Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тікенді сарысояу өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы, қолданылуы (шолу)

Түйіндеме

Мақалада берілген әдебиеттердің талдауы бойынша астерлер тұқымдасына жататын тікенді сарысояу өсімдігінің халық және ғылыми медицинада қолданылуы және жаңа дәрілік препараттар алуға негізделген.

Кілт сөздер: Астерлер тұқымдасы, дәрілік өсімдік шикізаты, тікенді сарысояу, биология-лық белсенді заттар.

Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60пайыздан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілік заттар өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Шикізат ресурстарын тиімді және кешенді пайдалану қажеттілігінің өсуін ескере отырып, медиицнада тек аз мөлшерде қолданылатын дәрілік өсімдіктер назарға ие болады. Мұндай өсімдіктерге астерлер тұқымдасына жататын тікенді сарысояу жатады. Қазіргі таңда толығымен зерттелмегендіктен оны фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеу маңызды [1].

Оңтүстік Қазақстанның өсімдік ресурстарын фармацевтика және медицина саласында оңтайлы дамыту үшін көптеген дәрілік өсімдік түрлері зерттелген. Сондықтан тікенді сарысояу өсімдігін толығымен зерттеу, одан биологиялық белсенді заттарды бөліп алу, олардың негізінде жаңа дәрілік препараттарды жасау өзекті болып табылады және фармацевтикалық ғылымның заманауи міндеттеріне сәйкес келеді [2].

Ботаникалық сипаттамасыСарясояу туысы бүкіл әлемде 25 түрі кездеседі. Жабайы түрде Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияның оңтүстік өңірлерінде (Оңтүстік Сібір), Ресей (Қырым), Кавказда, Орталық Азияда өседі. Африкада, Австралияда, Океания мен Оңтүстік Америкада кең таралған.

Ол өзендер мен аралдардың бойындағы ылғалды құмды топырақта, қоршаулар, жолдар, қоқыс орындарында, қоқыс орындарында, мақта дақылдары мен басқа да дақылдар бойында өседі.

Қазақстанда барлық аймақтарда жолдың жиегінде, қоныстар маңында, ашық жерлерде және егістіктерде өсетін екі түрі: кәдімгі сарысояу (X. strumarіum) және тікенді сарысояу (X. spіnosum) кездеседі [2]. Соның ішінде Қазақстан бойынша Жоңғар алатауы, Қаратау, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Тобыл – Есіл жағалауларында кең көлемде таралған. Соның ішінде Түркістан облысында Бәйдібек, Созақ, Түлкібас аудандарында және Түркістан қаласында өседі [3].

Медициналық мақсатта дәрілік сарысояудың, кәдімгі сарысояудың, тікенді сарысояудың шөптерін дайындайды [3].Сарысояу (лат. xanthium) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жиі кездесетіні — кәдімгі сарысояу. Оның биіктігі 20 — 100 см. Сабағы тік өседі, көп бұтақты, тікенді. Көбіне жергілікті жерде сарысояуды ошаған деп те атайды. Жапырақтары жүрек тәрізді, үш қалақты, жиегі ара тісті тілімденген. Түтікше гүлдері дара жынысты себет гүлшоғырына жиналған. Аталық себеті көп гүлді, шар тәрізді, аналық гүл себеті екі гүлден құралады. Екі гүл себеті де бір өсімдікте дамиды. Шілде — тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — жасыл сұр түсті (ұзындығы 12 — 18, ені 5 — 10 мм) сопақ дән [4].

Шикізатты дайындау. Сарысояу маусым-шілде айларында гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде өсімдіктің барлық бөлігін пайдаланады. Жемісі піскен кезде жинайды. Тамырын күз мезгілінде қазып алады. Сондай-ақ тұқымдарын да қолданады. Ол кыркүйек айында пісіп жетіледі. Жинап болған сон арнайы көлеңкеде кептіреді [4].

Химиялық құрамы. Сарысояу өсімдігінің химиялық құрамы толық көлемде зерттелінбеген. Бірақ әдебиеттік шолуларға сәйкес барлық зерттеуші йодтың мөлшерінің көп екендігін атап өткен. Сонымен қатар алкалоидтар, флавоноидтар және басқа да биологиялық белсенді заттар табылған. Сарысояудың дәндерінде техникалық мақсатта және тағам түрлеріне пайдаланатын майлы майлардың мөлшері көп. Сарысояу — улы өсімдік. Тамыры мен жапырағынан бояу алынады. Тікенегі қой, ешкінің жүніне жабысып, жүннің сапасын төмендетеді [5].

