Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инфекционист практикасындағы қиын науқас

Өзектілігі. Бруцеллез — Brucella бактериясымен қоздырылатын,жедел және созылмалы түрлерінде өтетін дүние жүзі бойынша жайылған зоонозды инфекциялық - аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико- бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек- буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады. Бруцеллез, аймақтағы ең жиі кездесетін зооноздардың бірі болғандықтан, Түркістан облысының прак -тикалық денсаулық сақтау басқармасының өзекті мәселелерінің бірі болып қалады. Бұл инфекцияға ау -рудың жиі созылмалы түрлерінің дамуы мен ұзақ уақыттық еңбекке жарамсыздықтың пайда болуы тән. Ал бұл өз кезегінде бруцеллез мәселесінің жоғары медико-әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Түркістан Облысының бруцеллез ауруы бойынша статистикалық мәліметтері. Түркістан облысында (100000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш) Байдібек ауданы (2016ж 51,7) Қазығұрт ауданы, (2016ж 33,08) Ордабасы ауданы (2016ж 31,96) жоғары эндемиялық аудандар ретінде саналады. Ал 2017жылы облыста бруцеллезбен аурушаңдық 10000 тұрғынға шаққанда 9,96 құрады, ал ҚР бойынша – 4,67, сонда бұл көрсеткіш жалпы респубкалық көрсеткіштен 2есе жоғары болған.

Зерттеу мақсаты: Клиникалық жағдайда кездесуі мүмкін бруцеллездің көріністерін басқа аурулармен дифференциалды диагностикасын ажырата білу.

Клиникалық жағдай: Науқас, Ғ., жасы - 22жаста. ҚЖАА-ға әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене температурасының 38-39 С көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына, аңқасының

гиперемиясына, сирек құрғақ жөтелге, физикалық жүктілік кезінде ентігуге, жүрек айнуына, бас ауруына, бас айналуына, тері қабаты мен көз склерасының сарғаюы мен зәр түсуінің өзгеруіне, денесінің бөртуіне, аяқтарының ісінуіне шағымданып қаралған. Ауырғанына 3апта болған, дене температурасының 39,0 С –қа дейін көтерілуімен жедел басталған, денесінің сырқырауы, қалтырау, бас ауру, құрғақ жөтел. 20.08.2018 – 30.08.2018ж аралығында “Созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы. Созылмалы простатит, өршу фазасы” диагнозымен Сарыағаш ауданында амбулаторлық ем алған. Жағдайы жақсармаған. Өз еркімен Парацета- мол 1таб – 3рет тәулігіне №4, анальгин 50% 2,0 + димедрол 1% 2,0 б/е №3, Азитромицин 500мг 1рет тәулігіне №2, Глюкоза 5% - 400,0 + Витамин С 5% - 6,0 №2 қабылдаған жақсару болмаған. Соңғы 3 күнде денесінде бөртпелерді байқаған. Обьективті қараған кезде жағдайы ауыр, дене t – 38 C, тері қабаты мен көз склерасы сарғыш++ , денесінің барлық жерінде ұсақ қышитын бөртпе, тыныс алуы бұзылған, аускуль- тацияда – қатқыл тыныс, сырылдар естілмейді, эпигастрий аймағы мен оң жақ қабырға аймағында ауыр-сыну, аяқтарында екі жақтан перифериялық ісінулер байқалған. Жоғарыдағы шағымдар мен обьективті қарау нәтижесі бойынша "ЖРВИ, ауыр дәрежелі. Қосалқы: Аллергиялық бөртпе" диагнозымен ЖИТБ-не жатқызылған. Науқасты ары қарай №6 бөлімшеде : динамикада гепатомегалия +0,5 +1,0см, сарғаю мен интоксикация синдромы күшеюіде; ЖҚА - де Hb -124 *10г/л дейін төмендеуі, эритроциттердің 4,0*109/л дейін төмендеуі, тромбоциттердің 178*109 /л төмендеуі, ЭТЖ-ның 15мм/сағ дейін жоғарылауы; БХА: гипопротеинемия (жалпы ақуыз - 48г/л), гипоальбуминемия (альбумин-24г/л), гипербилирубинемия (жалпы билирубин - 94,5мкмоль/л), гиперферментемия (АСТ- 2,95 ед/л, АЛТ - 3,85ед/л), гипонатрие -мия(Na+133,6). Протромбиндік уақыт - 26с↑, МНО - 1,72↑, фибриноген - 1,55↓, АЧТВ-43↑. Науқас жағ- дайының гепатомегалия +0,5 +1,0см, сарғаю мен интоксикация синдромы күшеюіне және коагуляционды гемостаз факторларының жетіспеушілігіне байланысты дәрігерлер консилиумы барысында "ЖРВИ, ауыр дәрежелі. Аллергиялық бөртпе. Токсикалық гепатит. ТІҰ синдромы. Қосалқы: Созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы. Созылмалы холецистит, өршу фазасы" диагнозы қойылып, ЖИТБ-не ауыстырылды. Та-ғайындалған ем: Диета -№5, Цеф 3 – 1,0*2рет/ тәул,т/і; Гордокс 300мың*1рет/ тәул; Дексаметазон 8мг т/і; ЖМП А(ІІ)Rh+ - 830,0мл т/і; Папаверин 2,0 * 3рет/ тәул; Фамо 40мг ішке; Дюфалак 30,0*3рет/ тәул ішке; Дезинтоксикацинды терапия; +Аллерголог, токсиколог консультациясы ұсынылған. Госпитализацияның 2-ші күні: обьективті - денесінің барлық жерінде уртикарлы бөртпе тыныс алуы бұзылған, мұрын арқылы О2-қабылдауда, аускультацияда – өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде әлсізденген қатқыл тыныс, сырылдар естілмейді, іші ұлғайған, эпигастрий және оң жақ қабырға асты сезімтал, гепатомегалия +1,0+1,5см, аяқта-рында екі жақтан балтырдың ортаңғы 3/1 бөлігіне дейін ісінулер және лабораторлы (ЖҚА - де анемия(Hb -120 *10г/л),

