жыл: 2018
Қала: Шымкент
Категория: Медицина