Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жүктілердегі ботулизмның клиникалық ерекшеліктері

Ботулизм – берілу жолы фекальды-оральды механизммен жүзеге асатын, қоздырғыш токсинімен уытталған тағамды қолданғанда дамитын, жүйке жүйесінің зақымдалуымен жүретін, сапрозооноздар тобына жататын жедел инфекциялық ауру[1]. Оттегісіз ортада ботулизм клостридиялары ботулотоксин бөле бастайды. Ботулотоксин әлемдегі ең улы удың бірі болып саналады. Оның улылығы ең улы жыланның уынан 375000 есе күшті екені белгілі. Өзектілігі: Ботулизмнің клиникалық және эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары өлім- жетімділігімен 15-20% және тағам өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының өсуімен анықталады.

Барлық елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен байланысты. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек жыл сайын әлемде ботулизммен байланысты 10000-ға жуық оқиға тіркеледі. Ал елімізде 2014 жылы ботулизмге байланысты 49 оқиға тіркеліп, оның 5 лабораторлы дәлелденген. Алматы қаласында – 2; Алматы, Жамбыл облысында – 1; Астана қаласында – 1; Қаза

тапқандардың саны-1; 2015 жылы ботулизмге байланысты 65 оқиға тіркеліп, 7 жағдай лабораторлы дәлелденген. Облыстармен айтатын болсақ Жамбыл облысында-4; Түркістан облысында-3; Қаза тапқандардың саны-2. Ал 2016 жылы 26 оқиға тіркеліп, Түркістан облысында 1 жағдай лабораторлы дәлелденген қаза болғандардың саны-2.

Зерттеу мақсаты: Жүктілердегі ботулизм клиникасының өту ерекшелігі.

Клиникалық жағдай: 08.10.2018 жылы Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының интенсивті

терапия бөлімшесіне «Тағамдық ботулизм, ауыр дәрежесі. Қосалқы: 4 жүктілік 7 апта» диагнозымен науқас жеткізілді. 03.10.2018 жылы науқаста консервіленген салатты жегеннен кейін 3 сағаттан соң жүрек айну, эпигастрий аймағының ауырсынуы, 1 рет сұйық нәжіс, 3 рет құсу мазалаған. 05.10.2018 жылы науқастың жағдайы нашарлап көз алдының екі еселенуі, жүрген кезде теңселу, жұтынудың бұзылысы, дем алысы қиындай бастаған. 06.10.2018 жылы жыныс жолдарынан қанды патологиялық бөлінділер пайда болып, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына байланысты аудандық орталық ауруханаға қаралған. Аудандық ауруханада терапевт және гинекологпен қаралып: «4 жүктілік 7 аптасы, жүктіліктің үзілу қаупі» диагнозымен гинекология бөлімшесіне жатқызылған. 07.10.2018 жылы таңда науқастың жағдайының нашарлауына байланысты аудандық аурухананың интенсивті терапия бөлімшесіне ауыстырылған. 07.10.2018 жылы сағат 13:00 санавициямен Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер кеңесінен соң Тағамдық ботулизм, ауыр дәрежесі. Қосалқы: 4 жүктілік 7 апта» диагнозы қойылған. Аудандық орталық ауруханада ботулизмге қарсы сарысудың А, В, С типтерінің 1 дозасы салынған. Науқас жедел медициналық жәрдем бригадасымен Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тасымалданды. Үй жағдайында өздгінен ем жүргізілмеген. Акушерлік анамнез: 1 және 2 жүктілік мерзімінен бұрын босанумен, 3 ші жүктілік түсікпен аяқталған. Түскен кезде жағдайы интоксикация және неврологиялық симптомдарға (офтальмалоплегиялық және бульбарлы) байланысты өте ауыр. Есі анық, қоршаған ортаға бағдарланған, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді, бірақ сөзі түсініксіз. Қарау барысында науқаста екі жақты птоз, көз алдының екі еселенуі байқалады. Дисфагия, тамақтануы назогастральды зонд арқылы. Даусы қарлыққан, сөздері түсініксіз. Тері жамылғылары құрғақ, бозарған, денесінде бөртпелер жоқ. Менингеальды белгілер теріс. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынбайды. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған. Диурез урокатетер арқылы. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ.

Науқаста 07.10-06.11.2018ж күндер аралығында тиімді жүргізілген ем шараның арқасында науқас жағдайының жақсаруымен ауруханадан үйіне шығарылды.

Лабораторлық көрсеткіштер: Жалпы қан анализіНв – 132г/л, Эр - 4,4 х1012/л, Тр- 213х109/л, Лейк – 8,8 х10/9л, Hct- 37,3%, СОЭ – 15, Биохимиялық анализ: общ. белок - 68г/л, жалпы билирубин- 16,5-4,5-12,7 мкмоль/л, Мочевина– 3,3 ммоль/л, креатинин– 68 мкмоль/л, глюкоза – 3,1ммоль/л, Алт - 0,7 ЕД/л, Аст- 0,35 ЕД/л Коагулограмма: ПТВ-20, ПТО- 1,25, МНО –1,30, АЧТВ – 29

Клиникалық диагноз: Тағамдық ботулизм, дәлелденген жағдай, ауыр дәрежесі. Қосалқы: 4 жүктілік 7 аптасы.

Жүргізілген ем шарала: Ботулизмге қарсы сарысудың А, В, С типтерінің 1 дозасы, Режим 1, Диета 4, Глюкоза 5%-400+КСL 4%-30 көктамырға тамшылатып, NaCL 0,9%-400,0 көктамырға тамшылатып, Трисоль-400,0 көктамырға тамшылатып, Цеф 3 1 х 2 рет күніне көктамырға, фраксипарин 0,4 тері астына, Витамин В1, В6- 2,0бұлшықетке, Вит С 5%-10,0 көктамырға тамшылатып, Реамберин-400,0 көктамырға тамшылатып, Зитмак 500-1к х 1 рет зонд арқылы, Левомицетин 500 мг х 3 рет күніне ішке, Рибоксин-10,0 көктамырға тамшылатып, Фамотидин 40 мг зонд арқылы, тазалау клизмасы.

Қорытынды: Қорыта айтқанда ботулизмге уақытылы дұрыс диагноз қойылмаса және толыққанды емдеу жүйесі болмаса өлімге соқтыруы анық. Науқасқа ауруханадан шыққан соң ұзақ реабилитациялық іс-шаралар жүргізу керек. Сонымен қатар науқас емхана деңгейінде инфекционістің, терапевтің және невропатологтың бақылауында болуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 1. Абуова Г.Н., Культаев Р.У., Абуов М.К., Ходжабеков Б.К., Ризаметов И.Х. Пищевой ботулизм в Южном- Казахстане. Журнал Инфектологии. Том 6 №1, 2014. Стр.26
  2. 2. Абуова Г.Н. Ботулизм, диагностика и специфическая терапия. Научно-практическая конференция Республиканский обучающий семинар «Острые кишечные инфекции (у детей и взрослых), Современные подходы диагностики и лечения», Караганда, 2015г. Стр.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.