Кіріспе. Заманауи медицинаның дамуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне қарамастан релапаротомия мәселесінің өзектілігі жоғары болып қалуда, әсіресе шұғыл хирургияда.[1.2] Құрсақ қуысына жасалатын жалпы хирургиялық араласулар арасында релапаротомияның кездесу жиілігі 0,5-7% аралығында кездеседі. Релапаротомиядан кейінгі өлім көрсеткішінің деңгейі әлі күнге дейін жоғары болып қалуда және 23,6 - 71,2% арасында ауытқиды.[3,4]
Зерттеу мақсаты. релапаротомияларға сараптама жүргізу нәтижесінде олардың себептерін анықтап алдын алу жолдарын нұсқау.
Материал және әдістер. Біз 2 жыл ішінде жасалған 19 релапаротомияға жанжақты сараптама жүргіздік. Жедел түрде жасалған барлық операциялардың ішіндегі жиілігі 0,82% тең болды. Релапаротомия жасау мерзімі: 3 науқаста 1 тәуліктен кейін, 9 науқаста – 3 тәуліктен соң, 7 науқаста – 4 тәуліктен соң. Ауруханаға жедел абдоминальді патологиямен 15 (78,9%) науқас жатқызылып, операция жасалды, ал 4 (21,1%) іш қуысы ағзаларының жарақатымен келіп түсті.
Зерттеу нәтижелері. Ұсынылған бақылауларды негізге алып, релапаротомиялар талаптарға сәйкес 16(84,2%), «бағдарлама бойынша» 3(15,8%) орындалды. 6(31,6%) жағдайда анастомоздың және ойық жараның тігілген жерінің ыдырап кетуінің орын алғаны анықталды. 6 (31,6%) науқаста қайта операция жасаудың себебі – жаңа аурудың пайда болуы ( 3 науқаста ішектің жіті пайда болған ойық жарасы тесілген, 3 науқаста – ерте дамыған ішек жабыспасы салдарынан ішегі түйілген). 3(15,8 %) жағдайда негізгі патологияның үдеуі байқалған (шажырқай қан тамырларының тромбозы). Ал 2 (10,5%) жағдайда тактикалық қателік жіберіліп, бірінші жасалған операцияның көлемі дұрыс анықталмаған, 1(5,3) науқаста іш қуысындағы асқынусыз ішек эвентерациясы анықталған және 1 (5,3%) науқаста гипердиагностика салдарынан релапаротомия негізсіз жасалған. 3 (15,8%) өліммен аяқталды, 16 (84,2%) сауығып, оның ішінде 1 жағдайда өздігімен жабылған ащы ішек жыланкөзі қалыптасты. Операциядан кейін дамитын перитонитті клиникалық анықтау әрқашан едәуір қиындықтар тудырады. Осыған байланысты клиникалық тәжірибеде перитониты бар науқастардың жағдайының ауырлығын бағалау үшін болжам интегралды межелерді қолдану қажеттігі туындайды. Біз өз тәжірибемізде J.F. Pusajo бастаған аргентиналық хирургтар ұсынған релапаротомияның болжам индексін (РБИ) қолдандық. Сараптап отырған 19 релапаротомия жағдайында РБИ төмендегідей болды: 11 (57,9%) науқаста 10 баллға дейін, 3 (15,8%) науқаста - 11-12 балл, 1 (5,3%) науқаста - 13-14 балл және 1 (5,3%) науқаста - 15 баллдан астам. Релапаротомияның болжам индексіне (РБИ) сәйкес қайта операция жасау жиілігі: < 10балл - 8,7%, 11- 12балл- 40%, 13-14балл - 90%, > 15балл-100%. Алынған мәліметтерге сәйкес, РБИ 10 баллға дейін болған 11 науқаста релапаротомия жиілігі басынан бастап ең төмен деңгейде болуы тиіс. Бірақ, біздің мәліметтерге сәйкес, бұл науқастарға қайта операция жасаудың себептері - жіберілген техникалық және тактикалық кемшіліктер мен іш қуысы ағзаларының қайтадан дамыған жедел патологиясы (жіті дамыған ойық жаралардан қан кету, ішектің түйілуі).
Қорытынды. Сонымен, операциядан кейін ерте дамитын асқынулардың алдын алу, дұрыс таңдалған ем тактикасы, операция көлемі және операцияны мұқият жасау операциядан кейін ерте дамитын асқынулардың қаупін едәуір төмендетеді. Асқыну дамыған жағдайларда оларды уақытылы анықтап, уақытылы релапаротомия жасау ғана емнің сәтті аяқталуына әкеледі. Қиындық тудырған клиникалық жағдайларда және күмәнді жағдайларда релапаротомияны кейінге қалдырмай, бірден жасаған абзал. Клиникалық тәжірибеде перитониты бар науқастарда РБИ кеңінен қолданған жөн. Бұл хирургқа релапаротомия жасау мүмкіндігін болжауға септігін тигізіп қана қоймай, бірінші операция кезіндегі баллдарды есептей отырып, басынан РБИ жоғары науқастарда бағдарламалы лапаросанация жасау қажеттігіне де нұсқайды.
Әдебиеттер
- Алиев С.А. Психологические, морально-этические и деонтологические аспекты релапаротомии. Хирургия.-1998.- № 5-С. 50-53.
- Ахунджанов Б.А., Девятов В.Я., Ким И.П. и др. Ранняя релапаротомия. Хирургия 1981; 9: 94-97.
- Батян Н.П. Клинические вопросы релапаротомии. Минск: Высшая школа 1982; 124.
- Савельев В.С., Гельфанд Б.Р., Филимонова М.И. Перитонит. М.: Литтера, 2006.-208 с