Бруцеллез – адамдардың ауыр инфекциялы-аллергиялық ауруы, ол созылмалы қайталанбалы ағымға бейім, ағзаны жүйелі түрде зақымдайды және де жиі мүгедектікке әкеледі. Қарапйым жағдайдаадамдардың ауруға шалдығуы ауру малмен қатынаста болғанда және ауруды жұқтырған заттармен жұмыс жасап, тұтынғанда жұғады. [1,2].
Бруцеллез жер шарының бүкіл аймағында тіркеліп, қазіргі уақытта өзекті аурулардың бірі болып тұр. [3].
Қазақстан аймағында әр жыл сайын біріншілік анықталған бруцеллез диагнозымен 1000 адам науқастанады [4]. ДСДРО және ҚР ДСБ мәліметтері бойынша 2007 жылы 2278 науқас, 2008 жылы 2577 науқас, 2009 жылы 2110 науқас, 2010 жылы 2153 науқас, 2011 жылы 1800 науқас, 2012 жылы 1509 науқас, 2013 жылы 1443 науқас, 2014 жылы 1443 науқас, 2015 жылы 1335 науқас, 2016 жылы 1047 науқас, 2017 жылы 1104 науқас. Осы мәліметтерге сүйенсек Қазақстан Республикасы аумағында жалпы біріншілік анықталған бруцеллезбен науқастар саны соңғы жылдары біршама азайған. Соңғы 10 жылда біріншілік анықталған бруцеллездің 100 мың науқасқа шаққанда орташа деңгейі 5,88-8,99 аралығында.
Сонымен қатар біз Оңтүстік Қазақстан облысының біріншілік анықталған бруцеллезі диагнозымен тіркелген науқастардың ДСДРО статистикалық мәліметтері талданды. Ол 2007-2017 жыл аралығындағы мәліметтерді қамтыды, абсолюттік аурушаңдық көрсеткіш бойынша 2007 жылы 811 науқас, 2008 жылы 918 науқас, 2009 жылы 683 науқас, 2010 жылы 679 науқас, 2011 жылы 463 науқас, 2012 жылы 425 науқас, 2013 жылы 436 науқас, 2014 жылы 382 науқас, 2015 жылы 279 науқас, 2016 жылы 279 науқас, 2017 жылы 287 науқас тіркелген.
Бұл мәліметтерден біздің тағы да бруцеллездің Қазастан Республикасы үшін оның ішінде оңтүстік өңірдің, әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар үшін өзекті мәселе екендігіне көзіміз жетті.
Қолданылған әдебиеттер:
- Эпидемическая опасность бруцеллеза в современных условиях. В.Ю. Охапкина (verona2205@mail.ru), Н.В. Пяткова, Д.Л. Павлов, А.А. Суслопаров Филиал ФГБУ«48 Центральный научноисследовательский институт» Минобороны России, г. Киров
- Hurtado R. Brucellosis – new and old issues regarding diagnosis and management Harvard education online, 31 октября 2001 г. Доступно на: http:///www.mgh.harvard.edu/id/images/brucellosis.pdf
- CBRNE – Brucellosis. E-Medicine Journal; 2001; 2: 10
- Статистические сборники "Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения"