Түйін
Безеу (акне, вульгарлы безеу) - терінің полиморфты, қабынған ауруы болып келеді, көбінесе бетке (99% жағдайларда), сирек арқа, кеудеде шығады. Қабынудан кейінгі терінің өзгеруі пациенттерді безеудің пайда болуынан кем алаңдатпайды, коррекциялау қиын, қымбат емделуді қажет етеді. Бұл пациенттердің өмір сапасын төмендетеді. Осы мәселені шешудің оңтайлы жолы емдік косметикалық кремді қолдану. Емдік косметика - бұл дермато-эстетикалық құралдар, олардың көмегімен қандай да бір функциялардың бұзылуында теріге емдік және профилактикалық күтім жасау жүзеге асырылады.
Кілт сөздер: безеу, ихтиол, емдік – косметика, крем, тері аурулары
Сыртқы келбет - ол адам туралы ең есте қаларлық алғашқы әсер қалдыратын адамның визит карточкасы. Терідегі кез-келген косметикалық ақау тек алғашқы әсерді бұза алмайды, сонымен қатар жиі өзінің өзін-өзі бағалауын төмендетеді [1].
Әдетте, безеу ауруымен ауыратын адамда қандай да бір дәрежеде ұялшақтық, кінә сезімі, ашулану, депрессия жағдайы, емдеу мүмкіндігіне сенімсіздік байқалады. Қарқынды уайымы ауруды қиындатады [2].
Зерттеудің мақсаты құрамында ихтиол бар емдік-косметикалық крем жасау мүмкіндігін іздестіру.
Безеу кең таралған тері ауруларының қатарына жатады. Ол жасөспірімдерге тән және жасөспірімдердің 75% - да теріні зақымдайды, алайда соңғы уақытта безеу проблемаларымен ересектер де жиі кездеседі (шамамен 25 жастан асқан адамдардың 40% -ы). Қазіргі уақытта бұл аурудың " өсу " үрдісі, оның психоэмоционалдық салаға, әлеуметтік мәртебесі мен науқастардың қоғамдық бейімделуіне айтарлықтай әсері осы проблеманың өзектілігіне және емдеудің жаңа тиімді құралдары мен схемаларын әзірлеуді қажет етеді [3].
Емдік косметика - бұл дермато-эстетикалық құралдар, олардың көмегімен қандай да бір функциялардың бұзылуында теріге емдік және профилактикалық күтім жасау жүзеге асырылады. Бұл косметиканы көбінесе белгілі фармацевтикалық зертханалар шығарады және фармацевтикалық препараттардағы сияқты, белсенді әсер ететін заттардан тұрады. Емдік косметика дәрілік препараттар сияқты сапаны мұқият бақылаудан өтеді. Емдеу әсерінің косметикалық құралдары тек дәріханаларда және емдеу-косметикалық орталықтарда ғана сатылады, өйткені, оларды қолдану дәрігердің алдын ала кеңесін немесе фармацевтің ұсынымдарын талап етеді [4].
Космецевтика - косметология мен фармацевтика тоғысында қалыптасқан бағыт. Емдік - космецевтиканың негізгі мақсаты –ауруларды емдеу емес, олардың алдын алу және сыртқа қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы эпидермистің табиғи функцияларын түзету және қорғауды қалпына келтіру болып табылады [5].
Косметикалық құралдар ретінде әртүрлі дәрілік түрлер қолданылады: жағар майлар, кремдер, спрей, маскалар, скрабтар және тағы басқалар. Ең көп таралған косметикалық құрал крем болып табылады [6].
Косметикалық кремдер – белсенді әсер ететін заттарды қоса отырып, май тәрізді масса түрінде денені күтуге арналған құрал.
Проблемалы теріні емдеуге арналған дәрілік заттар мен косметикалық заттар-Қазақстанның фармацевтикалық нарығының аса серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Безеу бөртпесін емдеу емдік косметика шығаратын компаниялар үшін перспективалы болып табылады.
Дерматологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын емдік – косметикалық кремнің құрамындағы заттар маңызды әсер көрсетеді.
Безеумен күресуге қолданылатын дәрілік құралдардың бірі – ихтиол.
Ихтиол - қара, ерекше өткір иіс пен дәмі бар қоңыр шырын тәрізді сұйықтық. Суда, глицеринде, спиртте және эфирде ериді. Ихтиол - аммоний битуминосульфонаты болып табылады. Шайырларды газдау және жартылай кокстеу кезінде алынады. 220-400 °C дистилляциялау кезінде алынған май фракциясын сілтілі натрийдің 23% ерітіндісімен, содан кейін сұйылтылған күкірт қышқылымен өңдейді. Алынған май мұқият жуылғаннан кейін, олеуммен сульфирлейді, түзілген сульфоқышқылдарды сульфатсыз майлардан және полимерлеу өнімдерінен бөліп алады, сульфоқышқылды сумен жуады, 25% аммиак суымен өңдейді және буландырады.
Ихтиолда органикалық байланысқан күкірттің 10,5%-ы бар. Антисептикалық, паразиттерге қарсы, қабынуға қарсы, кератопластикалық және жергілікті ауырсынуды басатын әсер көрсетеді. Ихтиолдың микробқа қарсы және паразиттерге қарсы әсері күкірттің және хош иісті заттардың болуымен түсіндіріледі. Жаралар мен шырышты қабықтарға жаққаннан кейін, антисептикалық әсерден басқа, тамырларды тарылтады, секреция мен экссудацияны азайтады, ауырсынуды жояды және зақымдалған тіннің регенерациясын жылдамдатады.
Фармацевтік нарықта ұрамында ихтиолы бар келесі дәрілік түрлер қолданылады: ихтиол жағар майы; ихтиол суппозиторийлері; ихтиол ерітіндісі; бальзамдық линимент (Вишневский); ихтиол пастасы; ихтиолы бар жатырішілік таяқшалар; «Белый ихтиол» бальзамы.
Ихтиол жағар майы терінің немесе шырышты қабықты тітіркендіреді, бұл тамырлардың рефлекторлық тарылуына және ауырсыну рецепторларының сезімталдығын төмендетеді. Аппликация орнында анестезия әсері бірнеше сағат ішінде басталады. Тері қабаттарының сыртқы қабаттарында әрекет ете отырып, қабыну процестерін тоқтатады, қызаруды, ісінуді, қышуды жояды, сұйықтықтың секрециясын төмендетеді. Сыртынан бұл терінің терең қабаттарынан іріңді тарту, іріңді жою және жазылуды жылдамдату сияқты көрінеді, сондықтан "ихтиол" тері асты акне емдеу және теріні терең тазалағаннан кейін олардың пайда болуының алдын алу үшін косметологтарда танымал дәрілік құрал.
Ихтиол суппозиторийлері қабынуға қарсы дәрі, антисептикалық әсер етеді. Қабынуға қарсы әсері қабынудың медиаторларын тежеуіне байланысты. Ректальді енгізу кезінде ихтиол препараты тік ішектің шырышты қабығына тітіркендіргіш әсер көрсетеді, бұл қабынуды жоюға ықпал етеді.
Ихтиол ерітіндісі антисептикалық, паразиттерге қарсы,қабынуға қарсы, жергілікті – ауырсынуды басатын, кератопластикалық,эпителизациялық, қан тоқтататын әсері бар. Қабыну аймағында ихтиол зақымдалған қан тамырларының тарылуын және қанның коагуляциялық қасиеттерінің жоғарылауын тудырады.
Өңештің қабынуын, метеоризмді, функционалдық бұзылуды және ішектің және асқазанның қабынуын, жылқылардың коликасын емдеу үшін; жыныс мүшелерінің патологиялары (вагиниттер, эндометриттер); жаралардың механикалық және микробтық ластануы кезінде; қан кетуді тоқтату үшін қолданылады.
Бальзамдық линимент (Вишневский) антисептикалық қасиеттерге ие. Тіндердің рецепторларына әлсіз тітіркендіргіш әсер етеді, кератопластикалық әсерлерді күшейте отырып,эпидермисті регенерациялау процесін жылдамдатады. Препараттың әсер ету механизмі висмуттың тұтқыр, антисептикалық қасиеттеріне байланысты.
Мырыш-ихтиол пастасы сыртқа қолдануға арналған комплексті препарат дезинфекциялық, тұтқыр және қабынуға қарсы әсер етеді.
Ихтиолы бар жатырішілік таяқшалар сальмонелл, Escherichia coli, іріңді кокктерге қатысты микробқа қарсы белсенділіктің кең спектріне ие, сондай-ақ антибиотиктерге, сульфаниламидтерге және нитрофуран туындыларына резистентті бірқатар микроорганизмдерге қатысты тиімді әсер көрсетеді.
Құрамында ихтиол бар препараттар бар болғандығына қарамастан, ремиссия кезінде емдік-декоративтік әсер көрсететін емдік құралдар әлі де жеткіліксіз. Құрамында ихтиол бар дәрілік препараттардың жағымсыз иісі болады, теріні тітіркендіретін вазелинде дайындалады, терінің кемшіліктерін жасыра алмайды. Сондықтан, біздің зерттеулерімізде құрамында ихтиол бар емдік косметикалық крем алу технологиясын жасау мақсаты қойылған [7].
Қорытынды. Технологиялық қасиеттері жақсартылған, ихтиолдың жағымсыз иісі бүркелген, теріге жағымды әсер ететін компоненттер мен негіз таңдау бойынша зерттеулер жүргізілуде.
Әдебиеттер
- ГущинаН.С., Корчева Т.А. // Человек и лекарство. 2005. Т. 13. № 7. С. 482-484.
- Зябненкова О.В. // Новая аптека. Аптечный ассортимент. 2004. № 7. С. 18-19.
- ШтабскаяМ. // Российские аптеки. 2003. № 3. С. 58-59.
- Фридман Р.А. «Технология косметики», 2012 г. – С. 487.
- Пучкова Т.В. «Космецевтика: современная косметика интенсивного действия» // Журнал «Фармацевтический вестник», 2014. – № 6.—С.3-8.
- Leslie Bauman “Cosmeceuticals and cosmetic ingredients” // McGraw hill Professional. – 2014. –P. 11-15.
- (Percoidei: Lobotidae) с замечаниями по таксономии вида // Вопр. ихтиол. — 2011. — Т. 51, № 1. — С. 91-96. Иванков В.Н., Самуйлов А.Е.