Өзектілігі. Бруцеллез - көптеген клиникалық белгілері бар маңызды мультисистемалық ауру болып табылады. Бруцеллез кең таралған инфекция. Барлық елдерде кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы дамыған аймақтарда. Қазақстан республикасы үшін бұл инфекция өлкелік патология деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады, әсіресе оңтүстік аймақтарда ауру кең таралған. Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлануына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп жатыр. Жедел бруцеллез 40-60% жағдайда созылмалы бруцеллезге ауысады да, 2,7-37% дейінге адамдардың енбекке қабілетін төмендетіп мүгедектік жағдайға әкелу қаупін туғызады. https://rel.kz/brutsellez-auruy-turaly-m-limet/ Зоонозды инфекцияның алдын алу мәселелерінің бүгінгі күні өзектілігі сақталуда. Бұл өте күрделі әлеуметтік мәселе.
Бұдан әрі көптеген ілеспелі патология аясында өтетін екіншілік бруцеллез клиникалық жағдайы келтірілген.
Науқас А. 71 жаста. Түскен кездегі шағымы: басының ауруы, бас айналуы, ірі буындарындағы ауырсыну және ұйып қалуы, екі қолының қозғалысының шектелуі, заттарды ұстай алмауы, сезімталдылығының төмендеуі, әлсіздік, тершеңдік, тәбетінің төмендеуі.
Науқас 2013жылдан бастап ауыра бастаған. Соңғы 4-3 жылдан бері жоғарыда айтылған шағымдар мазалай бастаған: ірі буындарындағы ауырсыну және ұйып қалуы, екі қолының қозғалысының шектелуі, заттарды ұстай алмауы, сезімталдығының төмендеуі, әлсіздік, тершеңдік, тәбетінің төмендеуі. Неврологтың қарамағында амбулаторлы ем қабылдаған, диагноз: Цервикальды миелопатия. Терең жоғарғы парапарез. Пентоксифиллин 5,0мг + NaCl 200,0мл т/і №5, галидор 2,0мг + NaCl 0,9% 200,0мл №5, пиродоксин гидрохлорид 2,0мг №10 ем қабылдаған, нәтиже болмаған. Аймақтық дәрігерге қаралған: МРТ: дискте грыжа С4-С5,С5-С6. Екіншілік тарылған жұлын-милық канал С2-С3, С3-С4, С4-С5, С5-С6. Анализдері: рр-Хеддельсон – оң нәтижелі, рр-Райт теріс, ИФА бруцеллезге IgM – теріс, IgA – оң, IgG – оң. Жоғарыда айтылған шағымдарының күшеюіне байланысты Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализацияланды.
Өмір анамнезінен науқас Қант диабеті ІІ тип бойынша «Д» тіркеуде тұрады, созылмалы гастрит, созылмалы панкреатитпен ауырған. Эпидемиологиялық анамнез: отбасында өзі ғана ауырады, ет, сүт тағамдарын базардан алып қолданады. 2013 жылы жедел бруцеллезді басынан өткерген.
Түскен кездегі жағдайы ауыр ағымда, неврологиялық синдромға байланысты. Есі анық. Науқас уақытқа және кеңістікке бағдарланған. Тері жамылғысы және шырышты қабаттары физиологиялық түсте, бөртпелер жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынусыз. Өкпесінде перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. Артериальды қан қысымы 120/80 сынап бағанасы бойынша, PS – 80 минутына. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағы ауырсынады. Үлкен дәреті қоймалжын. Бауыры қабырға доғасының бойымен, жиегі тегіс. Көкбауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Іштің тітіркену симптомы жоқ. Ұрғылау симптомы екі жақты теріс. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Жергілікті статус: ірі буындарындағы ауырсыну және ұйып қалуы, екі қолының қозғалысының шектелуі, заттарды ұстай алмауы, сезімталдығының төмендеуі.
Жоғарыда айтылған мәліметтер бойынша клиникалық диагноз қойылды: Екіншілік созылмалы бруцеллез, декомпенсация сатысы. Нейробруцеллез, миелополирадикулонейропатия. Полиартралгия. Қосылқы диагноз: Қант диабеті, IІ тип. Созылмалы гастрит, өршу сатысы.
Ем жүргізілді: доксициклин 0,1к х 2 рет күніне №18, рифампицин 0,3 х 2 рет күніне №18, СЕҚҚ: кетотоп 2,0 б/е №10, ксефокам 8мг б/е №5, пиридоксин гидрохлорид 2,0мг №10 және массаж буындарға. Жүргізілген ем бойынша науқаста ірі буындарындағы ауырсынулардың біртіндеп басылуы, қолдарындағы сезімталдықтың оянуы және де қимыл қозғалыстарының пайда болуымен динамикада жағдайы жақсарып ауруханадан шығарылып, амбулаторлы ем қабылдауда.
Қорытынды. Көрсетілген клиникалық жағдай неврологиялық симптомдар арқылы жамылған екіншілік бруцеллез асқынысын көрсетеді. Екіншілік бруцеллезбен ауыратын науқастарды емдеу жергілікті көріністердің сипатын, ауру ағымының ауырлығын және ілеспелі патологияның болуын ескере отырып кешенді, сараланған түрде жүргізілуі тиіс. Бұл клиникалық жағдай жұлын-ми жүйке жүйесі зақымдалуымен екіншілік созылмалы бруцеллездің ауыр неврологиялық көріністерін, оның дифференциалды диагнозы мен емінің қиындықтарын көрсетеді.
Әдебиеттер
- .Абуова Г.Н.,Батырханова С.Т., Полукчи Т.В. Состояние заболеваемости бруцеллезом в Южно-Казахстанской области. Материалы VIII Ежегодного Всероссийского Конгресса по инфекционным болезням с международным участием Москва, 2016г. Стр.29-30
- .к.м.н., профессор Абуова Г.Н. Клинико-эпидемиологические, прогностические особенности бруцеллеза у подростков в Южно-Казахстанской области. Международная научно-практическая конференция «Диагностика и лечение глазных проявлений инфекционных и системных заболеваний», Уфа, 2018г. Стр.3-10
- .Курманова Г.М., Баратова Г.М., Акешова Н.А., Мамутова А.Е., Молдалиев И.С., Бабаева К.С. Клиническая характеристика хронического бруцеллеза с тяжелыми полиочаговыми проявлениями // Вестник - 2016 - №3. - Стр. 36-37