Кәдімгі сарысояудың дәндерінде ксантостримарин табылған. Сонымен қатар оның құрамында 39 % май, 3,3% смола, 39% ксантострумарин бар. Жапырақтарында 31,8 мг % с витамині және алколоид бар.

Өсімдіктің барлық бөлігі йодқа байытылған, оның мөлшері 156,92, ал ақуыз мөлешері 13,83% құрайды.

Сарысояу туысының түрлерінің халық медицинада қолданылуы.

Әлемнің әртүрлі елдерінде дәрілік өсімдік шикізаты ретінде бүкіл өсімдік те, сондай-ақ оның жеке бөліктері де қолданылады. Сарысояудың дәрілік мақсатта қолданылуы жайлы негіздемені Павл Седирдің «Оккультная медицина» кітабында кездестіруге болады. IIX ғасырда атақты оккультист сарясояу шөбінен алынған шырынды саңырауқұлақты және лишай тері зақымдары бар ауыр науқастарды емдеу үшін ұсынды. Бұл өсімдіктін халық арасында "зобник" деген атауы бар, яғни аты айтып тұрғандай қалқанша безінің ауруларын емдеуде қолданылады [5].

Халық медицинасында сарысояу дәндерін ыстық оттағы түтіні арқылы астматикалық приступты емдеуде қолданады. Бұл процедураны туберкулезді, тамақ және жұтыну қатерлі ісігін емдеуде тағайындайды. Яғни ингаляция жасауда пайдасы көп [6].

Сонымен қатар,дәрілік шөптен жасалған қайнатпалар кеңінен таралған. Сарысояуды суда 10-15 мин қайнатып, бір сағат көлемінде тұндырып қойып, қайнатпаны асқазан-ішек жолдары ауруларында тағайындайды. Қайнатпа компресс жасауда, тері ауруларын шаюда сыртқа қолданылады. Сарысояудың тікенді түрінен дайындалған қайнатпаны 50-100 мл-ден қабылдайды. Ол ревматизм, геморрой, тері аурулары, бүйректегі тастарды емдеуде 14 күндік курс бойынша ұсынылады.

Сарысояу өсімдігінен сығып дайындалған балғын шырын медициналық мақсатта фурункулез ауруы кезінде, тері ауруларын емдеуде қан тазалау үшін тағайындайды. Дозалауды қатаң бақылаған жөн. Сонымен қатар бірдей қатынаста спиртпен өсімдікті тұндырып қойып, тұндырманы ішке қабылдауға ұсынады [5 , 6].

Сарысояу өсімдігінен алынған қайнатпаны су моншасында белгілі бір консистенция болғанша буландыру арқылы сығынды дайындайды. Сығындыны жақпамай дайындауда қоспа ретіндежиі қолданады. Медициналық жақпамайды сығындыны қолдану арқылы жақпамайлық негізбен 1:10 қатынаста араластырады. Сонымен қатар сарысояу жемістерін қолдану арқылы жақпамай дайындайды.

Сарысояу сығындысы негіз ретінде дайындалған Аденостоп препараты микробка қарсы және циститпен, зәр шығарудан және простата аденомымен күресуге қызмет етеді [13].

Орыс халық медицинасында сарысояудың жапырақтарымен жемісерінен тұндырма дайындап, тіс ауруларында қолданған. Ол үшін мақтаны тұндырмаға батырып тіске қояды [7].

Жемістерінен дайындалған қайнатпаның бактерицидтік қасиеттері бар, сондықтан диареяға, оның ішінде жұқпалы түрлерінде жиі тағайындалады. Сарысояу қайнатпасын созылмалы ринит және гайморит ауруларын емдеуде эффективтілігі зерттелген. Гайморитті емдеуде препараттың эффективтілігі 85 % құраған [8].

Халық медицинасында сарысояудың ұрығы мен тамырын қан аралас іш өтуге, диатезге, тіс ауруына қарсы қолданады. Қытай медицинасында жемісі мен жапырағынан алынған ұнтақтан дәрі май жасалып, онымен теміреткені, қышыма, қотырды емдейді [9].

Сарысояу онкологиялық (тері, асқазан, қалқанша без, өкпе жәнет т.б.)ауруларды емдеуде қолданылуы жайлы негіздеме бар [10].

Қытай медицинасында сарысояу мемлекеттік фармокопеяға енгізілген және суық тию ауруларын емдеуде қолданыс тапқан [10].

