Кіріспе. Темекі (N.tabacum L.) өсімдік шикізаттары халық және дәстүрлі медицинада қолданылмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңға дейін N.Tabacum L. өсімдік шикізаты фармакологиялық қасиеттеріне байланысты ауырсынуды басатын, қақырық түсіретін, несеп жолдарының зәр шығару қызметін жақсарту үшін, сондай-ақ бас айналу, құсу құралдары әсер етпеген жағдайда қолданылған. Темекінің бүктелген жапырақтары свечалар ретінде ректальді енгізілген, қиын іш қату, ішектің түйілуі кезінде кеңінен қолданылған. Бұл құрал зәр шығару кідірістері, уретраның спазмалық тарылуы, ілеспелі құрттар кезінде де көмектеседі; ішектің тез арада босатылуына ықпал етеді, кейде тіпті сіреспе құрысу ұстамаларында да қолданылады [1].
Қиыр Шығыс елдерінде темекі өсімдігі "емдік шөп" деп аталды. Ал Орта Азияда N.Tabacum L. ежелгі кезден емдік мақсатта қолданылған. Кептірілген және тазартылған жапырақтарын мұрын жолдарының қабыну ауруларында иіскеген. Жапырақтарды қайнату арқылы бет терісін ағарту үшін, бастың талшықты бөлігі терісінің кейбір ауруларында және ылғалды сіңіргіш материалдар ретінде қолданылған. N.Tabacum L. жапырақтарының тұнбалары қышыма және терінің қабыну ауруларында пайдаланылған [2].
Темекі өсімдік шикізаттары химиялық құрамға бай өсімдік өнімдерінің қатарына жатады. Жетілген темекі өсімдігінде 2000-нан астам жеке химиялық қосылыстар бар. Темекі дәндерінің құрамында целлюлоза, белоктар, крахмал және минералды заттар өте көп [3]. Темекінің дәндері пальмитин, стеарин, олеин, линолен, линоль қышқылдарынан, түрлі амин қышқылдарынан [4], сондай-ақ қаныққан, қанықпаған, моноқанықпаған және полиқанықпаған май қышқылдарынан тұрады [5]. Демек, темекі дәндерінің майы жартылай құрғақ май санатына жататын линол қышқылы ретінде жіктеледі. Ал, бұл өсімдік шикізатының қалдықтары (дәндері) парфюмерлік бұйымдар мен дәрілік заттарды және әртүрлі материалдарды алуға арналған таптырмас шикізат көзі болып табылады. Темекі дәндері тиімді табиғи антиоксидант және организмнің антиоксиданттық жағдайын сақтау құралы ретінде кез келген ауруларды болдырмау үшін қолданылуы мүмкін және ерте қартаюды болдырмауға көмектеседі [6].
Темекі дәндері темекі өсімдігінен алынатын жанама өнім болып табылады, оның өнімділігі гектарына 1200-1250 кг құрайды. Бірақ, өсіру аумағы жапырақтарына емес дәндеріне бағытталса, гектарына 5000 - 6000 кг дейін темекі дәндерін алуға болады. Егер де темекі өсімдігінің отырғызу жиілігі тығыз орналастырылатын болса, жапырақтарының өсуі баяулап, тиісінше көп мөлшерде темекі дәндерін алуға болады. Темекі дәндерінің құрамында никотин жоқ, оның негізінде алынатын май құрамында аз мөлшерде қаныққан май қышқылдарының үлесі және токоферолдар мен стеролдар сияқты денсаулыққа пайдалы қосылыстар бар [7]. Темекі дәндерінің құрамын және оның өсірілу аймағын кеңейту мақсатындағы зерттеулер тамақ өнімдері, парфюмерия және фармацевтикалық қолданылуыда кең спектрлі екендігін айқындады, өйткені тамақ өнімдері, парфюмерияда және фармацевтикада темекі дәндерінің майын қолданылу аумағы қазіргі таңға дейін жүргізілмеген.
Қорытынды. Осылайша, жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, темекі (N.Tabacum L.) өсімдік шикізатының қолданылу спектрі өте кең. Атап айтқанда, тиімді табиғи антиоксидант және организмнің антиоксиданттық жағдайын сақтау құралы ретінде кез келген ауруларды болдырмау үшін қолданылуы мүмкін және ерте қартаюды болдырмауға көмектеседі.
Темекі (N.tabacum L.) өсімдік шикізатынан (дәндері) дайын дәрілік препараттар өндірісте шығарылмайды. Осыған байланысты, темекі дәндерінен фитосубстанциялар және оның негізінде дәрілік қалып алу технологиясын жасау бойынша ізденістер жүргізу маңызды болып табылады.
Әдебиеттер
- Адиев М.М., Смаилов Э.А., Самиева Ж.Т. и др. Сельскохозяйственные и промышленные отходы табака // Табак Кыргызстана, Вып.3 – Бишкек: Илим, 2004. – С.69-73.
- Patel, J. A. et.al.(1998) Production potential and quality aspects of tobacco seed oil. Tobacco Res.,24, 44–49.
- Talaqani, T. E. et.al. (1986) Fatty acids composition of the seed oil of certain tobacco varieties cultivated in Northem Iraq. Indian J. Agric. Chem., 19, 147-154.
- Ranjhan, S. K. (1978) Use of agro-industrial by-products in feeding ruminants in India. World Anim Rev., 28, 31–37.
- A.O.C.S. Official Methods (1960). Sampling and Analysis of Commerical Fats and Oils A.O.C.S. Washington, 801-55.
- Groark, Kelvin P. (2010). The Angel in Gourd: Ritual, Therapeutic, and protective uses of Tobacco (Nicotiana tabacum) among the Tzeltal and Tzotzil Maya of Chiapas Mexico. Journal of Ethnobiology 30 (1): 5-30.
- Patent: EA 011411B1 20090227 Medical tobacco oil producing method.