эритроциттердің 3,83*109/л дейін төмендеуі, тромбоциттердің 172*109 /л төмендеуі; БХА: гипопротеинемия (жалпы ақуыз - 58г/л), гипоальбуминемия (альбумин-26г/л), гипербилирубинемия (жал- пы билирубин -

118мкмоль/л), гиперферментемия (АСТ- 1,9 ед/л, АЛТ - 3,35ед/л); Коагулограммада - Протромбиндік уақыт - 21с↑, МНО - 1,37↑) және инструментарлы зерттеулер нәтижелері (Іш қуысы мүшелерінің УДЗ: бауыр мен ұйқы безі паренхимасының диффузды өзгерістері. Гепатоспленомегалия. Холецистит,панкреатит эхокөріністер. Сол жақ бүйрек көлемінің ұлғаюы. Бүйрек пен түбекше-астауша жүйесінің паренхимасында құрылымдық өзгерістер. Кеуде клеткасының R-сы: Оң жақты гидроторакс.Оң жақты плевропневмония.) бойынша клиникалық диагноз қойылды: "Иерсиниоз, аралас форма(қызба+ экзантема), ауыр дәрежелі? Асқынуы: Ауруханадан тыс оң жақты плевропневмония. Оң жақтық гидрото- ракс. ШТІҰ синдромы. Қосалқы Созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы. Созылмалы холецистит, өршу фазасы".Тағайындалған емдегі өзгерістер: 2-ші антибиотик қосылды - Ципрофлоксацин 200мг*2рет/ тәул т/і, Альбумин 20%-200,0 т/і. Госпитализацияның 3-ші күні: науқас жағдайы сарғыштық++, интоксика-ция мен тыныс жетіспеушілігіне байланысты динамикада тұрақты ауыр және лабораторлы зерттеулер нәтижелері (ЖҚА - де анемия (Hb -111*10г/л), эритроциттердің 3,66*109/л дейін төмендеуі, тромбоциттер 237*109 /л; ЭТЖ - 15мм/сағ жоғарылауы; БХА: гипопротеинемия (жалпы ақуыз - 62г/л), гипоальбуминемия (альбумин-28г/л), гипербилирубинемия (жалпы билирубин - 100мкмоль/л), гиперферментемия (АСТ- 1,3 ед/л, АЛТ - 3,2ед/л), гипонатриемия(Na+133,5); Коагулограммада - Протромбиндік уақыт - 20с↑, МНО - 1,30↑; Иерсиниоз бен псевдотуберкулезға РНГА - теріс нәтижелі) бойынша: "Сепсис, белгісіз этиологиялы. Септицемия(А41). Асқынуы: Ауруханадан тыс оң жақты плевропневмония. Оң жақтық гидроторакс. ШТІҰ синдромы. Қосалқы Созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы. Созылмалы холецистит, өршу фазасы". Тағайындалған емдегі өзгерістер: Ципрофлоксацин орнына 2-ші антибиотик қосылды - Ванкоген 1,0*2рет/ тәул т/і, Альбумин 20%-200,0 т/і, Фуросемид - 2,0 т/і, Альдарон - 2 капс. ішке. Госпитализацияның 5-ші күні: динамикада науқас жағдайы тұрақты ауыр, лабораторлы зерттеулер нәтижесіне (ЖҚА - де анемия (Hb - 111*10г/л), эритроциттердің 3,2*109/л дейін төмендеуі, тромбоциттер 216*109 /л; ЭТЖ - 15мм/сағ жоғарылауы; БХА: гипопротеинемия (жалпы ақуыз - 60г/л), гипоальбуминемия (альбумин-27г/л), гиперби-лирубинемия

