Түркістан облысы тұрғындары арасында колоректальды обырдың ретроспективті анализі

Кіріспе. Халықаралық қатерлі ісктерді зерттеу агенттігінің жарияланымда берген болжамы бойынша әлем тұрғындарының жалпы онкологиялық ауруға шалдығу көрсеткіші күн санап жиілеп 2020 жылы шамамен 1,5 есеге артпақ. Оның өзі негізінен өкпе, тоқ ішек және тік ішек обыры бойынша жиілемек екен[1].

ҚазОжРҒЗИ-ның 2010 жылғы берілімі бойынша колоректальды обыр жиілігі жалпы республикада 5 орында болған (жылына 2,5 мыңнан астам жаңа тіркелінім)[2]. Ал 2014 жылы республика бойынша колоректальды обыр жиілігі 3-орынға жылжыды (3086 тіркелген жағдай)[3]. Статистикалық мәлімет мемлекетімізде колоректальды обырдың жыл санап артып келе жатқандығын және жоғарыда берілген болжамның дұрыс екендігін көрсетеді.

Кейінгі зерттеулер тоқ ішек пен тік ішек рагы себебінің 70% жуығы алдын алуға болатын факторларға, тамақтану тәртібі мен өмір сүру түріне, байланысты екендігі анықталды[4].

Жұмыс мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары арасындағы колоректальды обыр бойынша емделген аурулар арасында ретроспективті тексерулер жүргізіп, олардың этникалық, жыныстық жас айырмашылықтары бойынша және ісіктің орналасқан жері мен даму сатысына қарай сараптамалар жүргізу.

Жұмыс материалдары мен тәсілдері: Атқарылған жұмыстың негізгі өзегі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының онкологиялық диспансерінде 2012-2016 жылдары есепте болған, ем қабылдаған науқастар алынды. Олардың жалпы саны, ісіктің даму сатысы, 1 жылдық, жалпы өлім деңгейі, 5 жылдық өміршеңдік ескерілді. Сонымен қатар 261 науқастың ауру тарихтары зерделенді.

Корреляция деңгейі V Крамер критериі бойынша анализделіп, Rea & Parker шкаласы бойынша бағаланды. Сандық берілімдердің корреляциялық коэффициенті Спирменнің рангтық корреляциясы тәсілімен есептелді.

Ауру тарихы бойынша науқастар этникалық топтарға «қазақтар», «славяндар», «өзбектер және «басқалары» болып бөлінді. Ісіктердің ішекте орналасқан аймағына байланысты тоқ ішектің оң бөлігі (соқыр ішек және өрлеуші бөлігі), тоқ ішектің көлденең бөлігі (бауыр бұрышынан, талақ бұрышына дейін), тоқ ішектің сол бөлігі (төмендеуші бөлігі мен қима ішек) және тік ішектік бөлім (ректосигмалық бөлім, так ішек).

Нәтижелері. Ретроспективті анализ жасауға іріктелген колоректальды обыры бар 261 науқастың 123-і ерлер де 138-і әйелдер, орта жасы 59,97 (23-83 жас аралығы) жас.

Жұмыс нәтижесі ОҚО-да колоректальды обыр жиілігі жыл сайын артып келе жатқандығын көрсетеді. 2012 ж. 63 науқас тіркелсе, бұл көрсеткіш 2016 ж. 93-ке (30%-дан астам адамға) артқан. Ал 2015 ж. көрсеткіш одан да жоғары – 112 науқас. Ол 2012 жылғымен салыстырғанда, 46 %-дай артық. Ісіктің бастапқы І–ІІ даму сатыларында анықталған науқастар саны 2012 ж. 9 адамнан 2016 жылға қарай 51-ге артқан. Науқастардың 1 жыл ішіндегі өлім көрсеткіші жоғарылаған. 2012 жылы 16 науқас 1 жыл ішінде қайтыс болса, 2016 ж. 39-адам көз жұмған. Жалпы өлім деңгейі де 2012 жылғы 30 дан, 2016 жылы 51-ге артқан. Колоректальды обыр бойынша жалпы «Д» есепте тұратын науқастар саны жыл санап жиілеп 2012 жылы 298 аурудан 2016 ж. 356 адамға өскен, яғни 58 адамға дейін артқан. Жалпы есептегі науқастардың 5 жылдық өмір сүру деңгейі сәйкесінше 140 тан 144 ке жоғарылаған. Тұрғындар санына шаққанда славяндар арасында колоректальды ісікке шалдығу жиілігі артық екеніне көз жеткіземіз (13-тің орнына 55 жағдай, ол зерттеудегілердің тамақтану ерекшеліктеріне байланысты деп топшыланды. Сонымен қатар ісіктің негізгі бөлігі 58% тік ішекте кездесетіні анықталды.

Түйіні: 1. Берілімдерді талқылай келе, төмендегідей қорытынды жасауға болады: 2.аурудың кеш ІІІ- ІV сатыларында жиі анықталуының негізгі себебі ерте анықтау үшін жасалып жатқан бағдарламаның аса тиімді емес екендігін және тұрғылықты халықтың аталған ауруға немқұрайлы қарайтындығын көрсетеді.

  1. .тексерілушілердің этникалық топтары арасындағы корреляциялық ауытқу науқастардың генетикалық бейімгершілігі, тамақтану ерекшеліктеріне (тағам құрамында жануар майының мол болуы) және дәрігерге қаралу тәртібіне байланысты болуы да ықтимал.
  2. .Колоректальды обырмен ауыратын аурулардың орташа жасы 59,97 ж. Әйелдер арасында жиірек кездескені статикалық тұрғыдан онша мәнге ие емес.
  3. 5.Ісіктің жиі орналасатын жері тік ішек (57,9%), ең аз кездесетіні көлденең бөлігінде (6,5%).
  4. 6.Осыған байланысты колоректальды обырмен ауыратындар арасында қосымша зерттеулер «жағдай-бақылау» жүргізу қажет деп есептейміз.

Әдебиеттер

  1. World Health Organization. Global cancer rates could increase by 50% to 15 million by 2020 [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.who.int/mediacentre/news/releases/2003/pr27/en/.
  2. Ромазанов А. К стандартам мировой медицины // Казахстанская правда. – 2012. – 9 нояб. – С. 5.
  3. Камхен В.Б., Турбекова М.Н. Преобладающие локализации в структуре заболеваний злокачественными новообразованиями в Казахстане// Медицина. – 2015. –№ 6 (156). – С. 25-27.
  4. Curcumin and cancer: An “old-age” disease with an “age-old” solution / P. Anand, C. Sundaram, S. Jhurani et al.// Cancer Lett. – 2008. – V. 267 (1). – P. 133-164.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011