Түйін: Бұл мақалада батпақты ақшайыр шөбінен 1:1 қатынасында сұйық экстракт алу технологиясы және оның сапасына бақылау жүргізу баяндалады. Батпақты ақшайыр шөбінен сығынды алу үшін экстрагент ретінде 70 % этил спирті және перколяция әдісі қолданылды. Алынған сұйық экстрактының сапасын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілді: сипаттамасы, салыстырмалы тығыздық, этанол мөлшері, құрғақ қалдық.
Түйін сөздер: батпақты ақшайыр шөбі, сұйық экстракт, перколяция, сапасын бағалау.
Зерттеу мақсаты: ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттар фарминдустрияның біршама бөлігін алады. Қазақстанның фармацевтикалық нарығында дәрілік шөптер мен жинақтардың үлесі небәрі 1-1,5 %-ды құрайды [1].
Қазақстанның табиғаты дәрілік өсімдіктерге бай, бірақ олардың қасиеттері толық зерттелмеген. Заманауи медицина табиғи шикізаттардан дайындалған препараттарға қайта назар аударуда. Синтетикалық дәрілермен салыстырғанда дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттардың жанама әсерлері төмен болып саналады. Сондықтан, емдік қасиеті бар өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттарды зерттеу қазіргі фармация саласының негізгі бағыты болып саналады.
Қазақстан аумағында кездесетін, халық медицинасында кеңінен қолданылатын дәрілік өсімдіктердің бірі – батпақты ақшайыр шөбі. Ол қан тамырларын кеңітетін, гипотензивті, бактерияға қарсы және жараны жазатын әсер көрсетеді. Шикізат құрамында флавоноид, дубильді заттар, фенолкарбон қышқылы, каротиноид сияқты биологиялық белсенді заттар кездеседі [2].
Медицинаға отандық препараттарды (өсімдік текті) енгізу халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау саласындағы түрлі мәселелерді шешуді және еліміздің әл-ауқатын арттыруды дамытады.
ҚР фармацевтикалық өндірісіне отандық өсімдік шикізатынан алынатын фитопрепараттар қажеттілігін есепке ала отырып, батпақты ақшайыр өсімдік шикізатынан алынатын биологиялық белсенді затты зерттеу өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсаты – батпақты ақшайыр шөбінен (1:1) қатынасында сұйық экстракт алу технологиясын жасау және талаптарға сай сапасын бағалау.
Материалдар мен әдістер: Батпақты ақшайыр шөбінен сұйық экстракт алу перколяция әдісімен жүргізілді. Перколяция әдісі үш кезеңнен тұрады: шикізатты жібіту (шикізаттың ісінуі), тұндыру, перколяция. Перколяция әдісінің артықшылықтары: ДӨШ-нан көп мөлшерде ББЗ-ды бөліп алуды қамтамасыз етеді, жылдам әрі ыңғайлы, күрделі құрылғыны қажет етпейді. Перколяция әдісі сұйық экстрактқа тән (1:1) қатынасында сығынды алуға мүмкіндік береді [3].
Экстрагент ретінде 70 %-дық этил спирті қолданылды [4]. Перколяция әдісімен сұйық сығынды
жиналып алынды. Алынған сығындыны тазалау үшін 3 тәулік температурада тұндыруға қоямыз
және фильтрлейміз.
Алынған батпақты ақшайыр сұйық экстрактысының сапасын бағалау ҚР МФ-ның талаптарына сай келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілді: сипаттамасы (органолептикалық бақылау), салыстырмалы тығыздық (ҚР МФ І, 1 т. 2.2.5), этанол мөлшері (ҚР МФ І, 1 т. 2.9.10), құрғақ қалдық (ҚР МФ І, 1 т. 554 б.) [5].
Нәтижелер мен талқылаулар. Батпақты ақшайыр сұйық экстрактысының сапасын бағалау нәтижелері 1-3 кестелерде көрсетілген. Алынған экстракттың сипаттамасын анықтау үшін органолептикалық бақылау жүргізілді. Батпақты ақшайыр экстрактысы қара-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық, салыстырмалы тығыздығы 0,9177 г/см3 құрады. Сұйық экстракттағы этанол мөлшері 65,4 %-ды құрады.
Кесте 1 – Батпақты ақшайыр сұйық экстрактысының салыстырмалы тығыздығын анықтау
Бос пикнометр массасы (m), г |
Суы бар пикнометр массасы (m₁), г |
Сыналатын сұйық экстракт бар пикнометр массасы (m₂), г |
Сұйық экстракт тығыздығы, г/смі |
17,52 |
45,23 |
42,95 |
0,9177 |
Кесте 2 – Батпақты ақшайыр сұйық экстрактысындағы этанол мөлшерін анықтау
, () |
Дистилляттың ауадағы салыстырмалы тығыздығы, , |
Дистилляттағы этанол мөлшері процентпен көлем/көлем - тағы |
Сұйық экстрактыдағы этанол мөлшері процентпен көлем/көлем -тағы |
977,44 |
0,9765 |
16,35 |
65,4 |
Кесте 3 – Батпақты ақшайыр сұйық экстрактысындағы құрғақ қалдықты анықтау
Бос ыдыс массасы ( ), г |
Сұйық экстрактысы бар ыдыс массасы (), г |
Сұйық экстракт массасы ( ), г |
Кептіргеннен кейін |
Массалық пайыз, % |
|
Құрғақ қалдық бар ыдыс массасы ( ), г |
Құрғақ қалдық массасы ( ), г |
||||
33,52 |
39,14 |
5,62 |
33,76 |
0,24 |
4,27 |
Cұйық экстракттағы құрғақ қалдықты анықтау нәтижелері кесте 3 көрсетілген. Батпақты ақшайыр сұйық экстрактысындағы құрғақ қалдық 4,27 % -ды құрады.
Қорытынды. Батпақты ақшайыр шөбінен (1:1) қатынасында перколяция әдісімен сұйық экстракт алу технологиясы жасалды. Батпақты ақшайыр сұйық экстрактысының сапа көрсеткіштері зерттелді:сипаттамасы, салыстырмалы тығыздығы, этанол мөлшері және құрғақ қалдық.
Батпақты ақшайыр сұйық экстракты қара-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық, салыстырмалы тығыздығы 0,9177 г/см3. -тағы этанол мөлшері процентпен (көлем/көлем) 65,4 %. Батпақты ақшайыр сұйық экстрактысындағы құрғақ қалдық 4,27 % -ды құрады.
Әдебиеттер
- . Казахстанская правда //www.kazpravda.kz.URL:http://www.kazpravda.kz /fresh/ view/ nauka-na-sluzhbe- zdorovya/?print=yes
- Фармакогнозия: оқулық / Б.Қ. Махатов [және т.б.]. – Алматы: ЖШС «Эверо», 2012. – 492 б.
- Химия и технология фитопрепаратов: учебное пособие для вузов / Под ред. С.А. Минина, И.Е. Каухова. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 560 с.
- Николашкин, А.Н. Изучение некоторых факторов на экстракцию биологически активных веществ из травы сушеницы топяной /А.Н. Николашкин // Материалы научн. - практ. конф. молодых исследователей, посвященной 60 - летию Рязанского государственного медицинского университета имени академика И.П. Павлова . - Рязань: РязГМУ, 2004. - C. 93-95.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясы.Т.1–Алматы:«Жібек жолы» баспа үйі, 2008.–592 бет.