Тікенді сарысояудың химиялық құрамы бойынша мәліметтерді жинақтап қорытқанда өсімдік жеткілікті зерттелмегенін айтуға болады, өйткені оның әртүрлі мүшелерінде теңестірілген биологиялық белсенді заттардың сандық құрамы туралы мағлұматтар жоқ [11]. Олардың жинақталу динамикасы зерттелмеген, негізгі фармакологиялық әсер ететін заттар анықталмаған. Негізгі әрекет ететін заттарды сандық анықтау әдістемесі жасалынбаған, тікенді сарысояу шөбінің сапасын белгілейтін нормативтік құжаттама жоқ [12].

Сарысояу туысының түрлерін ғылыми және халық медицинасында қолдану бойынша мәліметтердің талдауы олар алуан түрлі фармакологиялық қасиеттерге (қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, бактерицидті, ыстық түсіретін және т.б.) ие екенін және бірқатар ауруларды емдеу үшін дәрілік зат ретінде қызығушылық танытатынын көрсетті. Осыған байланысты тікенді сарясояу шөбін ғылыми медицинада қолдану мүмкіндігін ғылыми түрде дәлелдеу өзекті болып отыр.[13,14,15,16].

Сонымен, тікенді сарысояу шөбінің фармакологиялық зерттеуі, шикізатты кешендік пайдалану мүмкіндігін анықтау сөзсіз қызығушылық танытады деген қорытынды жасауға болады.

 

Әдебиеттер

  1. Ж.Жатқанбаев « Өсімдік және адамзат» Қазақстан баспасы.Алматы 19772.
  2. С.А. Арыстанғалиев, Е.Р. Рамазанов «Қазақстане өсімдіктері» Қазақ ССР ғылыми академиясы. 108 с
  3. Государственный кадастр растений Южно-Казахстанской области. Научно – издательский центр «Ғылым» . Аралбаев Н.К., Кудабаева Г.М. 2002
  4. Смольянинова Л. А. Род 1507. Дурнишник — Xanthium // Флора СССР : в 30 т. / начато при рук. и под гл. ред. В. Л. Комарова. — М. ; Л. : Изд-во АН СССР, 1959. — Т. 25 / ред. тома Б. К. Шишкин. — С. 521—530. — 630 с. — 2500 экз.
  5. Губанов И. А. и др. 1444. Xanthium strumarium L. — Дурнишник обыкновенный // Иллюстрированный определитель растений Средней России. В 3 т. — М.: Т-во науч. изд. КМК, Ин-т технолог. иссл., 2004. — Т. 3. Покрытосеменные (двудольные: раздельнолепестные). — С. 508. — ISBN 5-87317-163-7.
  6. Флора СССР : в 30 т. / начато при рук. и под гл. ред. В. Л. Комарова. — М. ; Л. : Изд-во АН СССР, 1959. — Т. 25 / ред. тома Б. К. Шишкин. — С. 524—525. — 630 с. — 2500 экз.
  7. Xanthium // Ботанический словарь / сост. Н. И. Анненков. — СПб.: Тип. Имп. АН, 1878. — XXI + 645 с.
  8. Н. Мазнев «Энциклопедия народной медицины», Москва, «Мартин», 2004 - с. 167-168
  9. Турищев С.Н. Рациональная фитотерапия. – М.: Информпечать, 2000. – 240 с.
  10. Горбунова Т.А. Лечение растениями: рецептурный справочник. – М.: Аргументы и факты, 1994. – 304 с.
  11. Лекарственное растительное сырье. Фармакогнозия: Учебное пособие/ Под ред. Г.П. Яковлева, К.Ф. Блиновой. - Спб: СпецЛит, 2004, 765 с.
  12. Турова А.Д. Лекарственные растения СССР и их применение.–М.:Медицина,1974.– 424 с.
  13. «Все о лекарственных растениях», составители Мамонтова М.Ф., Мамонтов Н.Г., Таленко Е.Н, Хмельницкий, Подiляя, 1992– с. 93-94
  14. Турищев С.Н. Рациональная фитотерапия. – М.: Информпечать, 2000. – 240 с.
  15. Минина С.А. Химия и технология фитопрепаратов. – М.:ГЭОТАР.–МЕД, 2004. – 560 с.
  16. Георгиевский В.П. Биологически активные вещества лекарственных растений. – Новосибирск: Наука, 1990. – 333 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.