Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда медицинаның қарқынды дамуына қарамастан жүрек аурулары өлім жітім бойынша алдыңғы қатарда тұр және де бұрыңғы кезде көбіне егде және қарт адамдарда кездессе, қазіргі уақытта жас адамдарда да көп жағдайда кездесіп жатыр. Яғни жүрек ауруларының асқынысы болып отырған жүрек жеткіліксіздігіне бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі қосылып, аурудың ақырын қолайсыз етуде.
Зерттеудің мақсаты: Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың бүйрек қызметін бағалау
Материалдар мен зерттеу әдістері:
Зерттеуге Қарағанды қаласының №1 калалық ауруханасының кардиологиябөлімшесінен21(38-91жас аралығын-дағы 8 ер, 13 айел) науқастың ауру тарихына когортты-ретроспективті зерттеу жүргізілді .
Зерттеу әдістері:
- клиникалық
- лабораториялық (шумақтың сүзілу жылдамдығы, креатинин, несепнәр)
Қорытынды: Жүргізілген зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе жынысына байланысты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі бүйректің функционалдық қызыметінің бұзылысы әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда 56 %-ға жиі кездеседі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің 2-4 ФК қарағанда 3 ФК-да шумақтың сүзілу жылдамдығы көбірек төмендейді (16,6-16,7-66,7 %). Жас ерекшелігіне байланысты 70-79 жас
аралығындағы науқастарда жүректің созылмалы жеткіліксіздігіне бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің қосарлануы жиірек кездеседі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауратын науқастарда бүйрек қызметінің бұзылысы 38,8 % жағдайында кездеседі.
Ұсыныс: Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды бүйрек ауруларына міндетті скринингті зерттеу тәсілін енгізу.
Список литературы:
- Досмагамбетова Р.С. Нефрология модуль = [Текст] : учебник / И. В. Бачева [и др.] ; ред. серии: Р. С. Досмагамбетова, под ред: Л. Г. Тургуновой, Е. М. Ларюшиной ; ҚММУ. - М. : Литтерра, 2016. - 264 б. - ISBN 978-5-4235-0218-8 (в пер.) : 12544.00 Тг, 4000.00 Тг
- Досмагамбетова Р.С. Внутренние болезни: Модуль Кардиология = [Текст] : учебник / Л. К. Бадина [и др.] ; ред.: Р. С. Досмагамбетова, Л. Г. Тургунова, Е. М. Ларюшина. - М. : Литтерра, 2016. - 256 б : сур. - ISBN 978-5-4235-0226-3 (в пер.) : 12544.00 Тг
- Тусупбекова,К.Т. Хроническая почечная недостаточность (клиника, диагностика и лечение) [Текст] : учебно-методическое пособие / К. Т. Тусупбекова. - 2-е изд., доп. - Караганда : [б. и.], 2012. - 40 с. - б/ц
- БеленковЮ.Н. Хроническая сердечная недостаточность [Текст] : избранные лекции по кардиологии / Ю. Н. Беленков, В. Ю. Мареев, Ф. Т. Агеев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2006. - 432 с. : ил. - ISBN 5-9704-0119-6 (в пер.) : 5800.00 Тг