Кіріспе. Соңғы уақытта бүкіл әлемде көптеген дерттерді емдеу және алдын-алу үшін фитопрепараттарды қолдану үрдісі қарқын алуы байқалады. Осыған орай, әлемнің алдыңғы қатардағы фармацевтикалық
29
компанияларының өндірістік бағдарламаларында фитопрепараттарды жасау алғашқы орындардың бірін алып отыр [1].
Мақсаты: Өсімдік экстрактары негізінде алынған дәрілік заттардың тонизирлеуші, ағзаның иммундық жүйесін жалпы нығайтқыш және ынталандырушы дәрілік заттар ретінде қолдану аясы өте кең. Өсімдіктердің көптеген түрлерін адамзат баласы ертеден емдік мақсатта қолданған. Осындай өсімдіктердің қатарына, шығыс медицинасында өзіндік орны бар Scabiosa ochroleuca L. өсімдігі де кіреді.
Нәтижелер мен талқылаулар. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағдарлама қабылдады, соған сәйкес фармацевтика өнеркәсібінде отандық өндірістің фармацевтикалық препараттарының ішкі нарықта 50% қамтамасыз етілуі күшінде қалады. Сонымен бірге ел экономикасын тұрақты дамыту үшін отандық қорларды, оның ішінде өсімдік тектес қорларды, барынша толық және тиімді пайдалану [1].
Жоспарланып отырған жұмыста зерзат ретінде Scabiosa ochroleuca L. (бозсары қотырот) дәрілік өсімдік шикізаты алынды.
Scabiosa ochroleuca L. (бозсары қотырот) шөбі аз зерттелген өсімдік шикізаты. Scabiosa ochroleuca L. өсімдігі Орта Азия елдерінде, Батыс және Шығыс Сібір, Батыс Қытай, Моңғолия елдерінде таралған. Бозсары қотырот ерте заманнан халық медицинасында түрлі ауруларда емдеуде қолданылған: қызба, сифилис, туберкулез, асқазан –ішек жолдарының аурулары және әйелдердің әр түрлі ауруларында т.б. [2,3].
Бозсары қотырот өсімдігін емдік мақсатта гүлдеп тұрған шөбін қолдану ұсынылады. Бұл шөптің мұндай емдік қасиеттері құрамында алкалоидар, кверцетин, С витамині, орхозид, флавоноидтар, фенолкарбон қышқылдары және 7-глюкопиранозид сияқты компоненттердің болуына байланысты [3,4].
Бозсары қотырот шөбінен жасалған тұнбаны сифилис, остеалгия, өкпе туберкулезы, қызба сияқты ауруларда қолданады және де сыртқа тері бөртпелерінде, қышымада, жыланның шағуынан, жалпы жараны жазғыш зат ретінде де кең қолданылады [5].
Жоғарыда айтылған қасиеттеріне қарамастан, бозсары қотырот Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясына енгізілмеген.
Қорытынды. Осыған орай Scabiosa ochroleuca L. (бозсары қотырот) шөбінен жаңа фитопрепараттарды жасау өзекті мәселе болып табылады, бұл мәселені шешу түбінде табиғи текті дәрілік құралдардың отандық номенклатурасын ұлғайтуға әкеледі.
Әдебиеттер
- Нөкербек Ш. Artemisia rupestris өсімдігі негізінде жаңа фитопрепараттардың фармацевтикалық негіздемесін жасау: дис. (PhD) док. фил. - Алматы, 2015. – Б. 7.
- Крупеннокова А.Г. Фармакогностическое исследование Scabiosa comosa Fischer ex Roemer et Schultes и Scabiosa ochroleuca L., произрастающих в Восточной Сибири// Улан-Удэ. С.-146. -2007.
- Грудзинская Л.М., Гемеджиева Н.Г., Нелина Н.В., Каржаубекова Ж.Ж. Аннотированный список лекарственных растений Казахстана. – Алматы, 2014. – 200 с.
- И.Л.Дроздова, Е.И. Минакова Изучение аминокислотного состава травы скабиозы бледно-желтой (scabiosa ochroleuca l.) методом. вэжх//Сорбционные и хроматографические процессы. -Воронеж. ISSN: 16800613 -2018. №1. –С.52-57.
- Ш.Турсынова, Абдуллабекова Р.М., Жунусова М.А. Исследование возможности применения углекислотного экстракта из травы Scabiosa ochroleuca L. в дерматологии.