Бруцеллез ауруына орталық және шеткері жүйке жүйесінің зақымдануы тән. 1936 жылы В.А.Штаркер жүйке жүйесінің зақымдануын сипаттау үшін, «нейробруцеллез» терминін ұсынды. Соңғы 20 жылдағы сарып ауруы жайлы Ресей зерттеушілерінің әдебиеттеріне сүйене отырсақ, нейробруцеллез жайлы ақпарат аз кездеседі. Бірақ, басқа да авторлардың жіктеулерінде нейробруцеллез барлық бруцеллездің 3-5 % жағдайында кездеседі, 510 % бруцеллездің барлық көрінісінде[1].
Сарып ауруына жүйке жүйесінің зақымдануы тән, бірақ көбіне патологиялық үрдіске шеткері жүйке жүйесі ұшырайды. Нейробруцеллез – ағзаның сарып ауруымен зақымдануының көрінісі. Сарып ауруында жалпы жүйке жүйесінің клиникалық көрінісі 25% дан 90%-ға дейінгі жиілікте және мынадай синдромдармен көрінеді: менингит, энцефалит, энцефаломиелит, эпилепсия, миелит, радикулит, моно- и полирадикулоневрит, транзиторлы ишемиялық шабуыл, инфаркт, субарахноидалдық қан құйылу. Жүйке жүйесінің ауыр түрде зақымдалуы 2-8% жағдайда кездеседі [2,3].
Бруцеллезбен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы өте сирек кездесетіндіктен 2017 жылдың қыс айларында ШҚЖАА 3-ші бөлімшесінде емделген науқас жасөспірімнің ауру тарихын мысал ретінде келтірдім.
Науқас Ж 2013 жылы туылған бала 2017 жылдың желтоқсан айының соңында Шымкент қаласындағы Жұқпалы аурулар ауруханасына: Жедел бруцеллез, ауыр ағымды. Бруцеллездік менингит диагнозымен жатқызылды.
Анамнезінен: Науқас бала ОҚО Бәйдібек ауданында ауылды жерде тұрады, мал шаруашылығымен ата- анасы айналысады, ірі және ұсақ малдары бар. Науқас ауырғанына 7-8 күн болған. Ауру айқын интоксикация белгілерімен және жалпы милық симптомдармен көрінген, дене қызуы 38,0 С қа дейін көтерілген, бас ауруы қатты пульсациялаумен, әлсіздікке, қайталамалы 7-8 реттік құсуға, көңіл айнуына шағымданды. Үйінде ем қабылдамаған. ЖМЖ ауруханаға жеткізілген. Түскен кезде қарағанда: Жалпы жағдайы улану және милық симптомдарға байланысты ауыр. Есі анық. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі колденең 2 саусақ болған. Тері жамылғысы таза. Окпесінде сырыл жоқ. Жүрек ырғағы қалыпты. Жағдайының ауырлығына байланысты: ЭВИ, герпангина, ауыр ағымды. Менингит диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Екі күн өткен соң бөлімшеге ауыстырылды. Бөлімшеде науқас қанында Райта реакциясы 1/400, Хедльсон реакциясы оң нәтижелі болды. Бруцеллез диагнозы қойылды. Басқа да жұқпалы аурулармен салыстырылып, дәрігерлер консилиумы арқылы осы диагнозға тоқталды. Аурудың алғашқы күнінде зертханалық зерттеулерде: ҚЖА-лейкоцит 12,9х10/9л жоғарылаған, НЖА өзгеріссіз, жұлын миы сұйықтығында: цитоз 384х109г/л, Панди-теріс, ақуыз-0,66г/л, с/я-25%, л-72%. ИФА бруцеллезге IgM-теріс, IgA-оң, IgG-оң. Ауруханада науқасты емдеуде доксициклин, гентамицин, стрептомицин рифампицин антибиотиктері, глюкоза, витаминдер, пентоксифиллин, панкрим дәрмектері қолданылды. Жүргізілген ем нәтижесінде науқастың жағдайы біршама дұрысталды, жалпы милық симптомдар жойылды, температура дұрысталды.
Әдебиеттер:
- Тихонова Е. П., Сергеева И.В. КЛИНИЧЕСКИЕ ПРОЯВЛЕНИЯ НЕЙРОБРУЦЕЛЛЕЗА // Современные проблемы науки и образования. 2013. № 4.;
- Завалишин И.А., Спирина Н.Н, Бойко А.Н. - Хронические нейроинфекции. Издательство ГЭОТАР- МЕДИА, 2010г., стр.315.
- Курманова К.Б., Дуйсенова А.К.- Бруцеллез. Клинические аспекты. Алма-Ата, 2002г.