(жалпы билирубин - 118мкмоль/л), гиперферментемия (АСТ- 1,35 ед/л, АЛТ - 3,1ед/л),

гипонатриемия(Na+133,5); J expert нәтижесі - теріс нәтижелі. Бруцеллез маркерлеріне ИФА - IgM - 0,282, IgA - 0,219, IgG - 0,222. Прокальцитонин - 2,3нг/мл) сүйене отырып клиникалық диагноз қойылды:

"Сепсис.Септицемия(А41).Конкур.: Созылмалы бруцеллез. Асқынуы: Ауруханадан тыс оң жақты плевропневмония. Оң жақтық гидроторакс. ШТІҰ синдромы. Қосалқы Созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы. Созылмалы холецистит, өршу фазасы". Тағайындалған емдегі өзгерістер: 3-ші антибиотик қосылды - Рифампицин 300мг*2рет/тәул ішке, ГКС: Дексаметазон 24мг/тәул т/і, Альбумин 20%-200,0 т/і,Флуканозол 100,0 т/і. Госпитализацияның 9-ші күні: обьективті - науқас жағдайы оң динамикада ауыр, тері қабаты мен шырышты қабаттары иктериялық+, құрғақ, уртикарлы бөртпе, дем алуы мұрын арқылы, аускульта- цияда қатқыл тыныс, сырылдар естілмейді, іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал, гепатомегалия +1,0+1,5см, аяқтарында екі жақтан балтырдың төменгі 3/1 бөлігіне дейін ісінулер; лабораторлы зерттеулер нәтижесі (ЖҚА-де Hb - 124*10г/л), эритроциттердің 4,05*109/л , тромбоциттер 239*109 /л; ЭТЖ - 10мм/сағ; БХА: жалпы ақуыз - 75г/л, альбумин-36г/л, шамалы гипербилирубинемия (жалпы билирубин - 60мкмоль/л), гиперферментемия (АСТ- 0,75ед/л, АЛТ - 1,8ед/л). Жүргізілген емдік-диагностикалық шаралардан кейін науқас жағдайы оң динамикалы, сол себепті науқас №6 бөлімшеге ауыстырылды. №6 бөлімшеде Госпитализацияның 11-ші күні: клинико- анамнездік және лабораторлы-инструментальды мәліметтерге сүйене отырып клиникалық диагноз негізделді - "Жедел бруцеллез, ауыр дәрежелі. Гепатит, плевропневмония, васкулит бруцеллезді этиологиялы. Тағайындалған ем: Режим І, Диета №15. Антибио- тикотерапия: Ванкоген 1,0*2рет/ тәул т/і, Доксициклин 0,1мг 1капс*2рет/тәул, Рифампицин 300мг*2рет/тәул ішке; СЕҚҚЗ - Диклоген 3,0 б/е, ГКС: Дексаметазон 8мг/тәул б/е, Альбумин 20%-200,0 т/і, Фуросемид - 2,0 т/і. Науқас жағдайы тағайындалған ем барысында қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.Науқас үй жағдайына ұсыныстар берілді.

Қорытынды: Жоғарыда келтірілген клиникалық жағдайда бруцеллез көптеген мүшелердің зақымдалулармен жүретіндіктен басқа әртүрлі жүйелік аурулар клиникасын жамылып жүретіндігі тағы бір дәлел болып отыр. Кең клиникалық полиморфизм жиі диагноздың қате қойылуына, емнің кешігуіне, көптеген асқынулардың дамуына алып келеді. Болашақта бруцеллездің осындай клиникалық көрінісі кездесуі мүмкін екенін ескере отырып, осы жағдайды қызықты деп таптым.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 1)Нурмашева А.А., Абуова Г.Н. Возможные механизмы дефектности фагоцитарной системы при хроническом бруцеллезе, «Актуальные вопросы зоонозных, особо опасных инфекций и клинической медицины в Республике Казахстан», Актобе, 2010г., -С. 82.
  2. 2)А.А.Нурмашева, Г.Н.Абуова, Ф.А.Бердалиева. Состояние сердечно-сосудистой системы по данным ЭКГ у больных с различными формами бруцеллеза. Материалы конференции «Новости научной мысли» Чехия 27.10. – 05.11.2010г., -С.44-46
  3. 3)Кузнецов А.Н. Сыздыков М.С. Дуйсенова А.К. Абуова Г.Н. Даулбаева С.Ф. Садовская В.ПКузнецов А.Н. Сыздыков М.С. Дуйсенова А.К. Абуова Г.Н. Даулбаева С.Ф. Садовская В.П Центрально-Азиатский научнопрактический журнал по общественному здравоохранению. – 2012. – Т.10, №4. – С. 9-16.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.