Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шымкент қаласындағы қырым–конго геморрагиялық қызбасы кезіндегі (қкгқ) өлім жағдайы

Өзектілігі: Қырым–Конго геморрагиялық қызбасы (ҚКГҚ) – қоздырғыштың берілуі трансмиссиялық жолмен жүзеге асуымен, Bunyaviridae тұқымдасының Nairovirus туысты вирусы тудыратын, қызбамен, жалпы уланумен, геморрагиялық синдроммен және ауыр ағымымен сипатталатын, жіті вирусты, табиғи-ошақтық инфекциялық ауру[1]. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері инкубациялық кезең 114 күнге дейін созылады. Аурудың алғашқы белгілері: дене қызуының кенеттен 39-40 0С дейін көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады[2]. Қырым–Конго геморрагиялық қызбасының (ҚКГҚ) эпидемиясы кезінде өлім көрсеткішінің коэфиценті 40% асады. Соңғы жылдары аурудың табиғи ошақтарының көлемі біртіндеп ұлғайып келе жатқаны байқауға болады. Республика көлемінде жыл сайын тіркеліп отырған Конго Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошағы бар аурулардың қатарына жатады. Ауруды қоздырушы вирустың табиғатта жануарлар арасында айналысқа түсуіне байланысты ауруды мүлде жойып жіберу мүмкін емес, сондықтан табиғи ошақтары бар елді мекендерде аурудың кездесу ықтималдығы жоғары.

Статискалық мәліметтерге сүйенсек 2016 жылы Түркістан облысы және Шымкент қаласында ауырғандардың саны 12 адамды, 2017 жылы 8 адамды құраған. 2013 жылы Түркістан облысында аурушаңдық көрсеткіші 100000 тұрғынға шаққанда-0,19, ал өлім көрсеткіші-16,7%(1/6). 2014 жылы аурушаңдық көрсеткіші 100000 тұрғынға шаққанда-0,30, ал өлім көрсеткіші-25%(2/8). 2015 жылы аурушаңдық көрсеткіші 100000 тұрғынға шаққанда-0,21, ал өлім көрсеткіші-33,3%(2/6) құраған[3].

Зерттеу мақсаты: Клиникалық жағдайда қаза болған науқастың өлім себебін барынша ашып көрсету және Қырым–Конго геморрагиялық қызбасының (ҚКГҚ) клиникалық өту ерекшелігін талдау. Клиникалық жағдай: Науқас, Б., жасы - 48жаста. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне дене қызуының 40 0С-қа дейін жоғарлауына , қалтырауға, басының ауырсынуына, бұлшықеттерінің

ауырсынуына шағымданып қаралған. 16.06.2018ж жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған, жедел медициналық жәрдем бригадасы «Жедел респираторлы вирусты инфкция. Кене шағуы» диагнозымен Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қабылдау бөлімінде дәрігерлермен қаралып науқастан жалпы қан анализі алынған:Нв – 160г\л, Эр-5,05х1012\л, Тр-220х109г\л. Науқас ауруханаға жатудан бас тартып үйіне қайтқан. 17.06.2018ж науқастың жағдайының нашарлауына байланысты қайта жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы «Жедел респираторлы вирусты инфкция. Кене шағуы» диагнозымен Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына қайта жеткізілген. Лабораторлы : Жалпы қан анализі: Нв – 144г/л, Эр-4,89х1012/л, Тр- 82х109/л, Лейк – 5,1х10/9л. Дәрігерлер консилиумынан кейін: Қырым– Конго геморрагиялық қызбасы (ҚКГҚ), ықтимал жағдай диагнозы қойылып,науқастың жағдайының ауырлық нәтижесіне байланысты интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызылған. Науқас үй жағдайында ірі және ұсақ малдарды асырайды. 13.06.2018жылы ұлымен бірге Қарабұлақ ауылында қой сатқан. Базардан үйіне келіп киімін ауыстырып жатқанда денесінде кене жабысқанын байқаған. Науқас кенені инемен алып өлтірген. Обьективті Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Есі анық, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Бұйрықтарды орындайды. Көз қарашығы орта кеңісте жарыққа Д=S фотореакция бар. Дене қызуы қалыпты сандарда. Менингеальды белгілері: желке бұлшықет тартылуы теріс. Керниг, Брудзинский симптомдары теріс. Ошақты белгілері теріс. Тамақтануы өздігінен. Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозгылт-қызғыш тусте құрғақ, ұстағанға жылы, бөртпелерден таза. Қолдарында шынтақтарында және жамбастарында иньекциядан кейінгі тері асты гематомалары бар. Перефириялық ісінулері жоқ. Тыныс алуы мұрын арқылы. Аускультацияда өкпесінде қатқыл тыныс сырыл жоқ. Журек тондары тұйықталған ырғағы дұрыс. Перефириялық тамыр соғуы орташа толымдылықта мен кернеулікте. Мұрнынан және қызыл иектен қаңсырау белгілері жоқ, қарау барысында. Еріндері бозгылт қызғыш тусте, тілі ақ аздап жабындымен қапталган ылғалдау. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Іші жұмсақ эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға ауырсынады. Ішті тітіркендіру симптомы теріс. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Үлкен кіші дәреті қалыпты.

Науқаста жүргізілген ем шараларына,көрсетілген көмекке қарамастан геморрагиялық синдром, асқазан ішек жолдарынан қан кету, токсикалық гепатит, токсикалық нефрит, жедел бүйрек жетіспеушілігі, тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы (ТШҚҰ) нәтижесінде 20.06.2018жылы биологиялық өлім тіркелді.

Лабораторлық көрсеткіштер: Жалпы қан анализі:Нв – 130г/л, Эр - 4,28 х1012/л, Тр- 86х109/л, Лейк – 13,4 х10/9л, п/я -18%, с/я-60%, лимф- 19%, м- 3%, Hct- 38%, СОЭ – 16, Биохимиялық анализ: общ. белок - 66г/л, жалпы билирубин- 32,5-6,8-25,7мкмоль/л, Мочевина– 6,1 ммоль/л, креатинин– 136,0мкмоль/л, глюкоза - 6,0ммоль/л, Алт -0,7,Аст-0,65.K-4,06,Na-136,0,Ca-1,06.

Коагулограмма: ПТВ-25, ПТО- 1,55, МНО –1,68, фибриноген- 2,4, ТВ- 24, АЧТВ – 41

Қырым–Конго геморрагиялық қызбасының (ҚКГҚ) ИФА нәтижесі: Ig M оң мәнді.

Қырым–Конго геморрагиялық қызбасының (ҚКГҚ) ПЦР нәтижесі: оң мәнді.

Клиникалық диагноз: Қырым–Конго геморрагиялық қызбасы (ҚКГҚ), геморрагиялық синдром, асқазан ішек жолдарынан қан кету, дәлелденген жағдай, ауыр дәрежесі.

Асқынуы: Токсикалық гепатит. Токсикалық нефрит. Жедел бүйрек жетіспеушілігі, жедел ағым. Тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы (ТШҚҰ).

Жүргізілген ем шаралар: Вирусқа қарсы терапия: Таб. Рибавирин 1,0 гр ішке. Антибиотикалық терапия – Цеф 3 - 1,0 гр. әр 12 сағатта. ГемотрансфузияЖаңа мұздатылған плазма - 12 мл/кг. Тромбоконцентрат АВ (IV) Rh + 4 - 5 доз доза көктамыр ішіне тамшылатып. Криопреципитат АВ (IV) Rh + 7 доз. NaCl 0,9% - 400,0+ Гордокс 300 тыс. Ед. көктамыр ішіне тамшылатып. Таб. Фамо 40 мг ішке. Парентеральды ем: Оликлиномель 70 мл/сағат көктамыр ішіне тамшылатып.. Гемостатикалық ем: Этамзилат натрия 2,0 әр 6 сағатта.көктамыр ішіне. Викасол 3,0 в/м. СаСl 10% - 10,0 көктамыр ішіне тамшылатып. Стол № 4.

Қорытынды Табиғи ошақтарда Қырым–Конго геморрагиялық қызбасын(ҚКГҚ) жұқтыру қаупі өте жоғары, әсіресе мал шаруашылығымен айналысатындар. Клиникалық көрінісінің әртүрлілігіне байланысты диагноз қоюда қиындықтар тудырады. Бұл дегеніміз аурудың аса қауіпті екенін,сонымен қатар қысқа уақыттың ішінде өлімге алып келетінінің дәлелі. Қазіргі таңға дейін бұл ауруға қарсы нақты бір профилактикасы болмағандықтан,табиғи ошақтарда аурудың таралуының азаймайтыны және аурудың клиникасы ауыр түрде өтетіні түсінікті.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 1. Абуова Г.Н., Нурмашева А.А., Бердалиева Ф.А,Касымова Т.В., Мырзабекова Г.Ж. Анализ эпидемиологической ситуации по Конго-крымской геморрагической лихорадке в Южно-Казахстанской области. Журнал «Инфекционные болезни». Материалы III Ежегодного Всероссийского Конгресса по инфекционным болезням Москва, 28-30 марта 2011 г., -С.7
  2. 2 Абуова Г.Н. Крымская-Конго геморрагическая лихорадка в Южном-Казахстане проблемы и пути решения. Журнал инфектологии. Приложение Том 4, №36 2012г.
  3. Материалы II Конгресса Евро-Азиатского Общества по Инфекционным Болезням, Астана, 12-14 сентября 2012 г., Стр.6

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.